МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ – ОЙЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОЙЫНДАРЫМЕН ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. «Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз — бүкіл процесінің тоқсан проценті», — деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.

Баланың ақыл — ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу — бүгінгі күн талабы.

Қазіргі Қазақстан балабақшаларында білім бері беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл -тозбас киім,білім-сарқылмас бұлақ» деген халқтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы — ойын әрекеті, яғни, ойын — баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қаж

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *