Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруде дефектологтың ролі

Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны жеңіл деп айта алмаймын.

Бірақ, бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші. Бізге қандай ауыр болса, оларға бізден аса ауыр.Сондықтан, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек.

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивті білім беру — мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес,ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру бағдарламасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру жүйесін дамыта отырып, біз инклюзивтік қоғам, яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие.

Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:

●   Қоғамның көз –қарасын өзгерту

●   Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету

●   Толық білім алуды ұйымдастыру

●   Қоршаған ортаға бейімдеу

●   Дені сау балалармен тең ұстау

●   Өз-өзіне сенімін арттыру

Жүзеге асу жолдары:

●   Коррекционды сыныптар

● Техникалық құралдар мен жабдықтар

●  Педагогикалық- психологиялық консилиум

●  Дефектолог жұмысы

●  Логопед жұмысы

●  Педагогикалық-психологиялық коррекциялық кабинет

Инклюзивті білім беру пайдасын белгілететін фактілер, ол аталған бағытта білім беруде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері:

●  Сабақ үстінде берілген тапсырманы түсіндіртуге

●  Оқушылардың селқостығына

● Сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында  қаталдық  танытуға

●   Жаттығулармен, соның ішінде қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен жұмыс жасау және басқа да «отыратын жұмыстар» жасатуға

●   Бір мезгілде жаңа материалды үлкен мөлшерде түсіндіруге

●   Бағалауға байланысты стрессқа

●  Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты топқа бөлуге

●   Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға

●   Стандарттық тестілеуге жол бермеу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жалпы білім беретін мектептегі дефектологтың атқаратын ролі туралы айта кететін болсақ, дефектолог – мұғалімнің көмегі өте маңызды. Дефектолог – мұғалім пәндік материалдарды меңгерту үшін түзету- дамыту сабақтарын өткізеді,оқу материалын алдын – ала меңгеруді қадағалайды.

Дефектологтың мақсаты:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы көмек көрсету.

2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

3. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен байланыста болу.

Міндеті:

1. Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

1. Психофизиологиялық  мүмкіндігі дамиды.

2. Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады.

3. Әлеуметтік – адамгершілік  қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады.Өмірге құштарлығы артады.

Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс. Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс.Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес,ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құштарлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет. Ал, осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да мұғалім – дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс.Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс.Жалпы білім беретін мектептер, сол мектептің арнайы педагогтары оқытатан білімі мен тәрбие үрдісі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы керек.Оны оқуға,жазуға,есепке,еңбектенуге,мәдени тәртіп ережелерін үйреніп,әртүрлі әрекетке икемділігін қалыптастыру маңызды болып саналады. Әрбір педагог, ата-ана,жалпы адамдар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп,олардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасауы керек.Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар,түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып саналады.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Баланың ақыл — ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында компьютерлік сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы. Соған сәйкес түрлі компьютерлік ойындар бар.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *