«Мектептегі тәрбие беру процесіндегі сынып жетекшінің ролі» / іс-тәжірибе/

Ғизатова Эльмира Самиғоллақызы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім
қандай болса, мектеп сондай болмақшы.
А. Байтұрсынов

 

Білім беру қоғам дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық факторы болып саналады, ол кез- келген мемлекеттің саясатының басым аспектілерінежатады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «… жалпы білім беретін мектептерде білім берудің мақсаты – Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту», – деп  атап көрсетілген. Жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының субъектісі ретінде,
өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы ретінде, жаңа идеялар мен
бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше түрдегі әлеуметтік құндылық, «Мәңгілік Ел» монолитінің өкілі ретінде қабылдау қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі тікелей мұғалімге, сынып жетекшісіне
байланысты. Әйгілі психолог Дж. Маккензи мұғалімнің іс-әрекетінің
маңыздылығы туралы «Білім беру жүйесінің сапасы онда қызмет ететін мұғалімдердің сапасынан жоғары болуы тиіс» деген болатын.

Мектептегі тәрбие формаларын сынып жетекші ұйымдастырады. Сынып жетекшілік – ерекше ұйымдық форма, ол орта мектептегі әлеуметтік және психологиялық өзгерістерге қарамастан дәстүрлі түрде қалыптасты және дамыды. Сынып жетекшісінің қызметі әр баланың жеке дамуына қамқорлық және жеке қабілетін неғұрлым дамытуға әсер ету қажет болатын тәрбие үрдісінде туындайды. Сынып жетекшісінің кәсіптік мақсаты топтың тіршілік әрекетін әр түрлі топтың әрекетін ұйымдастыру, жалпы адамзаттық, әлеуметтік, жеке өмірін ұйымдастыру. Осы міндеттерді орындаған кезде сынып жетекшісі балаға әлеуметтік-психологиялық тәрбиелеу қалай әсер ететінін аңғарады. Ол баламен жеке түзету және педагогикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді.

Өкінішке орай, бүгінгі күні жасөспірімдер мен жастардың ортасында
ішімдік қолдану, нашақорлық, темекі шегу, суицид жағдайлары сияқты
фактілер кездеседі. Бұған тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз
етілуінің жеткіліксіздігі және тәрбие саласындағы педагогтердің кәсіби
деңгейінің төмендігі, сол сияқты ата-аналармен, жұртшылықпен байланыстыңәлсіздігі ықпал етеді.Жас ұрпақ тәрбиесінде басты рөл сынып жетекшісіне жүктелетін міндеттер артып отыр: ол – тұлғаның қалыптасуына, оның нәтижелі түрде әлеуметтенуіне қатынасатын тәлімгер, ол бүгінгі күн талаптарына жауап береді және болуы мүмкін тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді алдын ала көре біледі. Қазіргі күні мектеп сынып жетекшілерінің белсенді позициясын қалыптастыруды күшейту, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие процесін жетілдіру мен тиімділігін арттыру қажеттілігі туындапотыр.

Заманауи білім берудегі өзекті мәселе – сынып жетекшісінің жаңа моделін жасау болып отыр.

Қазақстандық білім беруді жаңғыртудағы бағдарламалық шаралар
әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілген және тұлға мен қоғамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық
моделін қалыптастырудағы білім беруді дамытудың стратегиялық
басымдықтарын анықтауға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған.

Бұл процестегі мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәлімгердің рөліне бағажетпейді. Білім беруді жаңғыртуды кәсіби, құзыретті педагогсыз шешу қиынжәне мүмкін де емес. Заманауи әлемде сынып жетекшісіне, тәрбиешіге өтеқатал талап қойылады, себебі қазақстандық білім беруді жаңғыртуда мұғалімбасты тұлға болып табылады. Мұғалім қызметіне жаңаша көзқарастағыбастыайырмашылық – оның кәсіби шеберлігіне көп көңіл бөлінуі. Сынып жетекшісінің, тәрбиешінің беделі оның зияткерлік және кәсібидеңгейімен,тұлғалық қасиеттерімен анықталады

Соңғы жылдары қазақстандық мектептерде міндеті оқушыларды
тәрбиелеу болып табылатын жаңа мамандар пайда бола бастады: педагог-
ұйымдастырушылар, қосымша білім беру педагогтары, әлеуметтік педагогтер,сынып тәрбиешілері. Бірақ, соған қарамастан мектепте тек сынып жетекшісіғана тұлғаның тәрбие процесін анықтайтын басты адам болған жәнебола береді. Ол оқушы, мұғалімдер мен ата-аналардың, кей кезде тіпті
балалардың арасындағы байланыстырушы буын болуы тиіс.Сынып жетекшісін ересек дос және дана тәлімгер ретінде санаған оқушылар ең алдымен, кейде тек сонан ғана ақыл-кеңес, көмек, қолдау күтеді. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің зерттеулері көрсеткендей-ақ, егер ол оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатын, бағытын дұрыс анықтаған кезде, өз сыныбының қызығушылығы мен мүмкіндігін жақсы білген жағдайда сынып толығынан  мектептің тәрбие жүйесімен кірігеді, шағын ауданның тәрбие кеңістігіне қосылады, отбасы сынып пен мектеп өміріне белсене араласады.

Сынып – мектептегі негізгі құрылымдық элемент болып саналады. Осы
ортада оқушылардың танымдық іс-әрекеті ұйымдастырылады, олардың
арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады. Мектептік өзін-өзі
басқару органдарының өкілеттік қызметтері көп жағдайда сынып атынан
жүзеге асырылады. Сыныптарда оқушылардың әлеуметтік саулығына
қамқорлық жасалады, олардың демалысын ұйымдастыру, ұжымдардың алғаштоптасу проблемалары шешіледі, сәйкес әсерлі (эмоционалдық) орта
қалыптасады. Әр сыныпқа мектеп бойынша бұйрық негізінде осы сыныпта
табысты жұмыс жасап жүрген мұғалімдердің бірі бекітіледі. Бұл – сынып жетекшісі.

Қазіргі кезде Сынып жетекшісі туралы ереже сынып
жетекшілігінде басшылыққа алатын құжат болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру бүгінгі таңда айтарлықтай
өзгеріске ұшырады:

— білім беру мазмұны жаңаруда;

— педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа тәртібі енгізілуде;

— мемлекеттік білім беру стандарттарының жаңа буындары жасалуда;

— қолданысқа оқытудың, тәрбие мен басқарудың жаңа әдістері, құралдары және технологиялары жаппай кіргізілуде;

— республикада білім беру сапасын бағалау жүйесі және т.б. құрылуда.
Алайда сынып жетекшісінің рөлі білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып болып қала береді.

Республиканың бірқатар мектептері және Назарбаев Зияткерлік
мектептері тәжірибесінің талдауы көрсеткендей-ақ сынып жетекшісі қызметінің бағыттары:

— білімалушылармен;

— ата-аналарменжәнежұртшылықпен;

— сыныпжетекшісініңпәнмұғалімдерімен өзара әрекет;

— сыныпжетекшісініңәдістемелікбірлестік шеңберінде;

— құжаттамалардыресімдеубойыншажұмысорындауболыптабылады.
Сыныпжетекшісініңбілімалушыларменжұмысыеңәуелісыныпқажәне
жекелегеноқушыларғажасағанталдаужұмысынанбасталады. Сынып
жетекшісінеоқушыларменжұмыстыңмақсаткерлікжәнеәрекеттікжоспарын
құрастырғанжеңіл, өйткеніолоқушылардыңқызығушылықтарын,
ерекшіліктері мен бейімділіктерінжәнетәрбиелікдеңгейінбіледі. Сынып
жетекшілері тек қиыноқушылармен, тәртіпбұзушыларменғанажекежұмыс
жүргізуітиісдегенқатепікірлер бар деректеркездесіпқалады. Оларөздеріне
ерекшекөңілбөлудіқажетететінбасқаоқушылардың бар екенінұмытып
кетеді, кейдепроблемалар мен терісқылықтар сырт көзге байқалмауы мүмкін. Сыныпты және ондағы әрбір оқушыны жеке зерттеген соң сынып жетекшісіөзінің тікелей қызметін – балалармен жүргізілетін жұмыс формасын таңдаудыжүзеге асырады.

Заманауи мектеп сынып жетекшісінің моделін төмендегіше көрсетуге болады:

Сынып жетекшісінің жалпы сипаттамалары:
1. Сынып жетекшісінің зиялылығы – оның тәрбиелілігінің өлшемі
болып табылады.

  1. Ол – арсыздық пен надандыққа қарама-қайшы ұғым.
  2. Тәрбиеші – қатал, бірақ мейірімді болуы тиіс.
  3. Егер өзін сыйласын десе, тәрбиеші ең алдымен өзгелердің адами
    қасиетін сыйлауы қажет.
  4. Өзіне көңіл аударуды талап етпес бұрын тәрбиеші өзін
    қоршағандарға ықылас көрсетуі, балалардың қызығушылықтарын, мүдделері
    мен қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінде болуы тиіс қасиеттер:
1. Ішкі адамгершілік еркіндігі.

  1. Ой тәуелсіздігі.
  2. Ойлау бейнесі мен мінез-құлық таңдау еркіндігі.
  3. Өз қылығы үшін толық жауапкершілік түсінігі.

 

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

  1. Өз кәсіби іс-әрекетін, қызықты әрі шабыттандыратын сыныптан тыс
    өмірді, әр тәрбиеленушінің тұлғалық бейнесін жоспарлауды.
  2. Өз қызметінің нәтижесін талдауды және болжауды.
    Әр тәрбиеленушінің тұлғалық қалыптасуында көмек көрсетуді.
    4. Тәрбиеленушілерді өзінің сабақтан тыс іс-әрекетін талдауға
    үйретуді.
    5. Ата-аналармен, сыныбындағы пән мұғалімдерімен,
    қауымдастықпен әлеуметтік байланыс орнатуды.

    Балалармен қарым-қатынаста сынып жетекшісінде болуы тиіс
    негізгі қасиеттер:
    – жоғары адамгершілік және қайырымдылық;
    – ықылас;
    – қамқорлық,
    – түсінушілік;
    – елгезектік;
    – коммуникативтілік;
    – тілектестік;
    – жауапкершілік;
    – ашықтық;
    – ізгілік;
    – адалдық;
    – мысқыл сезім;
    – байыптылық, ұстамдылық;
    – әділдік;
    – мақсаттылық.
    Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынаста қажет басты
    қасиеттері:
    – шыншылдық және әділеттілік;
    – шыдамдылық;
    – байсалдылық;
    – әдептілік;
    – сыпайылық;
    – мәдениеттің жоғары деңгейі.
    Сынып жетекшісі жұмысының басты принциптері:
    – ізгілік;
    – кәсіби құзыреттілік;
    – әділдік;
    – тұлғаға құрметпен қарау;
    – жауапкершілік және т.б.
    Сынып жетекшісі болу, ол:
    – өзіне үлкен жауапкершілік алуды;
    – тыңдай және түсіне білуді;
    – сыныптағы әр тәрбиеленушінің психикалық, дене бітімі және
    адамгершілік жай-күйіне қамқор болуды;
    – көмек көрсетуді (оқуда, сыныппен және қоршаған социуммен, ата-
    аналармен қарым-қатынаста, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамытуда);
    – жетекшілік жасау және тәртіпті қадағалауды;
    – үнемі әділдік жағында болуды білдіреді.
    Сынып жетекшісі құқылы:
    1. Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымдары: педкеңес, мектеп кеңесі,
    кәсіподақ және мектептегі басқа органдар жұмыстарына қатысуға.
    2. Мектеп қызметін жетілдіру бойынша бастама көтеруге, ұсыныстар
    енгізуге.
    3. Өзінің тәрбие жүйелері мен бағдарламаларын құруға, «кесіріңді
    тигізбе» адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, тәрбиенің жаңаәдістерін, формалары мен тәсілдерін шығармашылықпен қолдануға.
    4. Мектептің өзін-өзі басқару органдарында өз ары мен абыройын
    қорғауға.
    5. Еңбектің түрлі көлемі мен нәтижесі үшін материалдық қосымша ақы
    және ынталандыру жүйесін анықтайтын құжаттарды дайындауға қатысуға.
    Сынып жетекшісінің құқысы жоқ:
    1. Тәрбиеленушінің жеке басының абыройын кемітуге, оны іс-
    әрекетімен немесе сөзбен қорлауға.
    2. Бағаны (мектептік балл) оқушыны жазалау мақсатында қолдануға.
    3. Баланың сенімін аяққа басуға, тәрбиеленушіге берген уәдені бұзуға.
    4. Баланы жазалау үшін оның отбасын (ата-анасын немесе
    туысқандарын) пайдалануға.
    5. Өзәріптестерітуралы «сыртынан» жамандауға, олардыңнамысына
    тиюге;

Заманауи жағдайдағы сынып жетекшісінің тиімді қызметінің моделін
сипаттай келе, модельде берілген модельдік түсініктер білімді, адамгершілікті,жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, Стратегия-2050 басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталғанын көруге болады.

Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы –сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты оқушылардың дүниетанымын, мәдениетін, іс-әрекетін қалыптастырады. Сынып сағаты ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық қызмет атқарады.

                               Қорытынды

Білім берудегі басты міндет – өзінің кәсіби
қызметінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қолдануға қабілетті жоғары
білікті мамандарды, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпқорларды
даярлау. Сынып жетекшісінің дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеті –тұлға тәрбиесінде жоғары нәтижеге қол жеткізудің негізі. Заманауи сынып
жетекшісі тәрбиенің 3 қызметін атқарады: сыныпта түрлі іс-әрекетті
ұйымдастырады, әр баланың дамуына қамқорлық жасайды, балаларға
проблемаларды шешуіне көмектеседі. Сынып жетекшісі балалармен бірге
олардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, тілектерін ескере отыра, сыныптың тәрбие жүйесін жобалайды, ата-аналармен өзара қарым-қатынас орнатады, ортаның этномәдени жағдайларын ескереді. Өз ісін шебер меңгерген нағыз сынып жетекшісі – ол өз тәрбиеленушісінің әрқайсысының бойынан қайталанбас, дара тұлғаны көре білетін; тұлғалық-бағдарлы тәсілге сүйене отыра педагогикалық диагностика негізінде әр оқушыны терең зерттейтін, олармен байланысын үйлестіретін, балалар ұжымының қалыптасуына ықпал ететін ақылды тәрбиеші.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

«Заманауи мектеп сынып жетекшісінің моделі»
/Әдістемелік құрал/

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *