Мектептегі оқиға

 

Тақ: Мектептегі оқиға

 

Мектеп/МДҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

саны:

ҰОҚ оқытылу

мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу

Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

Тілдік мақсат

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды

дұрыс дыбыстайды.

 

Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.

 

Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын

болжайды.

 

Тәрбиеленушілер:

Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады.

Көптілділік: мектеп – школа – school

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Мектеп, өлең шумақтары

Пікір алмасу сұрақтары:

Мектепте оқитын аға, әпкелерің бар ма?

Бақыт мектептің ішінде не көрді?

Сыныпта қандай оқиға болды?

Өткен сабақтардан

алған білім

Отан, туған жер туралы білімдері болады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0-2 мин

Жоспарланған іс-әрекет

Ұ) балаларды ортаға шақырып, шаттық

шеңберін Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық»өлең шумақтары арқылы жасау.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Ресурстар

Музыкалық сүйемелдеу.

ІІ . Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин

Сендердің мектепте оқитын аға, әпкелерің бар ма?

— Ендеше сендер сияқты Бақыт атты баланың басынан кешкен оқиғасын айтып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар.

 

ҰОҚ-ның ортасы

ІІІ . Тақырып

бойынша жұмыс

6–28 мин

Мектептегі оқиға

Бүгінгі күн күндегідей басталды. Жанар мектеп

формасын киіп, мектепке жиналды. Бақыт Жанардың бес жасар інісі. Жанардың соңынан қалар емес.

— Әпкетай, мен де мектепке барайыншы.

— Болмайды.

— Менің де мектепке барғым келеді.

— Жоқ, болмайды.

— Сөмкеңді көтерсем?

— Жоқ дедім ғой, болмайды.

Бақыт Жанар есіктен шыға бере айғайға басып жылай бастады.

— Мен де барам!

Осы кезде әжесі қастарына келіп:

— Жанаржан, бұл бала енді түске дейін жылайды.

Мүмкін ертерек барып сыныбыңды, мектебіңді

көрсетіп таныстырарсың, бір көріп қайтсын, — деп

өтінді.Жанар үлкендерді сыйлайтын, әжесінің көңілін қимады.

— Жарайды, тек тезірек, мұғалімім келгенше үлгерейік.Бақыттың қуанышында шек жоқ, Жанардың соңынан жылдам басын еріп келеді. Міне, асыға күткен мектепке де кірді.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, Бақыт

мектептің ішінде не көрді?

Сыныпта қандай оқиға болды? Балалар

жалғастырады.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра. Мектепте не істейсіндер?

Сергіту жаттығуы:

Дәптерге жаздық,

Суретті салдық.

Кітапты оқыдық,

Сөмкеге салдық.

Осылай күнде біз

Оқу, білім алдық.

-балаларға әңгімедегі Жанар мен інісі

Бақыттың және әжесінің сөздерін диалог арқылы

рөлге бөліп ойнауды ұсыну.

Көптілділік: мектеп – школа – school

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Суреттерді салыстыр, екінші сынып

бөлмесінде не жетіспейді? Олар не үшін қажет? Өз

сөзіңмен әңгімелеп бер.

3-тапсырма.

Мақалдардың мағынасын түсін.

Ақыл озбайды, білім тозбайды.

Оқы да біл, ойна да күл.

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Мақалдың мағынасын бірлесіп талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексиялық

түзету.

28–30 мин

Балаларды марапаттау.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысынды бағала.

Балалардан қарындаштың суретін бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім — қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –

жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *