МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Асанова Жамиткуль Бердалиевна

Тәрбиеші

«Ертөстік» балабақшасы                                                                               Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы,                       Бәйдібек ата к., №18

 

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен келешек ұрпаққа оқу – білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың келешегі, сөз жоқ тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың бойындағы жақсы қасиеттермен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып бой түзеуіне мекетпке дейінгі білім беруде инновациялық педагогикалық технологияларды енгізудің мүмкіндігі мен  маңызы зор.

Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын,  тәрбиеші мен тәрбиеленушінің  бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру — басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар:

  • білім беруді ізгілендіру
  • ойын арқылы оқыту
  • проблемалық оқыту
  • модульдік оқыту
  • тірек сигналдары арқылы оқыту
  • дамыта оқыту
  • оқытудың компьютерлік технологиясы
  • бағдарламалап оқыту
  • ынтымақтастық педагогикасы
  • ізденіс-шығармашылық технологиясы
  • деңгейлеп оқыту т.б.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Мен өз тәжірибемде ойын технологиясын, дамыта оқыту технологиясы, ізденіс-шығармашылық технологиясыжәне АКТ-ды кеңінен қолданамын.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл- ой тәрбиесі деген болмайды» В.А.Сухомлинский.

Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің (кругозор) кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелік:  еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді,  қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту. Әлеуметтік: қоғам құндылықтары мен нормаларына үйрету, қоршаған орта жағдайларына бейімдеу, қарым-қатынасқа үйрету.

Ойын педагогқа балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсендіруде үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Педагог ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сана-сезіміне, сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін педагог алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
-Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
-Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
-Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
-Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
-Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
-Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды.

Ойында қоғамдық мінез-құлық  ережелерін орындай отырып «не болатынына» назар аударады. Сондықтан олар ненің болатындығы, ненің болмайтындығы жөнінде пікір таластырып: «Аналар бұлай істемейді», «Дәрігер ауруларды осылай қарай ма?»-және т.б. дейді

Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.

Ойында бірлескен іс–әрекеттіұйымдастыру:

  • Ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызады.
  • Айналасындағыларға қатыстыміндеттерді сезінеді.
  • Ойын арқылы өзелерге де қатысты құқықтарға ие болады.
  • Ойындарда көрсетілген шындық ойынның мазмұны болады.
  • Кішкентайлардың үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсетуі ойынның мазмұны болады.
  • Бірлескен ойында балалар қарым-қатынасжасауды, басқалар іс-әрекетіменүйлестіруді, өзара түсінісуді, өзара көмектесуді үйренеді.
  • Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді.
  • Ойын тілдің дамуын ықпал етеді.
  • Ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады.
  • Ойын іс-әрекеті негізінде оқу іс-әрекетіде қалыптаса бастайды.
  • Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының

ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады.

Дамыта оқыту технологиясы — баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Өз тәжірибемде  дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар  колдандым. Атап айтсам, «Әріптерді сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау немесе сол әріптен басталатын сөздерді атау тапсырылады. «Адасқан заттар» дидактикалық ойынында балалар орны ауысқан заттардан топ  құрайды. «Не артық?» ойыны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады, «Сәйкестендір», « Өз орнын табуға көмектес» сияқты ойындары.

Математикалық білім беруде  логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қатар басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты — баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға  сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.

Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:

  • Зейінің дамытуда
  • Есте сақтау қабілетін дамытуда
  • Ойлау қабілетін дамытуда
  • Тілің дамытуда
  • Жеке тұлғасың дамытуда
  • Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда

Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік суаттылық емес, соңымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың оңай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін  меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік  болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және  оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті  болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі.

Интерактивті тақтаны пайдалану оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше

технологиялардың  пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.   Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.

Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту.Бұл бағытты Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады. Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған.
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.

2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату.

  1. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті іс-әрекет кезінде естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян)
    -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)
    Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
    -Сурет салу
    -Мүсіндеу
    -Жапсырма
    -Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.

Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.

Осылайша, жаңа технологиялларды қолдану — тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды  тұлғаны өсіруге жетелейді.

Білім — ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Сондықтан әрбір тәрбиеші — өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, балалардың білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында іс- әрекеттің құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *