Мектепалды даярлық сынып балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың педагогикалық шарттары

Куанышева Гульмира Хисметуллиевна

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр»- деген еді.

Сондықтан да бүгінгі мектептіңбілім беру жүйесіне оның сапалы мазмұнын жаңғырту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Оның бірден-бір көрінісі мектепалды даярлық сынып балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүгізілуінен көрінеді.

Мектепалды даярлық сынып балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардыңмоделі мен мазмұнын баяндамас бұрын негізгі ұғымдарға тоқталамыз:

Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын айқындауда мынадай қағидалар негізге алынады:

  • балалардың мектепке дайындық ісін ұйымдастыруда тағлиматтық (дидактикалық) жетекші қағидалар басшылыққа алынады; олардың қолданылуы мектепалды даярлық сынып  балаларының психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге тиіс; білім, икемділік және дағды мақсаттық нысана ретінде ғана емес, жеке адамның толымды дамуының амалы ретінде қарастырылады;
  • тәрбиелеу мен оқытуда жас шамасымен даралық ерекшеліктерді ұштастыра қарау қағидасы. Бұл қағида балалардың қалыпты сезімталдық  күйлері мен толымды психикалық  дамуларын қамтамасыз етеді;
  • мектепке дайындықтың мақсатының бірі баланың тән саулығы мен психикалық саулығына, сезімталдық көңіл-күй дұрыстығына қамқорлық;
  • балалардың дербес әрекеттерін нәтижелі ұйымдастыру қағидасы;
  • баланың даралық және бірлескен іс-әрекетін тиімді үйлестіру қағидасы, «баланың жақын арадағы даму аймағына» сүйене отырып балаға жекелей әсер ету мүмкіндігін жүзеге асыру;
  • баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін және оқытудың дамытқыш сипатын қамтамасыз ету мақсатында соған лайықты жүктеме ойластыру қағидасы;
  • баланың мектепке дайындығы үлкендер мен бүлдіршіндердің өзара бейімделген түсіністік қағидасы бойынша жүру керек;
  • мектепке дейінгі білімнің мазмұны Қазақстанның қоғамдық дәстүрлерімен үйлеседі және жалпы адамзаттық өркениеттілікке бағытталады; отбасы мен мектепалды дайындық арасында сенімділік, іскерлік байланыс орнату, ұстаздар мен ата-аналардың ынтымақтастығы; бұл қағида балаларды оқыту мен тәрбиелеудің сабақтастығын, баланың мектепке лайықты дайындығын қамтамасыз етеді;
  • балалардың мектепке дайындығы оқу-тәрбие ісін, мектепке барар жастағы балаларға тән әрекеттерді (ойын, қол өнерге машықтану, бейнелеу өнері, саз өнері, театрландырылған көріністер т.б.) серпінділікпен ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
  • баланың бейімділігін, қабілеттілігін, қызығушылығын ескере отырып, оқыту ісін саралау қағидасы;
  • ҚР жалпы білім беретін мектебінің оқу бағдарламалары мен мектепке дайындық бағдарламасының сабақтастық қағидасы.

Осы аталған қағидалар мен түсіндірмелерді ескере отырып, мектепалды даярлық топ балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың моделін даярладық.

Мектепалды даярлыққа қойылатын талаптар:    

— мектепалды даярлықтың ерекшелігі сол, бұл кезеңде баланың адамгершілік қасиеттерінің, білімдік дағдылары мен икемділіктерінің негізі қалыптастырылуы қажет.

— мектепалды даярлауда қойылатын аса маңызды талап балалардың білімдерін жинақтау мен жүйелеу, олардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру.

— мектепалды  даярлық  барысында балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекеттерін ықтиярлы басқаратын қабілеті мен мақсатты ақыл-ой еңбегінің дағдысын қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді.

Балаға педагогикалық үрдіс арқылы қазақстандық рухани құндылықтарға сай адамгершілік, мәдениет негіздері дариды. Ол жалпы қазақстандық рухани құндылықтарға сай тұғыр – тірек табады. Бұл – баланың табиғатты, адам қолымен жасалған нәрселерді, қоғамдық өмір құбылыстарын, өз өмірі мен әрекеттерінің құбылыстарын, өз жан дүниесін бағалай алуға баулиды.

— мектепалды  даярлық  баланың бейімділігінен туындайтын кең де, оңтайлы мүмкіндіктерін жан-жақты тәрбиелеуге және дамытуға пайдалануды талап етеді, балалар оқу және тәжірибе мәселелерін шешуде өзіндік білімін пайдалана алатындай болуға тиіс, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілген болу керек, психикалық үрдістер ырықты күйде болу керек, оқу әрекетінің жеке бөліктерін меңгерген болуға тиіс.

— мектепалды  даярлық баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына қажетті арнайы білімінің, икемділіктерінің қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіс.

Мектепалды даярлықтың міндеттері:

  • балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, оларды дене дамуы мен ақыл-ой жұмысына қабілеттері жағынан жетілдіру.

— әрбір баланың шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

— баланың адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық,  этносаралық қатынастар мәдениетінің негіздеріне ден қойғызу.

— баланың этностық-мәдени сәйкестілігін қалаптастыру амалы ретінде оны ұлттық мәдениет бастауларынан нәрлендіру.

Теорияда балаларды мектептегі жағдайлары мен оқуға бейімдеу мәселелері, әр түрлі аймақ әрекетіне   байланысты   қаралған,   сонымен ерекшелік топтарындағы тәрбие мен оқыту бағдарламасында белгіленгеннормалар мен сұраныстарға сәйкес, мектепке бейімделу барысында мектептегі жағдайға жетілуімен және мектептегі оқуға бейімделуінің жеке анализінің психологиялық әдістерін қолданудың теориялық негіздерін жасауға бағытталған. Алынған психологиялық хабар педагогикалық үрдістің оптимизациясы үшін қолданылуы мүмкін. Осылайша мектепке баратын балалар қоғамында теориялық диагностиканың қолданылуы халықтық білім жүйесінің ажырамас құрамды бөлігі болып табылады және оқуға бейімдеу мен мектепке жетілдіру мақсатына қызмет етеді, Теориялық диагностика негізінде мектепке баратын балалардың мектептегі оқуға даярлығын қалыптастыру,  диагностикалық әдістерді қолдану, әрине арнайы психологиялық білімдіқажет етеді, дегенмен мектептегі жағдайларға байланысты педагогтар да қолдануға болады.

Оның қолданылуын қажет ететін негізгі мынандай мәселелерді атап көрсетуге болады.

І. Психологиялық-педагогикалық процестегі диагностика негізінде мектепке даярлықты қалыптастыру. Тәрбиешілер мен мұғалімдер үнемі оқу процесін бағалап, орындап және жоспарлап отыруы тиіс. Ол бүтіндей топты немесе жеке баланы мектептегі оқуға бейімдеуде, оқытудың алғы шартын өткізу барысы және нәтижелері жайында ақпараттарды қажет етуі тиіс. Оқытудың жеке алғы шарттарын және өткізу барысын білмей, педагогикалық процесті дифференциялды ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл сұраныс балаларды мектептегі жағдайларға жетілдіріп, оқуға бейімдігін жоғарылататын шешуі шарт.

Мектептегі оқуға балаларды бейімдеуде, оқытудың алғы шарттары мен дамуының жеке ерекшеліктерінің диагностикасы. (балаларды бағалау). Мұғалімдер өз уақтында өздері балалардың даму деңгейін үнемі бағалап отыруы қажет. Мысалы, белгілі бір мезгілде ол балалардың вербальды бағасын беріп отыруы керек. Сонымен бірге, бала дамуының әр түрлі сатыларында психологиялық диагностиканы қажет ететін балаларға, мысалы, мектепке қабылдану  жайлы немесе мектеп  жағдайы  мәселелерін  шешуі  жайлы кемегі қажет.

Психодиагностикалық әдістердің қарастырылуы мен қолданылуы дарынды балаларға арналған арнайы мектептерге қабылдануда өте қажет. Алайда, психодиагностика кең түрде көмек бере алады, өйткені ол баланың психикалық ерекшеліктері жайлы қажет мәліметтерді бере алады.Бірақ дәл шешімнің өзін анықтай алмайды.

Дамудағы артта қалудың түрлі формаларының диагностикасы және оларды түзету жұмыстары. Дамуда артта калудың екі негізгі түрі ерекшеленеді: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстары мен байланыстары және клиникалық психологиялық немесе медициналық диагностиканы, терапеяны қажет ететін, негізінде дені сау балалардың дамуындағы жағымсыз сыртқы немесе ішкі міндеттермен байланысты уақытша артта қалуы және жағымсыз мінез-құлықтары. Теориялық диагностика негізінде бұл жерде екі міндетті шешу қажет: ерекше педагогикалық шараларды қажет ететін жағымсыз мінез-құлықтарды түзету жұмыстарын қолдану арқылы қалыпқа келуге көмектесу және күшейту тенденциясы байқалған (профилактикалық шараға қарамастан) балаға қатысты шешімге келу мақсатында диагносикалау мен артта қалу профилактикасы мақсатында дамудың жағымсыз ішкі және сыртқы жағдайларды өз уақытында анықтай білу.

Білімділік – кеңістік ортасын қалыптастыруда маңызды рөлді педагогикалық іс-әрекетке қатысушылардың өзара әрекеті алады, өйткені педагогтардың қажеттіліктерін, қабілеттерін және мүмкіндіктерін, ата-аналардың сұраныстарына ортаның ерекшелігі, ұйымдастыру деңгейі, білім беру бағдарламасының мазмұнын оны меңгеру жетістігіне тәуелді .

Әдістемелік жұмыстарды дұрыс жобалау келесі қағидаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

Дамыту қағидасы: мектепалды даярлықтың тұлғаның дамуына нақты бағдарлануын көрсетеді. Дамыту дегеніміз күшейту, рухани, ақылдық, мәдени жетілуге көмектесу.

Диалогтық қарым-қатынас қағидасы: диалогты білім беру үрдісі субьектілерінің қарым-қатынасының бөлінбейтін шарты ретінде қарастыру.

Сенімді қарым-қатынас қағидасы: білім беру үрдісіне қатысатын субьектілердің ашықтығын, өзара шарттастығын, белсенділігін білдіреді. Бұл контексте «бала-ата-ана», «ата-ана-бала», «педагог-ата-ана», дара еңбек етуі айтылады.

Педагог пен баланың арасындағы өзара әсер қағидасы: Білім беру әрекетіндегі тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара шарттастығын ашады. Бұл қағида білім беру іс-әрекетінің мақсаттылығын білдіреді, педагогикалық іс-әрекетте бұл жағдаятты ескеру және оны осылай етіп құру жақсы адами сапаларды дамытуға, бір-біріне деген рухани тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Білім беру қағидасы: баланы мектепке дамыту деңгейінде тек қана бір нәрсеге үйрету ғана емес, сонымен қатар, білімге деген махаббатын ояту маңызды. Балалар нақты тәжірибелік іс-әрекетін реттейтін біліктерді меңгеруі қажет.

Денсаулық сақтау қағидасы: білім беру үрдісіндегі дене шынықтыру баланың психологиялық дамуы жөнінде жалпылама және тұтас көзқарас береді.

Ұсынылған қағидалардың көп болуы оның мазмұны мен қызметін қайта ойластыруға, жаңа прогрессивті технологияны және иілгіш ұйымдастырушы форманы енгізуге мүмкіндік береді. Қағидаларды жүзеге асыру дене шынықтырудың білім беруші кеңестіктік әрекетін, қарым-қатынастық басты құндылығы ретінде дамушы бала тұлғасына бағдарлауды білдіреді.

Балалардың мектепалды даярлық деңгейін анықтау жұмысын Ермекбаева Л.Х., Нығметова Қ.Н. бала бақшаның даярлық тобында немесе мектепке жазар кезде, бірақ әйтеуір, қыркүйектің 1-іне дейін жүргізуді ұсынады. Мұның мәнісі: бірлі-жарым балалар мектепте оқуға даяр болмай қалған күнде, оларды оқуға қабылдамай, куаныштарын басудың ретсіздігі.Мектептік кемелге жетпеген балаларды, Ермекбаева Л.Х., Нығметова Қ.Н асықтырудың қажетсіздігін айта отырып, диагностика нәтижесіне байланысты, мына шараларды қолдануды ұсынады:

  • баланы мектепалды даярлық сынып жазу, яғни мектепке қабылдау;
  • оқу мерзімін бір жылға шегере тұру;
  • баланы арнайы топқа (мектепалды дайындық) немесе мектеп тобына ауыстыру.
  • дәрігерге жолдама беру;
  • тексеру барысында алынған нәтижелер бойынша (әлі даму деңгейі
    жеткіліксіз бағыттарды) жеке жұмыстар жүргізу.

Ғалым еңбегімен таныса отырып, оны теориялық тұрғыда талдау барысында:

  • даярлау мәселесін анықтауды тек психология
    ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастырады. Бұл әрекетпен
    шұғылданар басқа да ғылым салалары (мәселен, педагогика) бар
    екендігі ескерілмейді;
  • мектепке психологиялық даярлықты анықтау бағыттары (үш
    бағыты) мен «жеке жақтардың» өзара тығыз байланысып, бірінен
    бірінің туындап жатуы; кейде тіпті қайталап жатуы да. Мысалы:

а)«жеке жақтардағы» жалпы дене дамуы мен бірінші бағыттағы
баланың жалпы дамуының белгілі бір деңгейге жетуі. Екеуінің де
түпкі   мәні   қалыпты  даму  жағдайындағы   мектепалды даярлық топ   балаларыныңантропометриялық көрсеткіштері;

ә) «жеке жақтардағы» көңіл-күйлік – еріктікдаярлығы мен екінші бағыттағы атқарылуы тиіс ішкі әрекеттерді ырқына бағындыра алуының мазмұны бірдей екендігі анықталған.

Әдістемелік жұмыстарды мектепалды даярлық сынып балаларына тиімді қолдану барысында балаларға дербестік беріледі, ата-аналармен тығыз байланыс орнатылады; әр баламен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *