Мейірімді жүрек

Аубакирова Кымбат Ергалиевна

Мақсаты: балалардың білім беру салалары бойынша жыл бойы алған білім дағдыларын тиянақтап, қорытындылау. Алған білімдерін іс-әрекет барысында көрсете білуі.

Білімділік:1ден  5 ке дейін санай білу, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру. Балалардың жыл бойы үйренгендерін қорыту.

Дамытушылық: Балалардың санасында мейрімділік, қайырымдылық  сезімдері ұғымын қалыптастыру.

Тәрбиелік:баланың мейірімділік сөздер айту қабілетін арттыру,  Балаларды адамгершілікке достыққа, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, әңгімелеу, таңғажайып сәт.

Керекті құралдар:жүрек, жүрекшелер, желім, қағаз құралдары  пайдаланып,көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап әдістері қолданылады.

Қостілдік: Мейрімділік-доброта, жүрек-сердце, балапан-цыпленок, ешкі-коза.

Алдын-ала  жұмыс: Балаларға әдептілік,қайырымдылық  туралы  әңгімелеп, мағынасын түсіндіру.

Пайдаланған дидактикалық ойындар:

«Не артық?» (артық затты табу)«1-5 ке дейін дұрыс және кері сана»(санай білу); «Жемістер мен көкөністерді жина»  (Жемістер мен көкөністерді ажырата білу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбер

Армысыз қайырымды аспан ата!

Армысыз мейірімді жер ана!

Армысыз шұғылалы алтын күн!

Қайырлы  таң, қайырлы  күн!

Тәрбиеші:  — Балалар, жыл  бойына  балабақшада  түрлі  оқу іс-әрекеттерін өттік.Олар қандай  оқу іс-әрекеттері?

Біз не  үйрендік?

Балалар:  — Математика оқу іс-әрекеттерінде1-ден5-ке  дейін  санап  үйрендік,

түрлі пішіндермен таныстық.

Тәрбиеші:Өте жақсыбалалар.

Тәрбиеші:Балалар, бүгін біз мейірімділік әлеміне барсақ қалай қарайсыңдар? Міне қараңдар, қандай ғажайып әлем. Мына жер көңілді екен. Исі қандай тамаша! Сірә бұл мейірімділік әлемі болар. Балалар, мына жерде тапсырмалары бар жүрекшелер бар екен. Жүрекшелер сендердің жыл бойы алған білімдерінді білгісі келеді екен.

І-тапсырма.  Дид ойын. «Не артық?»

ІІ-тапсырма «1-5 ке дейін дұрыс және кері сана»

ІІІ-тапсырма «Жемістер мен көкөністерді жина»

Жарайсыңдар балалар, сендер барлық тапсырманы орындадыңдар.

Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар:

-Қайырымдылық жасау

-Ата-анасына  көмектесу

-Үлкендерді  сыйлау.

-Кішкентайларға көмектесу

Балапанның шиқылдаған дауысы естіледі.

Балапан кіреді.

Тәрбиеші: -Өте дұрыс. Енді  мен сендерге      «мейрімділік деген не?»  екенін  түсіну үшін  «Мазасыз балапан»- деген  әңгімені  айтып  беремін

-Кәне, бәріміз  отырып, мұқият  тыңдалық.

Әңгіме: Бір мазасыз  балапан  өмір  сүріпті.Бір күні ол анасынан «Мейрімділік деген не?» – деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың,өскеннен кейін түсінесің –дейді анасы. Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейрімділіктің не екенін тезірек  білгісі келіп, жолға шығады.Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан  жоғалып кеткен лағын тауып  беруге көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»- деді балапан.Мен мейрімділіктің не екенін білуім керек- дейді де ары қарай жүріп кетеді.Алдынан бір қыз кездеседі. Ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен.«Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесші»– дейді. «Менде уақыт жоқ. Мен мейрімділік  не екенін  білуім  керек» – деді балапан. «Мен білемін.Маған күнде анам қайырымды іс туралы әңгіме айтып  береді»–дейді қыз.

-«Маған да айтшы» – дейді балапан.

-«Бірінші сен  шарды алып бер»- деді қыз.

Балапан ұшып барып шарды алып береді.

«Мінеки сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы» – деді қыз.«Қандай оп-оңай» – деп таң қалды балапан.

Тәрбиеші: -Міне осылайша  мазасыз балапан мейірімділік не екенін  түсінген екен. Әңгіме сендерге ұнады ма?(Балалардың жауабы)

-Алдымен балапанға кім кездесті?

-Одан кейін кім кездесті?

-Балапан  мейірімділікті қалай түсінді?- деген сұрақ қойып, балалардың не түсінгенін пысықтайды.

 

Сергіту сәті:

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым.

Бар жұмысты атқарар

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы атқарады

Мынау менің жүрегім,

Мейірімділік сезімін

Жүрек арқылы таралады.

 

Таңғажайып  сәт: Біреудің жылаған дауысы  естіледі.

Тәрбиеші:Балалар, тыңдаңдаршы  біреу жылай ма, естіп  отырсыңдар  ма?

Топқа жылап жүрек кіреді

Тәрбиеші:Келе ғой,жүрек саған не  болды?

Жүрек:

– Мені қатыгез досым тастап кетті. Мен жалғызбын, не істерімді білмеймін.

Тәрбиеші:Балалар, жүрегіміз көңілсіз, жұбатайықшы жүректі.

Балалар жақындап келіп жұбаныш сөздерін айтады

Балалар: – Жүрек, сен  жыламашы.

– Жүрек, сен  жалғыз  емессің.

– Жүрек, біз сенімен дос боламыз.

– Жүрек, мен сені жақсы көремін.

Жүрек: ой, қанадай мейірімді балалар! Мен қандай әлемге тап болдым?

Тәрбиеші:Бұл мейірімділік әлемі. Міне көрдің  бе, кішкене  жүрек, сен мейірімді  достарға  тап  болдың, енді мұңайма.

Тәрбиеші:Жүрек жоғары шығыңыз, біздің балалар сізге өздерінің мейірімге толы жүрекшелерін сыйлайды, сіз сол мейірімділік жүрекшелерді бар әлемге мейіріміділік сезімін тартыңыз.

Жүрек: Ой, шынымен бе мен онда қаламын.

Ал ендібалаларбүгінгіоқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ,ең алдымен біз саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

 

Саусақ жаттығуы

Жұдырықтай жүрегім

Лүп-лүп етіп соғады

Мейірімділік шуағын

Бар әлемге шашады.

 

Шығармашылық  жұмыс:

(Балалардың жұмысы)

ұжымдық  жұмыс.Үстелдің үстіндеекіге бүктелген қағазжәне ол қағазда сызылған сызық бар. Сендер сол қағаздағы сызықтың бойымен қайшымен қиыңдар. Кане барлығымыз қидық па?

  • Иә.
  • Енді қиған қағаздарымызды ашамыз. Балалар, не шықты?
  • Жүрекше.
  • Жарайсыңдар, балалар! Әдемі кішкене жүрекше қиып жасадыңдар.

Тәрбиеші:  — енді, балалар,біздер жалғыз  емес  екенімізді, жүректеріміздің  бір екенін  білдіре отырып, мына тұрған  бір  жүректің  ортасына  өзіміздің дайындаған  кішкене жүрекшелерімізбен  толықтырайық.  Жүрекшелерді бір жақсы тілекпен жабыстырайық.

 

Тәрбиеші:Міне қаншама мейірімділік толы жүрекшелер жасадық, енді осыны жүрек әлемге таратсын.

Жүрек: –балалар, сендерге  көп рахмет!Мен  өте қуаныштымын. Сау болыңдар, балалар!

Қорытынды: — Біз қайда бардық?

Мейірімділік  деген не  екен?

Қонаққа кім келді?

Ол неге жылады?

Біз қандай көмек көрсеттік?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші:Өте жақсы балалар,енді орнымыздан тұрып, ортаға келейік, қол ұстасып, бір-біріміздің  жүрек жылуымызды  сезініп, бүгінгі  іс-әрекетімізді аяқтай  отырып, қонақтармен қоштасайық.

 

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше  күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *