Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

Тұрлыбек  Әйгерім  Оралбайқызы

Ордабасы  ауданы  «Ақбұлақ»   жалпы  орта  мектебі  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде   ақпан   айының  1-12  күні  арлығында  өзін-өзі  тану  пәнінен  «Өзін-өзі  тану:   Махаббат  пен Шығармашылық   педагогикасы»  атты  онкүндік   декадасы  болып  өтті.

Онкүндіктің ашылу   салтанатында  өзін-өзі  тану  пән   мұғалімдері   Ә. Біләл   мен  Ә.Тұрлыбек   барша  мектеп  оқушыларын    декада  барысында  өткізілетін  іс-шаралармен   таныстырды.

 

Оқушылар би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сынып бөлмелеріне Сара Назарбаеваның өмірінен мәлімет беретін суреттер ілінді және сынып жетекшілерге тапсырмалар бөлініп берілді. Мектептің  кіреберіс  дәлізінде  онкүндік  декадаға  арнап «Жүрек  жылуы»  атты  бұрыш  жасалынды.

«Алтын  жүрек  анамыз»   тақырыбында     мектеп   Акт  залында  6-11 сыныптар  арасында   байқау   өтті. Онда  Сара  Назарбаеваның  туған  күніне   арнап  жас  талантты  оқушылар  өлең     шумақтарын  оқып  және   жас  болашақ  ақындарымыз   өздерінің  өлеңдерін  оқыды

«Мейірімділік -адамдар  арасындағы  қарым-қатынастарды  жақсартатын   асыл  қасиет»    тақырыбында    8-10 сыныптар  арасында дебат  өткізілді. «Бөбек»  қорының  президенті  Сара  Назарбаева  еліміздегі  көмекке  мұқтаж  балаларға  қол  ұшын  беріп  жүргені  жайлы  айтылды. Оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

5-10  сынып  оқушыларының    қатысуымен   мейірімділік,  қайырымдылық,  отбасы,  жақсылық туралы    сахналық  қойылымдар  қойылып,   оқушыларды  адами  қарым  — қатынас  нормасымен таныстырып  адамгершілікке   үндей  білді.

 

Бастауыш сынып  пен  жоғары  сынып  оқушыларының  қатысуымен  “Қайырымдылық  -жер  бетінде!”  атты  флеш-моб  өткізілді.

«Жүрек  жылуы»   тақырыбында     көрме өткізілді. Оқушылардың  қолөнер  жұмыстары, ізгі  тілектер,  шығармалар,  суреттер болды.  Көрме  бірнеше  күнге  жалғасып,  қызыққа  толы  сәттер  орын   алды.

Балаларды  «мейірімділік», «қайырымдылық»  құндылықтары  туралы  түсініктерін кеңейту  мақсатында «Мейірімділік  асыл  қасиет»   тақырыбында  5сыныпқа  өзін-өзі  тану  мұғалімі  Ә.Тұрлыбек  өткізді.  Оқушыларға табиғатты аялау керектігін, қиянат жасамау құндылығы арқылы ұғындыру  мақсатында  8а  сыныбына  «Табиғат –тал бесігің, аялай біл!»  тақырыбында  ашық  сабақ  өтті.

Мектебіміздің «Әлеуметтік педагогы»  Оңғарбаева  Гүлшат  қайырымдылық акциясын  өткізді. Акциядан  түскен  қаражатқа  мектебіміздің  аз  қамтамасыз  етілген, жартылай  жетім  отбасы  балаларына  киім — кешек, оқу  құралдарын  әперді.

Сонымен  қатар   «Өзін-өзі тану:  Махаббат  пен  Шығармашылық  педагогикасы»   атты  дәстүрлі  онкүндік  декадасының  қорытынды  кешінде онкүндікте  белсене  қатысқан  оқушылар  мектеп  әкімшілігінің  арнайы   «Алғыс  хатымен»   марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *