Математика әлеміне саяхат

Сейтмуханова Айнагуль Жаскайратовна

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

Мақсаты:Балаларға жаңа технологияларды қолдану арқылы оқу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. «Анасын іздеген піл баласы» мультфилмі арқылы балаларға адамгершілік тәрбиесін беру және келесі тапсырмаларды орындату: 1-10-ға дейін сандарды тура және кері санау, геометриялық пішіндерді атау,құрастыру дағдыларын қалыптастыру,тағамға сәйкес санды орналастыру,сандардың көршісін табу және логикалық есептерді шешу.Жақсы көңілкүй сыйлау.

Инновациялық технологиялар: «АКТ», «Ертегі терапиясы»

Әдіс-тәсілдер: көрсету, ыстық орындық, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сиқырлы таяқшалар, пазл мозайка, кестемен жұмыс,куббизм.

Рефлексия: «сәттілік сатысы» нысаны.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:«Анасын іздеген піл баласы» мультфилмі,компьютер, проектор, экран (телевизор етіп безендірілген), 1-10-ға дейін сандар суреті, геометриялық пішіндер, санауыш таяқшалары, әр балаға банан, какос, жаңғақ және сандар бейнеленген пазл мозайка,әр балаға «Көршісін тап» сандар кестесі, тапсырмалары бар кубик, сатыныңсуреті, кішкентай магнитті смайликтер.

 

Шаттық шеңбер:

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Күлімдесін күн де,

Күлімдейік біз де.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.

-Балалар, қәне бәріміз орнымызға отырып, көзімізді жұмайық.

(күз дыбысы аудиожазба қосылады)

-Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

-Күз мезгілі екенін қалай білдіңдер?Балалар жауабы.

-Дұрыс балалар. Жарайсындар

Педагог: Балалар, қарандаршы, мына жерде не бар екен? Білгілерің келе ме?

Балалар: Иә!

Педагог:Ендеше мына жұмбақтың шешуін табайық.

Жұмбақ:

Ән салады чемодан,

Ішінде тұр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған.   (теледидар)

-Кәне қарайық…(жабылған жамылғыны ашып, теледидарды көреді)Дұрыс балалар!Ал сендер теледидардан нені қарағанды ұнатасыңдар?

-Мультфильм!

— Ендеше қазір «Анасын іздеген піл баласы» атты мультфильмді тамашалайық.

Экранда мультфильм көрсетіледі. Кішкентай піл баласы анасын іздеп жүріп ақ аюдың баласына кездесіп анасын сұрайды. Аю баласы «Морж ата білетін болар» дейді. Морж атаға жеткізу үшін оған 1-10-ға дейін тура және кері санауды үйретуін өтінеді. Ал піл баласы мектепте оқитын балалардан көмек сұрайды. «Ыстық орындық» әдісі бойынша балаларүш тілде 1-10-ға дейін тура және кері санайды.Балалар кішкентай аюдің өтінішін орындайды.

Педагог: Әрі қарай не болды екен, экранға назар аударайық.

Ақ аюдың баласы кішкентай піл баласын Морж атаға алып келіп, болған жағдайды айтады. Морж ата анасын көргендігін және тапсырмаларды орындаса жол көрсететінін айтады.Экранға морж тапсырмасы шығады.

Морж тапсырмасы: Мұз кескіндері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды, атап бер. Санауыш таяқшаларынан өздеріне ұнайтын геометриялық пішінді құрастыр. (педагог балалардан жеке жеке қандай пішін құрастырғанын сұрап шығады, мадақтайды)

Педагог: Жарайсыңдар, мультфильм қарауды жалғастырайық.

Морж ата риза болып кішкентай пілді мұз кескініне отырғызып теңіздің арғы жағындағы аралға жол көрсетіп жібереді.

 

Кішкентай піл теңізден аралға жүзіп келе жатқанда балалармен сергіту сәті өтеді.

 

Педагог: Балалар пілдің баласы жалғыз жүзбеу үшін біз де қайықпен жүзіп көрейік.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық, төменде жатқан ескектің біреуін алайық,

(алға қарай еңкейіп бір қолмен ескекті алғандай болады)

Енді екінші ескекті алайық.

(алға қарай еңкейіп екінші ескекті алғандай болады)

Тік тұрып алға қарай жүземіз.

(екі қолмен екі жаққа сермеу 4рет)

Оңға қарай жүземіз.

(оң жаққа кеуделерін бұрып екі қолмен екі жаққа сермеу 4рет)

Сол жаққа жүземіз.

(сол жаққа кеуделерін бұрып екі қолмен екі жаққа сермеу 4рет)

Аралға да жеттік, ескектерді жерге қойып, орнымызға отырайық.

(алға қарай еңкейіп ескектерді қойғандай болып, орнына отырады)

 

Піл баласы аралға жетіп, маймылды кездестіреді. Маймылдан өзінің анасың сұрайды. Маймыл осы аралдағы барлық аналарды Сусиыр апайдың танитынын, егер оған тапсырмаларды орындауға көмектессе, сусиыр апайға жеткізетіндігін айтады.

Маймыл тапсырмалары:

  • Маймыл жинаған азықтарды санап, сәйкес санды орналастырады. (пазлмозайка арқылы әр бала орнында құрастырады)5 банан-5, 7 какос-7,

10 жаңғақ-10.

  • «Сандардың көршісін табу». Балаларға кесте түрінде беріледі.Әр бала өз бетінше жеке жұмыс жасайды. Бір бала тақтаға шығып көрсетеді.

Педагог: Балалар, экранға назар аударайық.

Маймыл кішкентай пілді сусиырға ілестіріп келеді. Сусиыр анасын көргенін айтады және есеп шығаруға қиналып тұрғанын айтып, көмек сұрайды.

Сусиыр тапсырмасы: «Логикалық есептер»

1.Үстелде 4 алма жатты. Бір алманы алып, 4 бөлікке бөліп, қайтадан орнына қойды. Неше алма қалды? (4)

  1. Арман ермексаздан 4 қоян жасады, Ал Майра біреу жасады. Екеуі неше қоян жасады? (5)
  2. Екі мысықта неше аяқ, неше құйрық бар? (8), (2)

Педагог: Балалар, жарайсындар! Есепті жақсы шығардыңдар. Мультфильмді әрі қарай көрейік.

Сусиыр риза болып кішкентай пілдің анасын ілестіріп келеді. Піл мен піл баласы қауышады.Піл баласы балаларға алғысын айтады. Мультфильм соңы қуанышты аяқталады.

Педагог: Балалар, сіздерге мультфильм ұнады ма?

Балалар: Иә!

«Кубизм» әдісі бойынша қорытындылау.

Педагог: Балалар, кәне ойын ойнауға шеңберге тұрайық. Мен казір кубикті ортаға лақтырамын, ал сендер сурет бойынша жауап бересіңдер.

Кубикті лақтырып, мультфильм кейіпкерлеріне орындаған тапсырмаларын атайды.

 

Рефлексияның «сәттілік сатысы»нысаны бойынша өздерін бағалату:

Тақтада ілініп тұрған сатыға өздері таңдаған әр түрлі көңіл күйдегі смайликті орналастырады.

Күлімдеген смайлик-маған оқу қызметі ұнады, мен бәрін түсіндім.

Орташа көңіл күйдегі смайлик-маған оқу қызметі ұнады,бірақ мен тапсырмаларды орындауға қиналдым

Қабағы түюлі смайлик-маған оқу қызметі ұнаған жоқ, мен ештене түсінбедім.

 

Педагог балаларды мадақтап, оқу қызметінің аяқталғанын айтып, қонақтармен үш тілде қоштасады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *