Массаны қалай өлшейміз?

математика

Күні:22.12

Сынып: 1 Г Мұғалімі Даусова Мадина

Сабақтың тақырыбы Массаны қалай өлшейміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.2  өлшем бірліктерді   (см/ кг/л ) қолданып өлшеу

Сабақтың мақсаттары ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шама-ларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді;

шамаларды өлшем бірліктерді (см/кг/л) қол-данып өлшейді

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы

Тілдік құзыреттілік Кл гр

Ресурстар Таразы гір тас

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Миға шабул

1 ден 20 ға дейін тура және кері санату 3 тілде

Ұзындықтың өлшем бірліктері мм см дм м км

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

Медициналық тексеру өткенде дене массасын, дүкенде сатып алынатын азық-түліктің массасын өлшеу туралы әңгімелеу. Сөз соңын массаны өлшеуге болады деген тұжырымға келтіру

— Демек, массаны өлшеуге бола ма? (Болады.)

— Массаны өлшеудің нәтижесін қалай жазып көрсетуге болады? (Массаны өлшеудің нәтижесін санмен жазып көрсетуге болады.)

— Егер оны өлшеп, нәтижесін санмен көрсетуге болса, масса не болып табылады? (Ол — шама.)

Сабақты көлемі мен құрамы әртүрлі екі қапшықты көрсетумен жалғастырыңыз: көлемі үлкен қапшық көлемі кіші қапшықтан жеңіл болу қажет. Көз мөлшермен қайсысы ауырлау екенін анықтауды сұрау. Сосын таразының көмегімен немесе қолға алып салмақтау арқылы салыстыру. Ал біз қапшықтардың массасын біле аламыз ба? (Иә, біле аламыз.)

Оқушыларға тәжірибелік жұмыс Қапшықтардың массасын өлшеуді сұрау Өлшем ретінде шақпақ қант қорабын, жарма пакетін, шырын пакетін (барлық азық-түліктің салмағы 1 кг) ұсыну. Таразы көмегімен массаны табыңдар. Оны өлшемдер санымен көрсету.Килограмм — стандартты өлшем бірлік. Массаның стандартты өлшем бірлігі дүниежүзі үшін бірдей. Сондықтан адамдар масса жайлы килограммен айтқанда бірін-бірі түсінеді.

Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыну Табақшалы таразыда массасы 1 кг-дық кір тасымен кітап, мектеп сөмкесі, жабдықталған қорап, қаламсауыт және т.б. заттардың массасын салыстыру

Кітап салынған қорап пен бөлме гүлінің массасын анықтау.

— Қорапты неше кіртасы теңестіреді?

— Осындай бір кіртасының массасы қандай?

— Қораптың массасы қанша болатынын ойланып көр.

Бөлме гүлінің массасына байланысты осы сұрақ-тарға ұқсас сұрақтар қою

Жауабы:

қораптың массасы — 5 кг; бөлме гүлінің массасы — 3 кг.

Қарбыздың массасын анықтау

Оқушылар қарбыздың массасын қауынның массасы арқылы табатынына бірге ақылдаса отырып көз

жеткізу тиіс. Tапсырманы орындау кезінде қиындық туса, мынадай сұрақтар қою:

— Таразыдағы бір қарбызды неше қауын теңестіреді?

— Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? (Екі қауынның массасына тең).

— Бір қауынның массасы қанша болады? (1 кг)

— Екі қауын қанша тартады? (2 кг)

— Бір қарбыздың массасы қанша болатынын айта аласың ба? (Қарбыздың массасы 2 кг болады.)

Жауабы:    2 кг.

Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Неліктен? Тапсырманы жұппен орындауды сұрау. Тапсырманың алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі: тордағы доптардың массасын көзбен көріп мөлшермен анықтау арқылы емес, оны доптарды өлшеуіш ретінде алып, нақты массасының қандай екенін анықтап, әрбір тордағы доптардың массасын салыстыру қажет. Оқушылардың жауабын тыңдау. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда мына жетелеу сұрақтарын қою:

— Бірінші торда неше доп бар? Екіншіде ше?

— Қайсысында доп көп?

— Доптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

— Доп салынған тордың қайсысы ауыр?

Жауабы:    екінші тор ауыр (онда 6 доп бар).

Шығарып көр. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және зейінін дамытуға бағытталған. Сондықтан тапсырманы әр оқушының жеке орындауы тиімдірек. Оқушылар өз жауаптарында мақтаның массасының жеңілдігін айтуы мүмкін. Мақтаның массасы қанша екенін сұрау. Салыстыру

Жауабы:   массалары тең.

Орындап көр. Оқушылардың жұппен ақылдасуын ұйымдастыру Олардан бір-біріне дүкендерде 1 кг-дық пакеттерде сатылатын азық-түлік туралы айтуды сұрау Тапсырма оқушылардың өмірден көргендеріне сүйеніп жауап беруіне негізделген.

Мүмкін болатын жауаптар:

минералды су бөтелкесі, бір бөтелке өсімдік майы, бір қорап шақпақ қант, бір қорап тұз, күріш т.с.с.

Есте сақта! Кесте бойынша қайтала:

Масса килограммен өлшенеді;

“Килограмм” қысқаша “кг” деп белгіленеді.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықтытапсырма

 

үрлі тапсырмалар. Топтастыру.

 

 

Қандай азық-түліктің массасы 1 кг болады?

Оқушылардың назарын табақты таразыда қандай кіртастарының барына және таразының қандай қалыпта (таразы басы тең, бір жақ басы басып тұр) тұрғанына аудару керек.

Жауабы:

қораптағы шай, қораптағы қант.

Массаны өлше. Тапсырма оқушылардың күнделікті өмірде заттардың массасы болатыны туралы түсініктерінің деңгейін бағалау, сонымен қатар заттың массасын 1 кг-дық кіртасын салыстыра алатынын анықтауға берілген.

Берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс парағында бейнеленген заттарды алдын ала дайындау.

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.

 

Бас бармақтар

Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:

заттардың массасын кіртастардың көмегімен өлшеуді;

күнделікті өмірде кездестіретін заттардың массасын мөлшерлеп айтуды (бір килограмнан артық немесе кем);

заттарды массасы бойынша салыстыруды меңгереді.

Тақырыпты  меңгеру  деңгейін  бақылау  мақсатында сұрақтар қою

— Массаның өлшем бірлігі қалай аталады?

— Қандай құралдардың көмегімен заттың массасын анықтайды?

— Үстелдегі қай заттардың массасы бір кило-грамнан жеңіл болуы мүмкін?

— Сыныптағы қай заттардың массасы бір кило-грамнан ауыр болуы мүмкін?

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізу. Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ

Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *