Логикалық есептердің маңызы

Қазіргі таңда ойдың дамуымен қоғамның дамуы тікелей байланысты. Логика белгілі бір дәрежеде әрбір адамға үнемі қажет. Қоғам негұрлым дамыған сайын логикалық ойлауды соғырлым дамытып отырамыз: Логикалық ойлауы жоғары адам дұрыс шешім қабылдауға, тығырықтан жол табуға бейім болады. Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.

Логика ескі ғылым. Оның негізін қалаушы біздің эрамызға дейінгі 322 жылдары өмір сүрген ежелгі грек ойшылы Аристотель болып табылады. Логикалық есептердің түрлері өте көп. Соның ішінде ең қарапайымы-жұмбақ. Логикалық есептердің қатары күн санап өсіп келеді. Ол ойды ғана дамытып қоймай, қиын жағдайлардан дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Аристотельдің логикасы тек тұжырымдаудың дұрыс жауабын табуға бағытталса, философ және математик Рене Декарт (1596-1650) логиканы математикалық принциптерге сүйене отырып, дұрыс шешім табуға бағытталады. Ал, неміс ұлы математигі және философы Вильгельм Лейбниц математикалық логиканың негізін қалаушы болып табылады. Ол XVII ғасырда алғаш рет арифметикалық және әріптік-алгебралық есептеулер енгізді. Лейбрниц идеаларын XIX ғасырдың ортасында ұлы математик Джордж Бул жетілдірді. Ол логикалық алгебра жасады. Оның алгебрадан айырмашылығы символдар орнына сан емес сөздер қолданады.      Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байлыныстылығында дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен  даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті  немесе оқиғалардың логикалық  тізбегін қадағалай  білу қажет. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда  масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.

Әдебиетпен байланысы көз алдымызда логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған  адамды келтіреді. Егер ол шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған жылын, дүниеден өткен жылын білу арқылы  сол уақыт арасында болған оқиғаларды  логикалық түрде ұштастыра алады. Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек. Логика дегеніміз —  спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер. .Ой — әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде  пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.  Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді дер едім. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.

Математиканы оқып – үйрену, есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білуге, өз қабілетіңді жетілдіру үшін де қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей аламын, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды.  Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылған жоқпыз, бізге ақыл – ой сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мәнді қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғаттағы барлық білімді пайдалана білуіміз керек.Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше дер едім.

 

 

 

 

 

Түркістан облысы,  Шардара қаласы

                           Қалдарбек Ақерке Қалмомынқызы

  Математика  пәні мұғалімі

\

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *