«Литосфера» тарауын қайталау

Аульбеков Дулат Қарабайұлы

6-сынып, география

 

Сабақтың тақырыбы: «Литосфера» тарауын қайталау.

 

Сабақтың мақсаты:

 

а) Білімділік: оқушылардың тақырып мазмұнын меңгерту. Литосфера тарауын жете түсіну, талдауға үйрету.

 

ә) дамытушылық: оқушыларға әр кезеңде ізденуге, зерттеуге, ойлауға,  картамен жұмыс істей білуге баулу, сөйлеу тілін дамыту.

 

б) тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйе білуге, достыққа,  бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: қайталау, топтық жұмыс

 

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, баяндау, сұрақ-жауап, тест, картамен жұмыс.

 

Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, үлестірмелер, интербелсенді  тақта, бағалау парағы.

 

 Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушыларды қайталау сабағының мақсатымен таныстыру.

 

 Балалар, сендер бір-біріңе жақсы тілектер тілеңдер. Алдарыңдағы бағалау парағын сабақ бойы өздеріңді бағалай отыра, соңында қорытынды баға шығарасыңдар.Қайталау сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрады. Литосфера тарауында қандай тақырыптармен таныстыңдар?

1-кезең. Сызбалар арқылы қайталау.

1-топ. Жердің ішкі құрылысы туралы постер құрып, қорғау.

2-топ. Жанартау бойынша постер құрып, қорғау..

2-кезең. Топтық жұмыс.

1-топ: кез келген жазықты алып, жоспар бойынша сипаттау

2-топ: кез келген тауды алып, жоспар бойынша сипаттау

3-кезең. Өнерлі бала, өрге жүзеді. Мәнерлеп оқу.

Көкшетау қыраты

Көкшенің көз тоймайтын ғажабындай,

Сексенкөл — сексен сұлу ажарындай.

Оқжетпес — ортасында Қыз Жібектей,

Орамтау — думанды той базарындай.

Тауларкөп, әрбір жерге сүйеуғана,

Деп айтар біреу батыр, біреу дана.

Памирлер, Гималайлар шұбап жатыр,

Оқжетпес жер бетінде біреу ғана.

                                              Қ. Салықов

4-кезең. Бес жол өлең құраңдар:

1-топ    «тау»

2-топ   «жазық»

5-кезең. Жеке тапсырма. «Солтүстік қазақ жазығы» туралы шағын жоба.

 

6-кезең. Кескін картамен жұмыс. Нысандарды кескін картаға түсіру.

 

7-кезең.Географиялық  диктант

1-нұсқа

  1. Жер қыртысының қай жері жас болып саналады? (мұхиттік)
  2. Литосфералық тақталар қалай жылжып отырады?(2-5см)
  3. Мұхит түбінде жазықтар мен таулар бола ма? (болады)
  4. Жердің ең сыртқы қабығы. (литосфера)
  5. Жердің толық ішкі құрылысы. (литосфера, мантия, ядро)
  6. Еуразия аумағында орналасқан ең биік жанартау.(Ключи шоқысы)
  7. Жер қыртысының  қалың  болатын  жерлері.(тау)
  8. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап.(сейсмограф)

2-нұсқа

  1. Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шашып тұратын көз. (гейзер)
  2. Орташа таулардың биіктігі.(1000-нан 2000 дейін)
  3. Ломоносов атындағы су асты жотасы қай мұхитта? (Солтүстік Мұзды мұхит)
  4. Қазіргі кездегі бұрғылау қондырғылары Жер шары қыртысының қандай

бөлігіне дейін жетеді? (15км тереңдікке дейін)

  1. Жер сілкінісі күштерін қанша балдық көрсеткішпен өлшейді?(12 балл)
  2. Қазіргі кезде кемелерде теңіздің тереңдігін қандай аспаппен өлшейді?(эхолот)
  3. Жер шарындағы ең биік нүкте.(Джомолунгма,8848мЭверест)
  4. Қазақстанның ең биік нүктесі. (Хантәңірі 6995м)

8-кезең. «Сарыарқа» әуені жүріп тұрады Кім жылдам? Ойыны өткізіледі.

  • Ең ұзын тау? (Анд)
  • Ең аласа тау? Орал()
  • Ең биік тау? (Гималай)
  • Ең биік жазық? (Үстірт)
  • Ең үлкен жазық? (Амазонка)
  • Ең терең шұңғыма? (Мариан)
  • Қазақстандағы ең биік шын? (Хантәңірі)
  • Ең алғаш картаны кім ойлап тапты? (Эратосфен)
  • Жердің шар тәрізді екенін кім дәлелдеді? (Магелан)
  • Екі ендіктің арасын қосатын сызық.  (меридиан)

Рефлексия.Сабақты қорытындылау. Бағалау парағы бойынша қорытынды баға қою.

Үйге: Литосфера тақырыбын қайталау п.17-23, эссе «Мен қандай жазықта тұрамын, оның ерекшелігі».

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *