Латын әліпбиіне көшу –заман талабы.

Міне,зымыраған күндер,жылжыған айлар құшағында туелсіздікке қол жеткізгенімізге 27 жыл толды.Енді бүгін әлем таныған елге айналдық.Тәуелсіздік тірегі-мемлекеттік тіл.

«Мәңгілік ел» болып қалыптасу-жарқын болашаққа бастар жол болса,латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы.

Ұлы дала елінің тарихынакөз жүгіртсек,бірінші тұғыры байлық-жер,екіншісі-тіл, үшіншісі-мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.Ағартушы –педагог ,ғалымАхмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей , «Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тілі »-деген.Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды.Біздің елімізде латын қарпін іс-қағаз құжаттарында,әдебиет,мәдениет және басқа да салаларды 1929-1940 жылдары пайдалынылғаны тарихтан белгілі.

Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да,яғнижаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын.Оған дәлел.,бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлылығының басымдылығының бастау алуы.

Қазақстанда тұрып жатқан бейбіт елімізде көпұлтты  халқымыздың  мемлекеттік тілді өркендету үшін латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыру көрінісі болмақ.Сол арқылы бабалар мұрасын сақтап,дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жаңа көкжиекке жол ашамыз.Тіл адам санасына бағыт береді,оның өмірлік тәжирибесін қалыптастырады.Латын әліпбиіне көшу арқылы әлемдік ғылымның инновациялық және ғылыми-техникалық прогресстің игілігін еркін меңгеруге ықпал ететін болады,сол себепті барлық қазақстандықтар ұрпақ болашағы үшін осы реформаны қолдануы керек.

Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде  жазудың маңызы өте зор.

Латын әліпбиіне көшу,сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап,қолданыс аясын  одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасап , тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай,қазақи айтылым (орфоэпия) мен жазылым  (орфография) талаптарын жүйеге келтіру деп түсіну керек.Латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының алға жылжуына,жаңа заман талабына сай өсіп өркендеуіне,болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып,желісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.Біз латын әліпбиіне көше отырып,өркениетті елдердің қатарына қосылып,тіліміздің дыбыстық жүйелерін нақ анықтап,қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Сондықтан біз үшін,болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Қорыта келгенде,латын әліпбиіне көшу-ұлтымыздың санасын бұғаудан  босатады,түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға ,қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып,ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

«Латыншағакөшудің терең логикасы бар.Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның,коммуникацияның,сондай-ақ,ХХI ғасырдағы ғылым және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты»-деп Елбасы айтқандай,латын әліпбиіне көшу –заман талабы.

Ел болашағы үшін қабылданып отырған маңызды шешімге қолдау көрсету,жақсыны үйренбекке ұмтылу жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз-қорқақ,қол-батыр»-деп дана халқымыз айтқандай,екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!

 

Орал қаласы, Бәйтерек ауданы

Үлкен Шаған ЖОББМБК

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Альмурзина А.У.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *