Латын тіліне көшу – заман талабы

Рахматуллаева Гулнара Мусахановна

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіру керектігін айтып өтті. Қазіргі нарық заманында латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты пікір тудырып отырған өзекті мәселе болып отыр. Тіл жанашырларының бір тобы латынға көшуді қолдаса, кейбір зиялылар қауымы әліге дейін қарсы болып келеді. Қазақтан тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындады. Қазіргі таңда бүкіл түркі жұртшылығы біртіндеп латын әліпбиіне көше бастады. Демек, оған сұраныс бар деген сөз. Сондықтан да заманауи технологияға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек, дегенмен оның бізге тиімді және тиімсіз жақтары да бар, оны да ескергеніміз жөн. Біріншіден, тиімді жағы бәріміз интернетті пайдаланамыз, әсіресе интернет жүйесіндегі латын әліпбиінің маңызы өте зор. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық технология сапасында біз көп мемлекеттерден артта қалып келеміз, сондықтан да мұндай шешім қабылдауымыздың басты себебі — оған заман талабы ықпал етуде. Латын әліпбиінің тағы да бір тиімді жері — тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміз артады. Себебі, латын жазуы ағылшын тіліне ұқсас, дүниежүзіне кең тараған әліпби. Сол арқылы біз интернет желісінде ақпарат алуда, ғылым, білім саласында осы кеңістікке көп кіріп, жастарымыз латын әліпбиіне тез үйренулеріне, ақпарат алуына мумкіндіктер артады.

Басқа ұлт өкілдеріне бұл өте тиімді және жеңілірек болады, себебі өзге ұлт өкілдері төл әріптерді қиын қабылдайды. Ал латын әліпбиі өте танымал. Көптеген ұлт өкілдері шетел тілдерін — ағылшын, неміс тілдерін еркін оқиды, егер біз де латын әліпбиіне көшсек, қазақ тілін емін-еркін оқуға мүмкіндіктер туар еді. Ал екіншіден, тиімсіз жағын айтар болсам — кімге болсын бір әріпті тастап, екінші әріпке көше қою оңайға соқпайды. Оны өзіміз де білеміз. Меніңше, шегірткеден қорқып, егін екпеген болмайды, дұрыс та емес.

Осыдан бес мың жыл бұрын адам баласы жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіру жүйесін жасаған болатын. Сол кезден бастап әріп пен жазу адамзат баласының өмірінің ажырамас бөлігі болып қана қоймай, оның тыныс-тіршілігі мен өмір сүру механизміне айналды. Ертедегі жазуларды бабалардың қолтаңбасы десек, бүгінгі күні олардың тасқа қашалып жазылғандары құнды мұра ретінде мұражайларда сақтаулы.

Қазақ ұлты соңғы екі ғасырда бірнеше жазу үлгісіне ауысыпты. Бүгінде «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденең шықты. Латын жазуы қазаққа бейтаныс емес. Бұл әріп Қытай елінде 1961 жылдан 1983 жылға дейін қолданыста болған.
Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек? Саяси маңыздылығы жағынан айтқанда, кириллицамен сіңіп кірген отарлық санадан арылу үшін де оның саяси маңызы зор. Екіншіден, латын жазуы қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса жаратылыс ғылымдары жағында да қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты. Яғни бір сұрақтың басы айқындалды. Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен бәріміз таныспыз. Жолдауда Қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады.

1917 жылғы болған төңкерістің желі Ресей жерін ғана емес оның айналасындағы көрші жатқан елдердің барлығын шарлап, біздің еліміздің де тарихы мен тілінде өшпес із қалдырды. 1920 жылдардың басында сол кездегі биліктің бастамасымен араб әрпімен жазып келген түркі тілдес халықтардың барлығын жаппай басқа әліпбиге көшіру саясаты қолға алынды. Сонымен бірге бұл саясаттың астарында әліпбиін жоғалту арқылы ислам дінінің ықпалын жою да көзделгені анық. 1925 жылы латын әрпіне көшіру туралы конференцияда сөз алған сол кездегі мемлекет қайраткері А.Микоян: «Бұл әліпбиге көшу арқылы еуропалық және мұсылмандық өркениеттің арасына қабырға қойылып, Батыс пен Шығыстың арасында жаңа қарым-қатынас орнайды» деп болжам жасады. Басында араб әліпбиінің негізінде жаңа заманға лайықты әліпби дайындау туралы ұсыныстарды талқыға салғанымен де, осы жиыннан кейін латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар белсенді әрекет ете бастады. Араб әрпімен жазылған рухани мұраны жойып алу қаупі ол кездегі билік иелерін мүлде толғандырған жоқ, араб әліпбиімен жазылған кітаптар мен ондай дүниелерді сақтағандарды аяусыз жазалау шаралары жүргізілді. Осындай жазалаудың мысалдарының бірі ретінде, Әндижан қаласындағы бір партия қызметкерінің үйінен табылған кітап үшін, НКВД оны ату жазасына кесті. Кейін ол кітаптың ең алғаш араб әліпбиімен жазылған «Коммунистік партияның манифесті» атты кітап екені анықталса да, ол кезде кітаптың иесі атылып кеткен еді. Осы қатал саясаттың күшімен Кеңестер Одағының құрамындағы түркітілдес елдердің барлығын латын әліпбиіне көшіру науқаны бас­талды. Ең бірінші қадам Кавказ және Әзірбайжан елінде жасалды.

Латын әліпбиіне көшіру тәжірибесі Әзірбайжан елінде жүргізілді. Осы тәжірибе негізінде бүкіл Кеңес елдерінде латын әліпбиіне көшіру жүйесі пайда болды. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында тұңғыш рет Бүкілкеңестік Түркологияның съезі өтті. Бұл жиынға шешім шығару мақсатында 131 делегат жиылды. Қазақтар, қырғыздар, татарлар мен өзбектер, чуваштар, Солтүстік Кавказ және Саха елінің азаматтары қатысты. Бұл съезде олармен бірге орыстың академиктері мен профессорлары, шетелдік ғалымдар, соның ішінде түрік, неміс, парсы, венгр ғалымдары да болды. Бұл жиында негізгі үш мәселе қаралды: терминология, орфография және әліпби. Ол кездегі барлық түркітілдес елдерді қызықтырған ортақ бір ғана мәселе – ол әліпбидің тағдыры еді. Себебі әліпбидің тек жазу ретінде ғана емес, мәдени және қоғамдық маңызы бар екенін қатысушылар жақсы түсінді. Түбі бір түркі халқының келешек тағдыры осы қадамға байланысты екенін түсінген жанашырлардың бір бөлігі араб әліпбиін сақтап қалудың жолдарын ұсынды. Бірақ Кеңес үкіметінің көздегені ол емес еді. Ислам дінінің негізін жоюдың басты көздерінің бірі жазуды алмастыру арқылы араб тілі мен әліпбиін жетік меңгерген молдалардың сабақ беруін тоқтату, яғни сол арқылы дін насихатын әлсірету және Құранды оқу мүмкіндігінен ажырату болатын. Мұсылман емес елдердің көпшілігі латынға оңай ауысып жатты.

Ал Әзірбайжан елінің латын әріпіне көшудегі бірінші болуы ол елдегі ұлттық жазудың кең тарамауымен және басқа түркі елдерімен салыстырғанда қала мәдениетінің жоғарылығымен байланыстырылды. Тәуелсіздік алған жылдары Әзірбайжан мемлекеті қайтадан латын әліпбиіне көшуді қолға алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бір бөлігі латын әліпбиімен жаза

бастады.

Осман империясы құлағаннан кейін Түркия елінің мемлекет ретінде жаңа дәуірі басталды. Ел басына келген Мұстафа Кемал (Ататүрік) 1928 жылы парламент арқылы елді жаңа жазба жүйесіне ауыстыру туралы шешімді талқыға салғызып, арнайы заң қабылданды. Бұл жердегі мақсат: Осман империясынан кейін жаңашылдық енгізу болса, сонымен қатар КСРО-ның құрамындағы түгелдей латын әрпіне көше бастаған түркітілдес халықтармен байланысты жоғалтпау да көзделген еді. 1929 жылы Түркия тегістей латын әрпіне көшірілді. Күнделікті тұрмыстарында араб-парсы тілдерінде қолданылатын сөздерді түгелдей дерлік түрік тіліне ауыстыру науқаны басталды. Сол кезеңде түрік тілінде көптеген жаңа сөздер пайда болып, сол сөздердің кейбіреулері бүгін біздің елімізде де қолданылады. Сол кезеңдегі реформаның арқасында түркітілдес елдердің Түркия түрікшесімен түсінісу мүмкіндігі артты.

Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілін де латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. Негізі қазақ немесе түркі ғалымдарынан бөлек, Ресей ғалымдарының ішінде орыс жазуын латынға көшіру керек деген мәселе көтерілген болатын. Мәселен, РҒА корреспондент мүшесі С.А.Арутюнов «латынға көшу — жаһанданудың бүкіл әлемдік үрдісіндегі заман талабы. Ресей дамыған елдермен қатар, Еуропаның бір бөлігі болғысы келсе, латын әліпбиіне көшу керек немесе ерте ме кеш пе соған барады. Кириллица ескіріп қалғандықтан, оны қолданушы барша халық та кириллицаны латынға өзгерту керек» деп ұсынған еді.  1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары

А.В. Луначарский: «… барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет» дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс әліпбиін қолдаушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар комиссия құрып, сол арқылы «латын әлібиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді» деген мәлімдеме жасады. Осылай орыс әліпбиін латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден өшірілді. Сонымен сөзімізді қорытар болсақ, латын əліпбиіне көшу тəуелсіздігіне 25 жылдан астам уақыт өткен жəне халықаралық қауымдастықта беделді орынға ие болған Қазақстанның руханият саласындағы тəуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Сонымен қатар, əлемдік технологияда үздік дамыған елдер жəне туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі руханиятын дамыту болып есептеледі. Сондай-ақ, ол тəуелсіздікті, əсіресе мəдени саладағы тəуелсіздікті бекемдей түседі. Міне сондықтан Қазақстаннын да латынға көшетін уақыты келді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *