«ЛАТЫН графикасына көшу» «LATYN grafıkasyna kóshý»

«Үштөбе ЖББТМ (РО)»КММ 2018-2019 оқу жылында шығармашылық зертхана бойынша «Латын графикасына көшу» туралы ақпарат.

« Латын графикасына көшу» жобасы қыркүйек айында құрылып,қазан айында түсіндірме дәріс сағаттары жүргізілуде, қазақ тілін латын жазуына көшіру елімізді дамытудың стратегиялық жоспарларына сәйкес келетінін, еліміздің және әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын дәлелдеу, мұғалімдерге латын графикасына негізделген жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету,сауатты жазуға баулу, бұл жоба бағдарламасы төрт бөліктен құралған жазылым,айтылым,оқылым және тыңдалым. Құрылған бағдарлама жоспары бойынша түрлі іс-шаралар латын таңбасында өткізілетін болады. Осы оқытылған «Латын графикасы» нәтижесінде білім алған ұстаздар сабақтан тыс қосымша сынып сағаттарында сынып жетекшілер өз тараптарынан сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, латын таңбасын қолдану арқылы кітапшалар ақпаратты насихаттау топтары мектебімізде белсенді түрде іс-шараларға ат салысатын болады. «Латын графикасына көшу» жобасын құрған қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Зиядина Айнур Сериковна . Балқаш қаласынан келген маман бірден мектебімізге келе салып, «Латын графикасына көшу» жобасын ұсынып, өз әріптестеріне қазан айынан бастап түсіндіру сабағын өткізді. 2018 жылдың 17 қазан айында «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ-де қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында «Латын графикасына көшу»атты сайыс сабақ өткізілді. Қазақ әліпбиінің тарихы туралы, ақпараттық технологияның алар орны, маңыздылығы жайлы ақпарат берілді. Сабақта мұғалімдер өзара топқа бөлініп, берілген сөздер мен сөз тіркестерін жаңа әліпбиді қолдана отырып, жазбаша жазу практискасын қолдану арқылы сайысқа түсті. Сабақтың қорытындысында латын қаріпін меңгерудің, оқып-үйренудің қиындық туғызбайтыны жайлы түсінік берілді. Латын қарпіндегі әліпбиді практикалық түрде таныстырып,жаттығуларға арналған кітапшаларын ұсынды. Мұғалімдер кириллица жазуын латын әліпбиінде жазып көрсетті.Нәтижесінде, мұғалімдер тез арада меңгеріпкететіндіктерін байқатты. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап оқушыларды оқыту жұмыстары жүргізілетін болады. Сабақ соңында , мұғалімдер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды.

«Úshtóbe JBBTM (RO)»KMM 2018-2019 oqý jylynda shyǵarmashylyq zerthana boıynsha «Latyn grafıkasyna kóshý» týraly aqparat.

« Latyn grafıkasyna kóshý» jobasy qyrkúıek aıynda qurylyp,qazan aıynda túsіndіrme dárіs saǵattary júrgіzіlýde, qazaq tіlіn latyn jazýyna kóshіrý elіmіzdі damytýdyń strategııalyq josparlaryna sáıkes keletіnіn, elіmіzdіń jáne árbіr qazaqstandyqtyń básekege qabіlettіlіgіn arttyratynyn dáleldeý, muǵalіmderge latyn grafıkasyna negіzdelgen jańa álіpbı boıynsha tіl dybystarynyń jazylýyn úıretý,saýatty jazýǵa baýlý, bul joba baǵdarlamasy tórt bólіkten quralǵan jazylym,aıtylym,oqylym jáne tyńdalym. Qurylǵan baǵdarlama jospary boıynsha túrlі іs-sharalar latyn tańbasynda ótkіzіletіn bolady. Osy oqytylǵan «Latyn grafıkasy» nátıjesіnde bіlіm alǵan ustazdar sabaqtan tys qosymsha synyp saǵattarynda synyp jetekshіler óz taraptarynan synyp oqýshylarymen dóńgelek ústel uıymdastyryp, latyn tańbasyn qoldaný arqyly kіtapshalar aqparatty nasıhattaý toptary mektebіmіzde belsendі túrde іs-sharalarǵa at salysatyn bolady. «Latyn grafıkasyna kóshý» jobasyn qurǵan qazaq tіlі men ádebıet pán muǵalіmі Zııadına Aınýr Serıkovna . Balqash qalasynan kelgen maman bіrden mektebіmіzge kele salyp, «Latyn grafıkasyna kóshý» jobasyn usynyp, óz árіptesterіne qazan aıynan bastap túsіndіrý sabaǵyn ótkіzdі. 2018 jyldyń 17 qazan aıynda «Úshtóbe JBBTM (RO)» KMM-de qazaq tіlіnіń álіpbıіn latyn grafıkasyna kóshіrýdі nasıhattaý maqsatynda muǵalіmder arasynda «Latyn grafıkasyna kóshý»atty saıys sabaq ótkіzіldі. Qazaq álіpbıіnіń tarıhy týraly, aqparattyq tehnologııanyń alar orny, mańyzdylyǵy jaıly aqparat berіldі. Sabaqta muǵalіmder ózara topqa bólіnіp, berіlgen sózder men sóz tіrkesterіn jańa álіpbıdі qoldana otyryp, jazbasha jazý praktıskasyn qoldaný arqyly saıysqa tústі. Sabaqtyń qorytyndysynda latyn qarіpіn meńgerýdіń, oqyp-úırenýdіń qıyndyq týǵyzbaıtyny jaıly túsіnіk berіldі. Latyn qarpіndegі álіpbıdі praktıkalyq túrde tanystyryp,jattyǵýlarǵa arnalǵan kіtapshalaryn usyndy. Muǵalіmder kırıllıtsa jazýyn latyn álіpbıіnde jazyp kórsettі.Nátıjesіnde, muǵalіmder tez arada meńgerіpketetіndіkterіn baıqatty. 2019 jyldyń qańtar aıynan bastap oqýshylardy oqytý jumystary júrgіzіletіn bolady. Sabaq sońynda , muǵalіmder tarapynan bіrneshe suraqtar qoıylyp, mardymdy jaýaptar alyndy.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *