Көңілді қыс

Астана қаласы. №16 «Шағала» балабақшасының
жоғарғы санатты тәрбиешісі Бутинбаева Сауле Сантаевна

Көңілді қыс
Оқу іс -әрекеті:Сөйлеуді дамыту, мүсіндеу, аппликация, сурет салу
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты:Балалардың қыз мезгілі туралы білімдерін толықтыра отырып,
дәстүрден тыс әдіс тәсілдер арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Міндеттері:
Байланыстырып сөйлеуге, дұрыс дыбыстауға, сөзді буынға бөлуге,
сөйлемді толық құра білуге үйрету;
Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, қысқы табиғат
ерекшеліктері туралы танымдық біліктерін дамыту;
Шығармашылық іс әрекет кезінде дәстүрден тыс тәсілдер арқылы
жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру;
Табиғатты сүюге, ұқыпты жұмыс істеуге, ұжым жұмысына
жауапкершілікпен қарауға, бастаған істі тиянақты аяқтауға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып
сәт, ойын, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.
Алдын ала жұмыс: қиып дайындап алып келу
Көрнекілік:Қыс суреті, аққала, қар, балауыз, бояу, ақ қағаз, мақтадискасы,
желім, сұйық сабын, нан сода, тақтайша, сүлгі, мақталы таяқша, қатты қағаз,
АҚТ.
Билингвалдық компонент: Аққала -Снеговик- Сноумән. Шаңғы- Лыжи-
Скинг. Қыс-Зима- Уйнтэ.
Педагог:Ұйымдастырушылық
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан —
жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен
амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.
Бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық: аспанымыз ашық болсын, деніміз сау
болсын, ата анамыз аман болсын!
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Педагог: Жарайсыңдар балалар, енді тақтаға қарайық. Бұл қай жыл мезгіл
екен? Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар екен? Қандай ойын түрлері
бар? Шана сөзінде неше дыбыс бар? Шана орыс, ағылшын тілдерінде қалай
айтылады? Шаңғы сөзін буынынға бөлейік? Шана орыс, ағылшын
тілдерінде қалай айтылады?Аққала деген сөзде бірінші қандай дыбыс
естіледі? Аққалаға сөйлем құрайық? (Балалар аққала жасады. Аққала қардан
жасалады) Аққала орыс,ағылшын тілдерінде қалай айтылады.
Ғажайып сәт: (есік қағылады. Педагог: балалар тыныш біреу есік қағып
тұр) осы кезде аққала кіріп
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің
білімдеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге
арналған сыйлықтарым бар.
педагог: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинап, қолдарын жылы суға
батырып содансоң сүртіп отыра береді
педагог:. Қар қандай ? (түсі ақ, суық, мұздай) қар қолда тұрса не болады? (
ерейді еріп суға айналады) Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге
аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.
Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Ендеше қыс туралы жұмбақ жасырсам жауабын таба аласыңдарма?
Табаныма байладым қос аяқпен айдадым?( Шаңғы)
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады? (қар)
Суға батпайды, отқа жанбайды? (мұз)
2. Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )
Аққала: Жарайсыңдар!
педагог: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін
орындап, бір серігіп қалайық:
(АҚТ- н балалар қарап тұрып музыкамен орындайды.) болмаған жағдайда
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі — берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.

педагог: Балалар, енді аққаламызға естелік ретінде қолымыздан аққаланың
бейнесін жасап берейік.
Төрт үстелге бөлінеді:
1- үстел: балауыз шам жағалған ақ қағаздан аққаланың бейнесін шығару.
2- үстел:семетриямен сурет салу, беттестіру арқылы
3- үстел: жасанды қардан аққала жасау
4- үстел: 3д форматынан аққала жасау.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар!
Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың
ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған
сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген
қарымдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен
қоштасамын, келесі кездескенше сау болыңдар!
педагог: Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)
Қорытынды: балалар сендерге бүгінгі оқу іс әрекеті ұнадыма?смайликпен
білдіріңдер.
Не ұнады? Мағанда бәрі ұнады. Бүгін сендер сондай керемет болдыңдар
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *