Көңілді қыс

Киманова Гульсара Ораловна

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі оның шығармалары туралы білімін кеңейту . «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнын мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, сызбалар, суреттер, слайд, бағалау парағы, ойындар.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Топқа бөлу, топтың атын, ұранын ойластыру. (2 минут)

-Бүгін сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін сендермен топпен жұмыс істейміз.Бүгін біз қыс мезгіліне саяхат жасаймыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.

«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу-ауызша . (5 минут)

10-Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі?

20-Қыс мезгіліне байланысты болжамдар.

30-Қыста жерді басып кетті, ал көктемде ағып кетті (қар)

40-Табаныма байладым, қос аяқпен айдадым.(шаңғы)

50-Қыс қандай? (қарлы,аязды)

60-Қыста ағаштар қандай? Неге?

  1. «Ой шақыру» стратегиясы (2 минут)

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше бүгін біздің қайталау сабағымыз қыс мезгіліне байланысты болады.

Бүгін біз сендермен белгілнеген аялдамалар бойынша сяхатқа шығамыз . Саяхаттағанды ұнатасыңдар ма? Ал саяхаттаған кезде, адамдар шаршаған кезде не істейді?

-Әрине, дем алады. Ал біз сабағымызда аялдамаларда берілген тапсырмаларды орындаймыз.

1 аялалдама: «Қыс мезгілі» аялдамасы.

2 аялдама «Қыс өлеңі»

3 аялдама «Саханалық көрініс» аялдамасы.

4 аялдама «Қысқы орман» аялдамасы.

Осы аялдамаларда бізді көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Ал, балалар, біз саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше бастайық.

1 аялдама «Қыс мезгілі» аялдамасы. 7 минут

Бұл аялдамада бір топ кластер, бір топ коллаж жасайды қыс мезгіліне байланысты. Екі команданың топбасшылары алға шығып, стикерде жазылған қағаздарды таңдайды. Әр топ өз істеген жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.

2 аялдама «Қыс өлеңі»            7 минут             

Бұл аялдамада екі топқа екі өлең беріледі , сол өлеңді оқып мазмұнын талдап айтып береді.

Сергіту сәті «Алақай, балақай» (2 минут)

3 аялдама «Саханалық көрініс»  8 минут

Бұл аялдамада екі топқа екі мәтін беріледі сол мәтінді саханалап берулері керек.

4 аялдама «Қысқы орман»5 минут

Мына аялдамадан өту үшін ,сендер Жер-Ананың хатындағы сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қыста қыстайтын құстардың аттарын атаңдар?(қарға,сауысқан,суықторғай,шымшық,тоқылдақ)
  2. Аңдардың қысқы тіршілігі туралы айтыңдар (аю, қоян)
  3. Қысқы киімдер туралы айтып беріңдер.
  4. Қысқы қандай ойындарды білесіңдер?

Қорытынды.

-Бүгін сабағымызда не айтылды?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдаршы?

-Бүгін сабақ сендерге ұнады ма?

-Сендерге не қиын болды?

— Не оңай болды?

-Біз бүгін қандай жұмыстар жасадық?

Бағалау.

«Өз жұмысыңды бағала»

Әр топ өз жұмыстарын бағалап бір- бірлеріне баға қояды.

Жасыл түс-мен  бәрін жақсы түсіндім және досыма түсіндіре аламын.

Сары түс-мен түсіндім, бірақ маған көмек қажет.

Қызыл түс-маған бүгін сабақ қиын болды, түсінген жоқпын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *