Көліктер

  Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы

№ 3 «Ертөстік» бөбекжай-бақша

Тәрбиеші :  Досжанова Құндызай Ильяқызы

І-санатты тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы:»Таным»

Бөлімі:  Жаратылыстану

Тақырыбы:  Көліктер

Мақсаты:Балаларды  көліктерді атап, олардың қызметін әңгімелей білуге үйрету.Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту,тиянақтау,қызығушылықтарын артыру;Көліктердің адамға қажеттілігіне назар аударту;Сөйлеу қабілеттерін,әңгімелеп беруге қызығушылықтарын арттыру.Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі:  көліктер суреттері,светафор

Қосымша құрал-жабдықтар: проектор,аудио жазбалар,суреттер

Билингвистикалық компонент:көлік-машина,дөңгелек-колесо,жүргізуші-шофер

 

Іс-әрекет кезеңі

                        Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар орнымыздан тұрып,қонақтармен амандасып алайық

Шаттық шеңбері

«Ертөстік» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!
-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ.Бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр.Өйткені бізде бүгін ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

           Көліктің даусы естіледі

Балалар,естіліп тұрған  ненің даусы?

-Дұрыс бұл көліктің даусы.

Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміздің  тақырыбы «Көліктер»

 

      Слайд көрсету арқылы жұмыс

 

Бұрынғы ата-бабаларымыз көлік ретінде

жылқы мен түйені пайдаланған.Кейіннен

көлік түрлерінің әр түрін ойлап шығарған.

-Балалар  сендер көлік түрлерінің үшке

бөлінетінін білесіңдер ме?

-Онда бәріміз экранға назар аударайық.

-1.Жолмен жүретін  көліктер.Олардың өзі

 

 

 екіге бөлінеді.Жеңіл көліктер және ауыр көліктер.

-Жеңіл көліктер:жеңіл автомобильдер,мо-

тоцикл,велосипед ,автобус жатады.Жеңіл

көліктер адам тасуға арналған.

-Ауыр көліктерге -ауыр жүкті таситын көліктер жатады.Олардың да түрлері өте көп.Мысалы:Камаз,өрт сөндіру машинасы,

трактор,кран,эксковатор,комбайн

-2.Суда жүретін көліктер:кеме,қайық,тепло-

ход.пороход.

-3. Әуе көліктері:ұшақ,тікұшақ,

-Бұлардың барлығы бір сөзбен көлік деп аталады.Көлік-орысша  машина 

-Кәне бәріміз айтайықшы  

-Балалар көлік туралы кім тақпақ біледі?

-Әлихан   айта ғой

Бип,бип,бип машина

Жолдан былай кет деймін.

Күшікті басуға басуға

Болмайды машина

Бип-бип,бип

-Көшеде бізде көліктердің жүрісін реттеп отыратын, көліктер соқтығысып қалмау үшін бізге не керек?

-Бағдаршам.

-Дұрыс айтасындар.

-Орыс тілінде бағдаршамды-Светафор

дейді екен.

-Кәне қарайықшы бағдаршамның  неше көзі бар?

-Үш көзі бар екен.

-Қандай  түсте екен?

-Дұрыс балалар.Қызыл,сары,жасыл.

-Ал бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?

-Санжар келе ғой

Бір көзім»жүр»дейді,

Бір көзім»кідір»дейді,

Бір көзім»тоқта»дейді

-Балалар, көліктердің түрлері өте көп екен.Көліктің адамға тигізер пайдасы зор.Көліктер алыс жерді жақын қылып баратын жерге тез және жылдам жеткізеді екен.

-Көліктің негізгі қандай бөліктерден тұратынын атап шығайық.

-Адам отыратын жерін кабина-дейді екен.

-Кабина қандай пішінге ұқсайды?

-Төртбұрыш

-Неше дөңгелегі бар екен балалар?

-Төрт дөңгелегі бар екен.

-Дөңгелек -орысша-колесо

-Дөңгелек қандай пішінге ұқсайды

-Шеңберге

-Көлікті жүргізетін адамды кім деп атайды?

-Көлік жүргізуші деп атайды

-Көлік жүргізуші,орысша-шофер

-Жарайсыңдар балалар,шарашап қалған шығарсыңдар,онда  енді бой сергітіп алайық

 

                          Сергіту сәті

 Балалар теледидар арқылы ,музыкалық әуен арқылы қимылдар жасайды.

 

ТРИЗ технологиясы арқылы жұмыс жасау

-Балалар кәне бәріміз ортамызда тұрған затқа назар аударайықшы.

-Кәзір біз  «Жер, Су, Ауа» ойынын ойнаймыз.Мына жерде аспан,жер,су бейнеленген.Ал мына жерде көлік түрлері тұр.Осы  жердегі көліктерді өз орындарына қойып шығу керек.

-Кәне кімдер ортаға шығып ойын шартын орындайды екен?

-Енді топтық жұмыс орындаймыз.Топтық ойынымыз «Өз орнына қой»деп аталады.

Кәзір екі топқа бөлінеміз.

-Бірінші топ көліктерді түсіне сәйкес гараждарға салады.

-Екінші топ- көліктерге пішініне сәйкес дөңгелектерін орналастыру керек.

-Балалар жарайсыңдар!Орындарыңа орналаса қойыңдар.

 

                        Қорытынды:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр мұқият тыңдап алайық.

                  Жұмбақ

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

 

Май жейді,су ішеді,жүреді

Ол не ?

-Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар  жауабы:көлік.

Сұрақ-жауап.Балаларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

 

Балалар қонақтармен амандасты.

 

Шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге қайталап айтып шықты.

 

Өткен іс-әрекетіне жауап берді.Төрт орыс тілінде айтып шықты.

 

 

Балалар дыбысқа назар аударды.

 

 

Балалар слайдқа

 назар аударды.

 

 

 

Суреттермен танысып көліктердің түрлерімен танысты.

 

Жолмен жүретін көліктерді орыс тілінде айтып шықты.

Ойыншық көліктерге назар аударды.

 

Су көліктерін атайды.

 

 

Әуеде ұшатын көліктерді орыс тілінде айтып шықты.

 

 

Әлихан тақпағын

айтып берді.

 

 

 

Светафорға назар аударды,оның неше көзі бар екенін айтып шықты.Сұрақ жауаптарға жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көліктердің

 

бөліктерін атап шықты.Орыс тілінде көлік бөліктерін атап шықты.

 

 

Теледидардан көліктермен танысты.

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін әуен арқылы билеп шықты

 

 

 

 

 

Балалар  ойын шартын дұрыс түсініп орындап шықты.

 

 

 

 

 

 

Ойынды балалар қызығушылықпен ойнап шықты.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін ойланып табады.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді.

 

                                               

                                    Күтілетін нәтиже:

Біледі :көліктер жайлы біледі;

Игереді:орыс тілінде көліктердің атауларын;

Меңгереді:Суда,әуеде,жерде жүретін көлік түрлерін ажыратуды;

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *