Көктем картаткасы 2-3 жастағы арналған балаларға

Көктем мезгілінің картотекасы

 

                                         Картотека №1

Бақылау:  «Қардың еруі».

Мақсаты:  Балаларға көктем мезгілінің келгенін айтып, қардың еру кезеңдерін бақылату, көктемгі табиғат өзгерістерің жылдың басқа мезгілдерімен салыстырып, ажырата білуге үйрету.

Қимыл ойындар:  «Тапқыш»

Ойын мақсаты:  Балаларды шапшаңдыққа жылдамдыққа үйрету, достыққа, ізгілікке баулу.

Ойын шарты: Балаларды екі командаға бөліп, араларынан ойын жүргізушіні сайлап алу керек, оны санамақ арқылы сайлаған жөн. Екі сызықты бойлап бір-біріне қарама-қарсы отырады. Екі команданың ара қашықтығы шамамен екі метрдей болады. Жүргізуші командалардың бірінің шеткі ойыншысына кез келген сөздің басын, мәселен «Қар…» деген сөзді айтып допты лақтырады. Оны қағып алған ойыншы «…быз» деген жалғасын айтып, допты әрі қарай қарсыласына лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді. Жүргізуші жауап беру барысындағы кібіртіктің бәрін байқап, сол үшін айып ұпайын белгілеп отырады. Ол сондай-ақ ойын тәртіінің сақталуын доптың дәл лақтырылуын, сыбырлап, демеп жіберушінің болмауын, белгіленген уақыттың өтіп кетпеуін қадағалайды. Ойын өздерінің алдын ала жасаған келісімдері бойынша 3-5 минутқа созылуы тиіс. Ойынды күрделендіре түсу үшін оны өз қалауларың бойынша белгілі бір тақырып аясына, мәселен, қалалардың аттары, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің төңірегіңе қарауға да болады. Міне, белгіленген уақыт аяқталды. Айып ұпайларын ең аз жинаған команда женген болып танылады.

Еңбек: «Таза алаң»

Мақсаты: Ойын алаңын тазалау. Еңбексүйгіштікке, тазалыққа баулу.

Жеке жұмыс: Көктем туралы тақпақ жаттату.

Көктем келді далаға,

Көктем келді көшеге.

Көктем келді ауылға,

Нұрын төкті әлемге.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтып, толық сойлеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Қуғыншы»
  2. «Ақ серек-көк серек»

Тренинг: «Достық шаңырағы»

 

 

 

 

Картотека №2

 

Бақылау:  Көктемгі ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Балаларға көктемгі табиғат өзгерістерін бақылату, жылдың басқа мезгілдерімен салыстыру, қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүрудің қажет екені туралы түсініктерін қалыптастыру.

Қимыл ойындар: «Бес тас»

Ойын мақсаты:  Балаларды батылдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, талпынысқа баулу.

Ойын шарты: Бір-бірімен шамалас 5 тас алып, оны ойыншы аспанға лақтырып қағып алу.

Ендеше көлемі бір-бірімен шамалас, бармақтай-бармақтай тас алыңдар. Енді араларындағы батылдауларын шығып соларды шамалы биікке лақтырып қағып алсын. Ендігі міндет қиындау. Сол тастарды тағы да әуеге лақтырып, соларды қағып алғанша, екі алақанын денесінен алдынан және артынан бір-біріне шапалақтап үлгеруі тиіс. Енді ойыншы қалған тастарды әуеге атып, оларды алақандарының ту сыртымен қағып алуға тырысуы керек.

Қолында қалған тастарды тағыда әуеге атып жіберіп,  солар қайтып қағып алуға оралғанша, өзің жердегі бұрыннан шашылған тастарды мүмкіндігіңше көбірек теріп алуға ұмтылу.

Енді соңғы кезең, бұл жолы ойынның бастапқы тәртібі қайталанады: қолыңдағы тастарды әуеге атасын да, оларды қос алақаныңмен қағып аласың.

Осы бес кезеңнен өткеннен кейін кімнің қолында көп тас қалса, сол жеңіске жеткен болып есептеледі.

Еңбек: Бөбекжай ауласын қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.

Жеке жұмыс: «Көктем келді»

Келді көктем далаға

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар,

Айдын көлді арала.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын байыту, бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыру, тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу, балаларға тақпақ үйрету арқылы алғашқы ойлау операциясын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. Әткеншек тебу.
  2. «Қу түлкі
  3. «Қуғыншы»

 

 

 

 

Картотека №3

 

Бақылау: Тырнаны бақылау.

Мақсаты: Балаларға  тырна туралы түсінік беру, тырнаның жыл құсы екендігін, күз мезгілінде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде біздің жаққа қайтып келетінін ұғындыру.

Қимыл ойындар:

  1. «Жақсы-жаман»

Ойын мақсаты:  Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге, жаман нәрселерден аулақ болуға, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.

Ойынның барысы:

-Құстарға жем берген жақсы ма?

-Жақсы

-Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

-Жоқ, жаман т.с.с жалғаса береді.

  1. «Шымшық доп».

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке баули отырып, ойын әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Алаңның ортасындағы бір тағанның үстіне ұзындығы 30 см, ені 6-7 тақтайшаны қисайтып қояды. Оның төменгі жағына кішкене доп қойылады ( доп дұрыс орналасу үшін тақтайға ойыс жасап қою қажет.) Ойнаушылар тақтайшадан айналып тұрады. Басқарушы таңдап алынады. Ол тақтайшаның жоғарырақ тұрған бос шетін аяғымен теуіп қалғанда, доп жоғары секіріп кетеді. Ойнаушылар оны ұстап алады. Допты ұстап алған бала басқарушы болады да, ойын қайталанады. Ойынға бір мезгілде 5-6 баладан қатыса алады.

Еңбек: Құстарға жемсауыт жасау, жем беру.

Мақсаты: Балаларды құстардың адам қамқорлығына зәру екендіктерін түсіндіру.

Жеке жұмыс: Балаларға тырна туралы өтірік өлең жаттату.

Тауқұдірет әзілдеп.

Тырнаға «ән сал», -дейді.

Тоқылдауық: «Азық жеп,

Тойыңқырап ал»,-деді.

Мақсаты: Сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Қаздар-қаздар»
  2. «Қуыспақ»

Тренинг: «Шаңырақ»

 

 

 

 

 

 

 

Картотека №4

 

Бақылау: Теректерді бақылау.

Мақсаты: Балаларға көктемгі табиғаттың өзгерістерін айта отырып теректердің түрлерімен таныстыру, пайдасын ұғындыру, олардың бүршіктерін бақылату, теректі аялап, баптауға баулу, адамның қамқорлығына зәру екенін түсіндіру.

Қимыл ойындар:

  1. «Әтешше айқас»

Ойын мақсаты:  Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Екі командадан екі бала ортаға тұрады. Екеуі де сол аяқтарын бүгіп, сол қолмен ұстап, көтеріп тұрады.  Оң қолдарын кеуделеріне қояды. Сонан соң кәдімгі әтеш құсап бір-біріне ұмтылып, иық қағыстырады. Қайсысы жығылса, не бүгілген аяғын түсіріп алса, ұтылады. Осылайша команда мүшелері түгел ойнап болғаннан кейін, көп ұпай жинаған команда жеңеді.

  1. «Мен жақсымын».

Ойын мақсаты:  Баланың бойына сыпайылық, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін орнату.

Ойын шарты: Күнделікті ұсақ-түйек келеңсіз жайлардың бәріне жымиып, жағымды үнмен жауап беру.

-Құрылысты кім бұзды?

-Байқамай бұзып алдым.

-Ойыншықтарды кім шашып тастады?

-Мен ғой, кешірім өтінемін,- дейді жымиып. Ойын солай жалғаса береді.

Еңбек: Теректерге су құюға көмектесу.

Мақсаты:  Еңбекке деген ынтасын кеңейту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: «Ағаштар» тақпағын жаттату.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Теректің түрлері туралы алған мәліметтерін саралап, қорытындылау, олардың адам мен табиғатқа тигізер пайдасын ұғындыру.

Мақсаты: Балаларға табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсігіктерін бекіту, қоршаған ортаның сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Кім тез жинайды?»
  2. «Жапырақ жинау»

Тренинг: «Біз біргеміз»

 

 

 

 

Картотека №5

 

Бақылау: Айналадағы адамдардың  еңбегін бақылау.

Мақсаты: Балаларды үлкендердің еңбегінің түрлерімен таныстыра отырып, еңбекті құрметтеуге оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Қимыл ойындар:

  1. «Жаяу тартыс»

Ойын мақсаты:  Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке, мықтылыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Екі ойыншы бір-біріне арқаларымен қарсы тұрып, тұйықталып байланған арқанды мойыңдарына іліп,қолтықтарына өткізеді. Арқанның екі ұшының бір-бірімен байланып жалғанған жер екі ойыншының арасындағы орта тұста болуы тиіс. Бір…екі….үш…!

Осы үш саны айтылған сәтте ойыншылар, бірінен-бірі бір мезгілде өз жағына қарай тарта жөнелулері тиіс. Екеуінің қайсысы мықты болса, сол сыңарын өз жағына бұрын белгілеп қойған сызыққа тартып әкетеді. Бірінші тартып әкеткен бала жеңіске жетеді.

  1. «Соқыртеке».

Ойын мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамытып шапшаңдыққа үйрету.

Ойын шарты: Ойыншылар дөңгелеңе тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды -«соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойы жалғаса береді.

Еңбек: Үлкендерге ауланы жинауға көмектесу.

Мақсаты: Балаларды үлкендермен бірге шамасына қарай бірлесіп еңбек етуге арластыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Еңбек туралы мақал-мәтелдер үйрену.

  1. Еңбек-ширатады,

Өмір үйретеді.

  1. Еңбек етсең еріңбей,

Тояды қарның тілеңбей.

  1. Еңбек-бәрін жеңбек.
  2. Еңбекпен тапқан нан тәтті.

Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын кеңейту, тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Тез қуып жет»
  2. «Айгөлек»

Тренинг: «Дос болайық, бәріміз!»

 

 

 

 

  Картотека №6

 

Бақылау: Бұлтты күнді бақылау.

Мақсаты:  Балаларға бұлттың қалай түзілетінің, одан кейін жаңырдың жауатынын, көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстрының өзгерістерін түсіндіре отырып бақылату.

Қимыл ойындар:

  1. «Допты ұста»

Ойын мақсаты:  Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке, қырағылыққа баулу, ойын әрекеті арқылы татулыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға ойнауға ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100 см жерде тұрады. Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып «Ұста» деген белгі береді. Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады. Осылайша ойын жалғаса береді.

  1. «Балабақша».

Ойын мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ойын шарты: 1-бала тәрбиеші, 2-сі күтуші, 3-сі  мейіркеш, ң-сі аспазшы рөлін атқарады. Тәрбиеші: «Бүгін Балабақша» ойынын ойнаймыз, күнделікті бақшада не істейсіңдер, соны ойын арқылы бейнелейсіңдер», -дейді. Тәрбиеші ойынға басшылық жасап ойынды әрі қарай өрбітеді.

Таңертең бақшаға келген баланы «мейіркеш» қабылдайды, тазалығын қарайды. Тәрбиеші ойыншықтарды ұсынып оларды ойнатады.

Аспазшы рөліндегі бала ойыншық ыдыс-аяқтарды үстелге қойып, балаларды тамақтануға шақырады. Балалар қолдарын жуған боп тамаққа отырады.

Күнделікті режим сәттерімен әрі қарай ойынды өрбітеді.

Еңбек: Ағаш қалдықтарын жинау.

Мақсаты: Балаларды  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:  Балаларға «бұлт, күн» деген сөздерді үш тілде қайталату, бұл туралы жұмбақтар жаттату.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын байыту, жұмбақтарды шешу арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Машина»
  2. «Түлкі мен қаздар»

Тренинг: «Тамшылар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 Картотека №7

 

Бақылау: Аққайын ағашын бақылау.

Мақсаты:  Балаларға аққайың ағашының елімізде көп таралған сәнді, сымбатты, биік бойлап өсетінін, емдік қасиетін, бүршіктерінен дәрі-дәрмек жасалатынын туралы түсінік беру және оның пайдасын ұғындыру.

Қимыл ойындар:

  1. «Түйілген орамал»

Ойын мақсаты:  Балалардың ойын әрекетіне деген қызығушылықтарын дамытып, ептілікке, қырағылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Ойын шарты: Ойын қызықты өтуі үшін ойыншылардың саны 5-6- дан аспағаны жөн, оның біреуі санамақ арқылы бастаушы болып белгіленеді. Бұдан кейін алаңға аумағы үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылар сол шеңбердің ішінде тұрады. Олар хормен 3-ке дейін санайды. «Үш» деген кезде жан-жаққа қаша жөнеледі, бірақ шеңберден шықпайды. Бастаушы қолында орамалы бар ойыншыны қуып жетіп, орамалын алып қоюы керек. Бірақ ол оңай емес, бастаушы жете бергенде ойыншы қолындағы орамалды басқа бір ойыншыға бере салуы, орамал сөйтіп қолдан-қолға көшіп отыруы мүмкін. Егер бастаушы ептілік көрсетіп орамалды қалайда қолға түсірсе, одан айырылып қалған ойыншы бастаушының орнын алмастырады.

  1. «Арқан ойын».

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа баулып, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Бұл ойын үшін арқан қажет. Алаңға радиусы арқанның ұзындығындай шеңбер сызылады. Санамақ арқылы бастаушы белгіленеді. Бастаушы шеңбердің дәл ортасында тұрып арқанды бір ұшынанұстап тізеден келетіндей биіктікте біресе жай, біресе қаттырақ шеңбер үстімен айналдыра бастайды. Ойыншылар арқанның үстінен аттап немесе секіріп, оны денесіне тигізбей өткізіп жіберуге тырысады. Арқан тиіп кеткен бала келесі ойыншымен орнын алмастырады.

Еңбек: Қайың ағашының түбін қопсыту.

Мақсаты: Балаларды тазалыққа, жинақылыққа, еңбек ету ниетіне тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:  Балаларға аққайың туралы өлең жолдарын жаттату.

Алатауды бөктерлеп,

Өсіп тұрған аққайың.

Жапырағы көкпеңбек,

Жазылады жаз сайын.

Мақсаты: Сөздік қорларын байыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу.

Баланың өзбетінше ойыны: 1. «Ұшты-ұшты»  2. Әткеншек тебу.

                                  

 

 

 

 

                                          Картотека №8

 

Бақылау: Шөптерді бақылау.

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі жаңадан шығып келе жатқан шөптерді бақылата отырып, оларды жұлмау керектігін үйрету, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлық сезімдерін ояту.

Қимыл ойындар:

  1. «Доп шеңберде»

Ойын мақсаты:  Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке баулып ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын шарты: Балалар жерге дөңгеленіп отырады да, допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа итеруді үйретеді.

8-10 баладан құрылған топтаойын қызықты да ширақ өтеді.

  1. «Тапқыш».

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа баули отырып, ойлау қаілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Екі командаға бөліп, араларынан ойын жүргізушіні сайлап алу керек, оны санамақ арқылы сайлаған жөн. Екі сызықты бойлап бір-біріне қарама-қарсы отырады. Екі команданың ара-қашықтығы шамамен екі метрдей болады. Жүргізуші командалардың бірінің шеткіойыншысына кез келген сөздің басын, мәселен, » Қар» деген сөзді айтып допты лақтырады. Оны қағып алған ойыншы «..быз» деген жалғасын айтып, допты әрі қарай қарсыласына лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді. Жүргізуші жауап беру барсындағы кібіртіктің бәрін байқап, сол үшін айып ұпайын белгілеп отырады. Ол сондай-ақ ойын тәртібінің сақталуын, доптың дәл лақтырылуын, сыбырлап, демеп жіберушінің болмауын, белгіленген уақыттың өтіп кетпеуін қадағалайды.  Ойын өздерінің алдын ала жасалған келісімдері бойынша 3-5 минутқа созылуы тиіс.

Міне, белгіленген уақыт аяқталды. Айып ұпайларын ең аз жинаған команда жеңген болып танылады.

Еңбек: Ауладағы сынған бұтақтарды жинату.

Мақсаты: Балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс:  «Табиғат-біздің досымыз» деген тақырыпта әңгімелесу.

Мақсаты: Сөйлемде толық айтуға үйрету, сөздік қорларын байыту, ойлау қабілетін жақсартып, зейінін, қиялын дамыту.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Ақ серек-көк серек»
  2. Құмнан үйлер құрастыру.

Тренинг: «Сиқырлы айналу.»

 

 

 

 

 

  Картотека №9

 

Бақылау: Жерді бақылау.

Мақсаты: Балаларға жер туралы алғашқы түсінік беру және жер анаға құрметпен қарауға тәрбиелеу, жердегі топырақтың түсін, түрін айырып, оның адамға тигізер пайдасы туралы мәлімет беру, жерден шығар өнімнің пайдасын ұғындыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Сақина кімде?»

Ойын мақсаты:  Балаларға сақтылықты, жылдамдықты үйрете отырып, татулыққа, елсенділікке баулу.

Ойын шарты: Балалар қолдарын алдарына ұстап, бір-бірінен қол созым жерде отырады. Жүргізуші қолындағы «сақинаны» ұсынған алақандарға қалдырып кеткен сыңай таңытып, ойыншыларды жағалап жүрді.Бәлкім «сақина» бұл кезде біоеуінің алақанына салынып та қойған болар. Бірақ мұны, жүргізуші де, «сақина»алақанына салынған ойыншы да басқаларына білдірмеуі керек. Осылай жүргізуші ойыншыларды бір немесе бірнеше рет жағалап айналып шығады. Енді бір сәтте ол: «сақина кімде?» деп айқай салады. Осы сәтте қолында «сақинасы» бар ойыншы орнынан атылып тұрып ортаға жетеді. Ал бірақ ол оңай емес. Себебі ойынның шарты бойынша әр ойыншы өзінің сол жағындағы көршісінің әрбір қимылы мен қас-қабағын бағып, орныңнан тұрып, ортаға кетіп қалмауын қадағалап отыруы керек. Тұрып бара жатса, иығынан басып, ұстап қалуы тиіс. Алайда, егер «сақина» иесі көршісін қапы қалдырып, ортаға жетіп үлгерсе, онда соны қолдан шығарып алған көршісі ойынды әрі қарай жалғастырады.

  1. «Қақпанға түсіру».

Ойын мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке, мықтылыққа баулу, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын шарты: Бұл қызықты ойын көп уақыт алмайды. Күш жағынан өзара шамалас балалар екі топқа бөлінеді, ортадағы сызықтың екі жағына, бір-біріңе қарама-қарсы тұра қалыңдар. Тұрдыңдарма? Ендеше әрқайсысының өз жұптарының қолдарынан ұстап, өздерінің тұрған жаққа қарай тартыңдар. Кімде-кім өзіне қарай тартып алса, сол топ жеңімпаз атанады.

Еңбек: Ойын алаңындағы құмды көтеру.

Мақсаты: Балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс:  Ә.Табылдының «Бидай» өлеңін жаттату.

Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма симаймын.

Мақсаты: Сөздік қорын байыту, тілдік грамматикасын дұрыс қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Қуып жет»

Тренинг: «Тілек шоғы».

 

   Картотека №10

 

Бақылау:  Жыл құстарының келуін бақылау.

Мақсаты: Балаларға жыл құстары туралы мәлімет беру, олардың түрлерімен таныстыру, құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу, табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Жақсы және жаман»

Ойын мақсаты:  Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзбеттерімен ойлап, қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Ойын шарты: Теңіз-жақсы, себебі..(теңізде демалуға болады, теңіз суының емдік қасиеті бар, теңізде адамдар демалыс күндерін өткізеді, теңіз суы ащы, бірақ пайдалы).

Теңіз-жаман, себебі… (суық суда шынықпаған адам тез ауырып қалуы мүмкін, малту білмесе батып кетуі, кемелер соғылуы мүмкін, теңізде акулалар өмір сүреді…т.б.) Ойын осылай жалғаса береді.

  1. «Аквариумдағы балықтар».

Ойын мақсаты: Балалардың зейінін қалыптастыру, рольге енгізе отырып ойнату.

Ойын шарты: Балалар аквариумдағы балықтардың роліне енеді, аквариумдағы балықтардың қимыл-қозғалысын, суда жүзгенін бейнелейді.

-Балық болып жүземіз, шынығамыз суда біз! (қолдарын төмен қаратып қимылдатады)

Шынықсақ біз бәріміз, шымыр болып өсеміз! (балалар қимылмен көрсетеді)

Еңбек:  Ауладағы сынған бұтақтарды жинату.

Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс:  Балаларға құстар туралы жұмбақ жаттату.

1.Күндіз тіпті ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды       (жапалақ)

  1. Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады.    (тоқылдақ)

  1. Құйөылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін.  (қарлығаш)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорытып молайтып, толық сөйлеуге үйрету.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Аю жүрген орманда»

Тренинг: «Дос болайық бәріміз»

 

 

 

 

  Картотека №11

 

Бақылау:  Жаңбырлы күнді бақылау.

Мақсаты: Балаларға жаңбырдың жауу бағытын көрсету, бұлттың неден түзелетіні туралы мәлімет бере отырып, қатты нөсер мен жай жауыңды ажыратуға үйрету, жаңбырдың маңызы туралы білімін кеңейту.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Біз тамшылармыз»

Ойын мақсаты: Балалардыңойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Балалар тамшы бейнеленген қағаздан тәж киеді. Тәрбиеші бұл киіпіндегі тәжді киеді. Ол бұлт-анасы, ал балалар оның тамшылары болады. Балалар бұлт анасын қоршап, айналады, секіреді.и»Бұлт анасы» тамшыларды жер бетіне қыдыруға жібереді, оларға өздерін жақсы ұстау, өсімдіктерді суару, жер бетін жуу және қайта оралуларына кеңес береді.

Балалар жан-жаққа тарап, содан кейін бірге жиналып, бірінен кейін бірі тұрып «жылға», «арық» болып аққан көріністі көрсетеді.

Тәрбиешінің нұсқауымен балалар жылғаның суы бірге жиналып, (екі қатар) «өзенге» айналғанын көрсетеді. «Өзен» ағып «теңіз» болады-балалар үлкен шеңбер жасайды «Бұлт-ана»олардың тамшы екендерін ескертіп, үйлеріне шақырады. «Теңіз»буланып, балалар тамшыларға айналып, біртіңдеп біртіңдеп бұлтқа айналады.

  1. «Күн, су, ауа».

Ойын мақсаты: Берілген белгі бойынша ойынның шартын бұзбай дұрыс ойнауға үйрету.

Ойын шарты: «Күн» дегенде балалар ашық алаңда ойнап жүреді, өсімдік болып өседі, өйткені өсімдіктер күнді жақсы көреді, күнмен өседі «Су» дегенде балалар балық кит сияқты суда жүзеді.

«Ауа» дегенде құстар, ұшақ сияқты қалықтап ұшады т.б. Ойын осылайша жалғасады.

Еңбек:  Ойын алаңын тазалау.

Мақсаты: Тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс:  «Қатты нөсер», «жай жаңбыр» сөздерін үш тілде қайталату және жаңбыр туралы тақпақ жаттату.

Ақсың, сұрсың, қарасың,

Қайда қалқып барасың.

Жерге нөсер төгемін,

Өссін гүлдер, көп өссін. Гүл-гүл жайнап өсер көк,

Нөсерлетсең, нөсерлет.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтып, дұрыс сөйлеу артикуляциясын дамыту.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Кім жылдам»

Тренинг: «Тамшылар»

   Картотека №12

 

Бақылау:  Тұманды бақылау.

Мақсаты:  Тұманды күнді бақылау, ашық күн мен тұманды күнді салыстыруға үйрету.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Жаңылма»

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, әр түрлі қимылдар жасауға батылдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелеңе тұрады да, ортасынан санамақ айтып бір баланы ортаға шақырады. Шыққан бала «өлең, тақпақ,әңгіме» айтып тұрып кез-келген жерінде жата қалады, не болмаса құлағын ұстайды, басын сипайды, тағы сол сияқты әрекеттер жасайды. Оның өлең, тақпақ, әңгіме айтып тұрып істеген қимылдарын қайталай алмай қалған бала айыпты болып, бала өлең, тақпақ, әңгіме айтып күлдіреді.

  1. «Үкі».

Ойын мақсаты: Балаларды сезімталдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке және ойынға деген қызығушылықты арттыруға тәрбиелейді.

Ойын шарты: Балалар таңдап алынып, оның көздері орамалмен танылып, ортаға шығарылады.

Ойынды жүргізуші үкі көзіндегі орамалын шешпестен ойыншылардың бірін танып білуі керек. Ойынға қатысушылар үкіні адастыру үшін сырт киімдерін ауыстырып, басқа да түрлі әрекеттер жасайды.

Үкі ойынын үлкен бөлменің ішінде де, аулада да ойнай беруге болады. Ол үшін аулада үлкен етіп шеңбер сызамыз, оның сыртына шығуға болмайды.

Әдеттегідей санамақ арқылы ойын жетекшісі барады. Үкінің долбары дәл шықса, ол сол танылған ойыншымен орын алмастырады.

Еңбек:  Қағаз қалдықтарын жинауға көмектесу.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.

Жеке жұмыс:  Табиғат туралы әңгімелесу және жаңылтпаш айтқызу.

Тау бар, тау бар,

Тауда бау бар.

Бауда ара бар,

Ара барда бал бар.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Кім шапшаң?»

Тренинг: «Бір шаңырақ астында»

 

 

 

       Картотека №13

 

Бақылау:  Күнді бақылау.

Мақсаты:  Күн-табиғат сыйы,және оның маңызы туралы білімдерін кеңейту, күннің жарық көзі екендігін, оның адам, табиғат, өсімдіктерге тигізер пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Күн мен түн»

Ойын мақсаты: Балалардың кеңістікті бағдарлай білуін, ептілік қимыл-қозғалыстарын жылдам өзгерте алу қабілеттерін жетілдіре түсу.

Ойын шарты: Ұзындығы 40-60 метрлік алаңның ортасында 2 м параллел екі сызық созылады. Балалар екі топқа бөлініп,қарама-қарсы екі сызықтың бойына тұрады. Топтың біріне «түн», екіншісіне «күн» деп ат қояды. Тәрбиеші «күн» десе күн тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне дейін қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосады. Және керісінше болып ойын жалғастырылады.

  1. «Қапы қалма».

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету, есту қабілетін арттыру.

Ойын шарты: Еденге үш кеспелтек таяқша тікесінен қойылады. Екі бала соларды төңіректеп, музыка ырғағымен билеп жүреді. «Тоқта» деген белгі берілген кезде әр биші екі кеспелтекті қамтып қалуға асығады. Қолына жалғыз-ақ кеспелтек іліккен биші жеңіледі.

Еңбек:  Беседкадағы өз ойыншықтарын жинауға көмектесу.

Мақсаты: Қоршаған ортаның тазалығын сақтау қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Жеке жұмыс:  Күн туралы жұмбақ жаттату.

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.  (күн)

  1. Үлкен табақтан,

Әлемге нұрын таратқан. (күн)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтып, жұмбақты мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

  1. «Мені қуып жет?»
  2. «Поровоз»

Тренинг: «Күн сыйы»

 

 

 

 

 

 

 

   Картотека №14

 

Бақылау:  Желді бақылау.

Мақсаты: Балаларға желдің бағытын бақылату, табиғат құбылыстарына деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Телеграф»

Ойын мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, сөздерді буынға бөлуге үйрету.

Ойын шарты:  Балалар, біз  «телеграф» ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөздерімді сендер телеграф арқылы басқа қалаға жеткізесіңдер. Ол үшін сендер бір қатарға тұрасыңдар, ал мен буын санына қарай қол шапалақтаймын. Қатарда тұрған әр бала кезекпен осы айтылған сөзді қайталапбуынына қарап қол соғуы керек. Ойында екі буынды және үш буынды сөздерді пайдалануға болады.

  1. «Қолтұзақ»

Ойын мақсаты: Қолтұзақ ойыны жұптасып ойналады, бұл ойында балалардың ептілігі мен шапшаңдығы сынға түседі.

Ойын шарты: Мынау суретке қараңдаршы, ойыншылардың біреуі алақанына әлдебір затты, айталық, кішкентай тастарды салады да, ұштары шамалы бүгіліп, топтастырылған саусақтарының үстіне тұзақты кигізеді, тұзақтың екінші ұшын келесі қолымен ұстап тұрады.

Еңбек:  Ойын алаңын тазалауға көмектесу.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.

Жеке жұмыс:  Жел туралы тақпақ айтқызу.

Жел улейді у-у,

Құйын келіп тербеледі зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты,

Жапырақтар қол соқты.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтып, толық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Сұр қоян»

  1. «Қасқыр мен аңшы»

Тренинг: «Достық қалашығына саяхат»

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Картотека №15

 

Бақылау:  Құстардың ұшуы мен қонуын бақылау.

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерің кеңейту, олардың ұшуы мен қонуын бақылату, олардың адамзат қамқорлығына зәру екенін ұғындыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                      

  1. «Қазан»

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, батылдыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты:  Ойыншылар тұрған сызықтан шамамен 10,15,20 қадамдай жерден диаметрі 20 сантиметрдей етіп бір-бірден шұңқыр қазылады, ойыншылардың бәрініңде қолдарында көлемі бір-бірімен шамалас үш-үштен тастары болуы тиіс.

Ойыншылардың міндеті едәуір қиын әрі қызықты деуге болады. Олар қолдарындағы тастарын кезек-кезегімен әлгі шұңқырды көздеп лақтырулары керек. Ойыншы лақтырған тасын қай шұңқырға түсірсе, соншама яғни 10,15,20 ұпайға ие болады. Ұпайды ең көп жинаған ойыншы «жеңімпаз» болып саналады.

  1. «Жаяу көкпар»

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Төреші ойынға қатысушыларды бір сапқа тұрғызады, содан 30-60қадам жерге (бұл қашықтықты өз қалауларыңша белгілейсіңдер). Шартты жүлдеге бір дорба асық немесе кәмпит-ақ болсын делік.

Төреші сондай-ақ сөре сызығын белгілейді.

Төреші белгі берісімен сапта тұрған балалардың барлығы жүгіре жөнеліп, жүлдеге бұрын барғаны соны іліп алып сөреге жеткізуі керек. Осыны бәрінен бұрын атқарып шыққан бала «жеңімпаз» деп таңылады.

Еңбек:  Құстарға жемсауыт жасау.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Жеке жұмыс:  Құстар туралы жұмбақтар жаттату.

1.Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін.  (қарлығаш)

2.Күндіз соқыр не деген?

Түнде қаңдай көреген. (үкі)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтып, тілдік дұрыс сөйлеу грамматикасын қалыптастыру, шағын тақпақтар мен жұмбақтар жатқа айтуға үйрету.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Доп қуу»

  1. «Қарлығаш»

Тренинг: «Құстарша қалқимыз»

 

 

 

 

    Картотека №16

 

Бақылау:  Аспанды бақылау.

Мақсаты: Балаларға аспан әлемі туралы түсінік қалыптастыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                      

  1. «Ақ сандық пен көк сандық»

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, мықтылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты:  Ойынды ойнау үшін «екі балуан» қолдарын бір-біріне айқастырып, бір-біріне арқаларын беріп тұрулары керек.

Содан кейін белгі берілісімен, әр қайсысы өз әріптестерімен қарсылығына қарамастан, оны өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Әрі осы кезде: «Ақ сандық пе?» немесе «Көк сандық па?» сөздерді де айтуды ұмытпауы керек. Енді қарсыласын арқасына көтеріп алады да, қашан жеңілгенің мойындап: «Ақ сандық ұтты!» немесе «Көк сандық ұтты» дегенінше жібермейді.

Сонымен, кім жеңеді? Ақ сандық па, көк сандық па?

  1. «Дауыста, тыңды айтам!»

Ойын мақсаты: Балалардың зердесінің мықтылап, есту қабілетінің жоғарылығын тереңдетіп, ән немесе тақпақ айта білу сияқты қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Ойынды жүргізуші шығарылады. Оның көздері орамалмен таңылады. Содан кейін кімнің қай орында тұрғанын айқамай қалуы үшін ол бір орында бірнеше рет шыр айналдырылады.

Содан кейін жүргізуші ойынға қатысушылардың бірі тұрған тұсты нұсқап: «Дауыста, тыңда айтам» дейді.

Мұңдайда соның саусағы бағытталған ойыншы жүргізуші өзін танып қоймауы үшін мүмкіндігінше дауысын құбылтып дыбыс беруі керек.

Алайда қу жүргізуші соған қарамастан, дауыс иесін дәл тапса, екеуі орындарын алмастырады. Егер таба алмаса, онда жүргізуші өз «айыбын» өтеуі тиіс. Өтеуі ән мен тақпақ айту.

Еңбек:  Балаларға ойын алаңындағы тастарды жинату.

Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа аулу.

Жеке жұмыс:  «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбына әңгімелесу.

Мақсаты: Сөйлеу барысында сөздік қорын молайту, сөздерді белсенді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Санамақ»

  1. Асфальтқа сурет салу.

 

 

 

 

 

                                               Картотека №17

 

Бақылау:  Көліктерді бақылау.

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру, көлік құралдарын түрлі мамандық иелері басқаратыны туралы түсінік беру және көлік мамандарының еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Автомобиль » ойыны

Ойын мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның барысы: Балалар үш -үштен бөлінеді. Бір-бірінің артына 1-ші бала «бампер», 2-ші бала «мотор» 3-ші бала «жүргізуші» болып, қолдарының шынтақтарынан ұстап тіркеледі. Тәрбиеші сигнал бергенде, топтың ішіне «автомобильдерін» бір-біріне соғылыстырмай жүргізеді.

Ал «бампер» және «мотор» (көзін жұмып) «жүргізушінің нұсқауымен жүреді.

Ойын барысында балалар орындарынан кезектестіріп ауыстырып отырады. Оның соңында әр бала «бампер», «мотор», «жүргізуші» қызметін атқарудағы ойларын ортаға салады. Қай рөлде бала өзін жақсы сезінгені туралы әңгімелейді.

  1. «Көліктер» ойыны

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, қырағылыққа баулу.

Ойын шарты: Балалар шеңберге жиналады. Тәрбиеші шеңбердің ортаына тұрып, ойын ережесінің орындалуын бақылайды. Балалар машинаның өте жоғары жылдамдықпен жүргенін елестету арқылы «вжик» деген дыбыс шығарылады.

Еңбек:  Өз машиналарының сынған жерлерін жөңдеу.

Мақсаты: Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіре отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:  Көлік туралы жұмбақтар жаттату.

  1. Қос ішекке қонақтаған қаланы,

Қара тұлпар алға сүйреп барады. (поезд)

  1. Зу етіп жоқ болған,

Соңында от қалған. (зымыран)

  1. Топырақ жеме жата алмайды,

Тас шайнап та қақалмайды (экскаватор)

Мақсаты: Сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Қуылыспақ»

  1. Ирелең жолдармен жүру.

 

 

 

 

 

   Картотека №18

 

Бақылау:  Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Балаларға көктем мезгіліндегі ауа-райын бақылату, жалпы табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсінік беру, ауа-райы табиғат сыйы және оның тіршіліктегі маңызы мен құңдылығы туралы білімдерін кеңейту.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Күн шұғыласы » ойыны

Ойын мақсаты: Айнаның көмегімен күннің сәулесін түсіруді үйрету, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Тәрбиеші өзінің жаңына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:

Қабырғада елеңдеп,

Ойнайды сәуле құбылып.

Ымдасаң болды сен «кел» деп,

Жетеді демде жүгіріп.

Сол үзіліс жасайды да: «Сәулені… ұстаңдар» деген белгі береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.

Керекті құрал: айна.

Еңбек:  Учаскідегі қағаз қалдықтарын жинату.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу, еңбекке қатысу ниеттерін бағалау.

Жеке жұмыс:  «Ауа-райы», «табиғат» сөздерін 3 тілде қайталату, жұмбақтар жаттату.

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

  1. Бір тілім болып туады,

Күннен күнге толады,

Дөп-дөңгелек болады. (ай)

  1. Көзге ілінбейді,

Жұтсан білінбейді. (ауа)

Мақсаты: Балалардың тілдік-қатынастық құзіреттілігін қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Мені қуып жет!»

  1. Тартқышқа тартылу.

 

 

 

 

 

 

 

 

    Картотека №19

 

Бақылау:  Көгершінді бақылау.

Мақсаты: Балаларға көгершіннің «бейбітшілік құсы» екндігін түсіндіре отырып, оларға қамқор болуды үйрету, көктем мезгіліндегі тіршілігін бақылату.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                       

  1. «Доп шеңберде» ойыны

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа ептілікке баулып, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойынның шарты: Балалар жерге дөңгелепотырады да, допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолвмен қалай және қай бағытқа итеруді үйретеді.

8-10 баладан құралған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.

Еңбек:  Ойын алаңыңдағы құмдарды көтеруге көмектесу.

Мақсаты: Балалардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыруды жалғастыру.

Жеке жұмыс:  Балаларға көгершін туралы тақпақ жаттату.

Ақ көгершін, көгершін,

Көгершін келер жем үшін.

Балалар, жем себелік,

Жем жесін де семірсең.

Сөйтіп қолға үйренсін.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып, толық сөйлеуге үйрету, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуіне мүмкіндік туғызу.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Қарлығаш»

  1. «Заттың атын ата»
  2. «Аспазшы»

Тренинг:  «Біз татумыз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Картотека №20

 

Бақылау:  Торғайды бақылау.

Мақсаты: Балаларға торғай туралы түсінік беру, оған деген қамқорлық сезімін ояту, торғайдың мекені, қоректенуі, қозғалысы мен қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                      

  1. «Ұшты-ұшты» ойыны

Ойын мақсаты: Балаларды жылдамдыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

-Ұшты,ұшты-тарғақ ұшты! (ұшады).

-Ұшты,ұшты-жарғақ ұшты! (ұшпайды).

-Ұшты,ұшты- тырна ұшты!(ұшады)

-Ұшты,ұшты- тырма ұшты! (ұшпайды).

Еңбек:  Ойын алаңын тазалауға көмектесу.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа, тазалыққа байлу, бастаған істі соңына дейін жеткізуге үйрету.

Жеке жұмыс:  Торғай туралы тақпақ айтқызу.

Торғау, торғай тоқылдақ.

Жерден тары шоқып-ап,

Бөтекесі бұлтиып,

Шиқ-шиқ деп отырады.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып, есте сақтағыштық қабілетін дамыту.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Алмасу»

  1. «Зәулім үйлер» (құмнан қалашық құрастыру).

Тренинг:  «Үлкен шеңбер құралық».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Картотека №21

 

Бақылау:  Тамақ әкелуші машинаны бақылау.

Мақсаты: Балаларды тамақ әкелушінің еңбегін бақылап, бағалауға үйрету, үлкендерге көмек көрсетуге, оларға ықыласпен қарауға тәрбиелеп, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                      

  1. «Қаздар» ойыны

Ойын мақсаты: Балалардың есту қабілеттерін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.

Ойынның шарты: Қысқаша әңгіме жүргіземіз.

Қаз-өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандарының соңынан жүреді. Егер қауіп төнсе ана қаз екеулеп балапандарын қорғайды.Қаздар көк шалғында жайылып, шөп жейді.

Ойын басталмас бұрын балалардың ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жатқан қаздарды бейнелейді, сол кезде сырнайдың дауысы естіледі.Тәрбиешінің белгісімен қауіп төнгенде сырнайдың дауысы қаттырақ шығады. Осы кезде балалар қанаттарын қағып, жүгіріп барып ана қаздың қасына жиналады. Ойын қайталанғанда ана қаз қайтып сайланады.

Еңбек:  Жеңіл қораптарды асханаға тасу.

Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс:  Балаларға Н. Жанаевтың «Еңбек етсең»тақпағын жаттату.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар,

Бар жақсылық басыңнан.

Мақсаты:  Балалардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, тақпақты айтқанда мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскеліктерін қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Күн мен түн»»

  1. Әткеншек тебу.

Тренинг:  «Шаңырақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Картотека №22

 

Бақылау:  Жүргіншілердің киімін бақылау.

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі адамдардың киімдерін жылдың басқа мезгіліндегі киімдермен салыстыру.

Қимылды ойындар:                                                                                                                                                                                      

  1. «Ақ қоян» ойыны

Ойын мақсаты: Балаларды тақпақты нақышына келтіре айтуға үйрету, ойынға деген қызығушылығын дамыту.

Ойынның барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада «қоян» болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп, тақпақ айтады.

Ақ қоян ау, ақ қоян,

Орныңнан тұрсаңшы.

Шашыңды тарасаңшы,

Бетінді жусаншы.

Әй-әй көйлек кисеңші,

Бірейдің қолын үзсеңші.

дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберге бұзуға тырысады.

Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі, оң жақтағы бала «қоян» болады.

Еңбек:  Ағаш түбіндегі қоқыстарды жинау.

Мақсаты: Балаларды еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмек көрсетуге баулу.

Жеке жұмыс:  Балаларға мақал-мәтел жаттату.

Ағаш көркі-жапырақ,

Адам көркі-шүберек.

Мақсаты:  Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Баланың өзбетінше ойыны:

1.»Қуыршақты киіндіру»

  1. «Қасқыр мен қаздар»

Тренинг:  «Қолшатыр».

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *