КӨБІКТІ ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР

Таскараева Гулмира Бакытбаевна

Сабақтың мақсаты: Ø  Білімділік: студенттерге өрт сөндіруге арналған құралдар түрлерімен, соның ішінде көбікті өрт сөндіргіштермен  атқаратын қызметі жайлы түсіндіру;

Ø  Дамытушылық: студенттердің ғылыми көзқарасын дамыту, жаңа тақырыпқа байланысты суреттер арқылы арнайы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімін дамытуға мүмкіндік туғызу;

Ø  Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, зеректілікке,  атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа, болашақта жақсы маман болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ø  тақырыптың ең маңызды ұғымдарын меңгереді.

Ø  сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімдерін жетілдіреді және жүйелейді.

Ø  топта жұмыс жасаулары  қалыптасады.

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Еңбект қорғау, Тіршілік қауіпсіздігі.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: «Өз орныңды тап»,  «Сәйкестендіру тестісі»,  «Ой қозғау», «Түйінді түйін»
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, суреттер, макеттер, сызбалар, оқулықтар, стикерлер, бейнебаян, бағалау бетшесі
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Оқытушының іс-әрекеті Студенттің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин 1.      Сәлемдесу

Ø  студенттерді түгендеу;

Ø  сабаққа даярлығын тексеру;

Ø  студенттер назарын сабаққа аудару.

2.      Топтарға бөлу: «Өз орныңды тап» әдісі арқылы топтарға бөліну

1ТОП-Спч-1

2ТОП-Спч-2

3.      Әр топқа басшы тағайындалып, бағалау бетшесі беріледі.

1.      Топ басшысы студенттердің сабаққа қатысын баяндап береді.

2.      Студенттер топ атауы жазылған бүктеме қағаздарды таңдап, сол атауларға сәйкес топ құрады.

 

Үй тапсырмасын сұрау 7 мин «Ой шақыру» әдісі арқылы өтілген сабақтан сұрақтар қояды. Студенттер сұраққа жауап беру әдісі арқылы өзара топтық жарысқа түседі,

бағаланады.

Топ басшысы топтағы студенттердің тапсырма

орындауына байланысты бағалайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру (меңгерту) 15 мин Ø  «Ой қозғау». Жаңа тақырыпты ашу үшін бейнебаян көрсетіледі.

Ø  Интерактивті тақтаға жаңа сабақ бойынша слайд көрсетіліп, мәтінмен таныстырылады.

Ø  Студенттер бейнебаянды көріп тақырып бойынша ойларын түйеді.

Ø  Ресурспен жұмыс атқарып оқулықтан негіздеме мәліметті жүйелеуін үйренеді.

 

Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин Сұрақ –жауап. Фразаны аяқтау. Рефлексия

 

 

Cтуденттер сұраққа ауызша жауап береді.
Қорытындылау 5 мин «Түйінді түйін» (Кері байланыс)

 

 

 

Студенттер стикерге сабақтың өтілу деңгейі жайлы өз пікірлерін жазып, тақтадағы «Табыс ағашына» жапсырады.

 

Бағалау 3 мин Ø  Студенттердің  үй жұмысын тексеру нәтижесі бойынша;

Ø  Жаңа тақырыпқа қатысып, орындау нәтижесі бойынша;

Ø  Бекіту сұрақтарына жауап беру нәтижесі бойынша;

Ортақ бағамен бағалау.

 

Топ басшысы бағалау бетшесіне қойылған ұпайлар қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсырады.
Үйге тапсырма 2 мин 1.Н.Жаданов «Еңбек қорғау» 2010ж. 121 бет Өрт сөндіргіш құралдар.

2. Өрт сөндіргіш құралдарға өзіндік жұмыс және слайд жасау

Өзіндік жұмыс- студенттің жауапкершілігін, ізденісін арттырады, ғылыми деректер мен терминдерге ойларын,тілдерін дағдыландырады.
 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *