Көбейту және бөлу. 537 x 48 және 5776:48

Күні:

Пәні:Математика

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу 537*48, 5776: 48

Сабақтың мақсаты: Білімділік: 537·48, 5776: 48 түріндегі мысалдарды шығаруды, сәйкес қалдықпен бөлуді үйрету;
Дамытушылық: Есептер мен тапсырмаларды орындау барысында тез есептеуге қалыптастыру, есте сақтау қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту;
Тәрбиелік: Ізденіп көп оқуға, білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Игерген білімді бақылау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлуді.

Толымсыз көбейтінді, толымсыз бөлінгіш туралы білімдерін толықты

3. Бөлуді орында және оны тексер

19722 : 57=346 32428 : 67=484 24388 : 52=469

10788 : 29=372 30192 : 48=629 29640 : 65=456

4. Қалдықпен бөлуді орында:

19739 : 57=346 (қ.17)

32416 : 67=483 (қ. 55)

24312 : 52=467 (қ. 28)

5. Бірінші трактор 9 сағат, екіншісі 7 сағат жер жыртты. Сағат сайын жұмсалу нормасы

бірдей болғанда бірінші трактор жанармайды екіншіден 14 л артық жұмсады. Әр

трактор бір сағатта қанша жанармай жұмсаған? Әр трактор барлығы қанша жанармай

жұмсаған? Екі трактор барлығы қанша жанармай жұмсаған?

1.трактор-9 сағ 14 л артық -? л

 1.трактор-7 сағ -? Л ? л

1)14: (9–7)=7 (л) – бір сағатта жұмсалды

2) 9×7+7×7=63+49=112 (л) – барлығы

Ж: 1 сағатта 7 литрден, 1–трактор 63 л, ал 2–трактор 49 л, барлығы 2 трактор 112 литр май жұмсады

6. Саяжайға отырғызу үшін бағалары бірдей 15 өрік және 23 алма көшеті сатып алынды.

Олар үшін барлығы 4560 теңге ақша төленді. Көшеттердің әрбір түріне қанша ақша

төленген?

1) 4560: (15+23)=120 (тг) – әр көшет бағасы

2) 15×120=1800 (тг) – өрік көшеттеріне

3) 23×120=2760(тг) – алма көшеттеріне

Жауабы: Өрік көшетіне 1800 тг,Алма көшетіне 2760 тг

9. Тез есептеп үйрен:

(300 х 3 : 30 х 150 – 1500) + 2009   5009

(40 х 30 + 110 + 30 х 3 ) : 7 – 200 + 3115  3115

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 16 бет 8–тапсырма

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *