Кәсіби маман даярлау — заман талабы

Жапбарова Гулбану Бектургановна

Еліміздің қоғамдық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласында жаңа міндеттер көптеп қоюда. Білім беру жүйесін тиімді ету үшін қабілетті, біліктілігі  мен жауапкершілігі жоғары, шығармашыл ойлауға дағдыланған, техникалық және экономикалық білімі терең мамандардың жаңа ұрпағын даярлау қажет болуда. Бәсекеге  қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін ең алдымен қолдағы бар мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, білім сапасын арттыратын мәселелерді үнемі дамыта түсу керек. Қазіргі кезде білімі терең, біліктілігі жоғары, өз саласында тек орындаушы ғана емес, белсенді идеялар иесі болып табылатын  кәсіби мамандар жұмыс істей алады. Білімі терең, біліктілігі жоғары кәсіби мамандар даярлау үшін біздің коледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Аудитория, лаборатория және шеберханалар  материалдық-техникалық жағынан жаңа талапқа сай дидактикалық көрнекі материалдармен, техникалық оқыту және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мен «Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері болып жұмыс жасаймын. Біздің  колледжде осы мамандық бойынша бір теория кабинеті  және бір шеберхана жабдықталған.

Шеберханалар әрбір тақырыптарға арналған көрнекі материалдар, мамандықтары бойынша мағлұмат беретін кестелер және еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқаулар, кәсіби сипаттама жазылған стенд, плакаттармен жабдықталған. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу шеберханасы құрал-жабдықтармен жабдықталған он екі жұмыс орны тігін машиналарымен, оның ішінде жартылай автоматтандырылған елу тоғыз тігіс түрі бар LM-200 тігін машинасы,кестелеу машинасы,торлау машинасы. Аудиторияда мамандыққа сай   білім  беру үрдісіндегі жаңашыл әдістер, түрлі технологияның инновациялық тәсілдері қолданылып, оның теориялық қағидасы ғылыми тұрғыдан толық түсіндірілген  соң, осы деректі материалдар  нақты тәжірибемен дәлелденеді.  Яғни алынған білім негізінде оқушылардың жадында логикалық ой, сарамандық, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру ісі ескеріледі.  Белгілі бір тақырыптар бойынша алған теориялық білімін іс-тәжірибеге ұластыру мақсатында шеберханаларда практикалық жұмыстармен жалғастырып, жұмыс дағдылары мен әдіс – тәсілдерін үйренеді.

ІІ-курс оқушыларымен  перспективті-тематикалық бағдарлама бойынша айына екі рет апта бойы шеберханада өндірістік оқыту сабағы  өткізіледі. Осы өндірістік оқыту сабағында   шеберханаларда теориядан алған білімдерін   ұштап,  құрал-саймандарды қолдарымен ұстап, бұйымдарды жасап,  шеберліктерін шыңдап қана қоймай, алғашқы еңбек дағдыларын, жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстауға, мамандықтарының қыр-сырын  меңгеруге үйренеді. Себебі бағыт-бағдар бойынша теориялық материалдардың міндетті түрде практикалық іс-шаралармен сабақтастығы негізінде ғана білікті кәсіби маман даярлауға болады. Өндірістік оқыту шеберінің негізгі мақсаты: оқушылардың теориялық білімін өндірістік оқумен ұштастыру болып табылады.    Сапалы, білімді, өнерлі,  шебер тігінші  даярлау,  әр салада болып жатқан жаңалықтарды меңгеру бастау алады. Мақсатымыз оқушыға кәсіби білім беретін болғандықтан, тек дәріс беріп қана қоймай, ақыл-ой өрісін дамытып, кісілікке, ізгілікке, жауапкершілікке баулу да осы шеберханада ұйымдастырылады. Шеберханада оқушылардың жеке жұмыстар орындауына да, шығармашылықпен ізденуіне де көптеген жағдайлар жасалған. Әрбір өндірістік оқыту  шеберханаларында  мамандығы бойынша үйірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Өндірістік оқу сабағындағы жұмыстарында студенттер тақырыптық жоспар бойынша бұйымдарды өздері жасап шығарады. Мысалы бірінші  курста  қол тігіс түрлері,киімнің ұсақ бөліктерін өңдеу болса,екінші курста толық бұйым дайындау жұмыстарын жасайды.Үшініші курста күрделенген киім түрлері,және тапсырыс бойынша жұмыс жасалады.

Оқушылар сабақтан соң үйірме жұмыстарына қатысып, бос кездерін тиімді пайдалананып, шеберханада өз білімдерін шыңдайды. Колледжде мамандықтар бойынша сайыстар мен байқаулар өткізіліп отырады.

І-курс соңында өндірістік оқыту сабақтарынан сынақ тапсырып, қала кәсіпорындарына бір айға өндірістік практикаға   жіберілсе, ІІ-курс оқушылары  жаңа оқу жылын үш айлық практикамен жалғастырады.Кәсіби машықтануда оқушылар  өздерін оқушы –практикант емес, кәсіби маман ретінде көрсетіп, өздерінің теориядан алған білімдерін пысықтайды. ІІІ-курс оқушылары мемлекеттік диплом алу алдындағы өндірістік практиканы осы аталған кәсіпорындарда жалғастырып, өздерінің біліктілігін, кәсіби маман ретінде көрсетіп, сол кәсіпорындарда мамандығы бойынша жұмысқа алынып жатады. Бұл кәсіпорындармен колледж әкімшілігі арасындағы байланысын нығайта түсіп, серіктестікпен бірігіп жұмыс жасауға ықпал жасайды. Сондай серіктестікпен тығыз байланыста жұмыс жасап отырған «Жамила»-тігін цехы, «Гулбану»-тігін цехы  Осы аты аталған кәсіпорындар өздерінен  өндірістік практикадан өткен колледж оқушыларына жақсы мінездеме беріп,  колледж әкімшілігіне алғыс хаттар жіберіп отырады. Бұның өзі теориялық білім мен практиканың үлкен байланысының нәтижесі.

Елбасының жыл сайынғы халыққа арналған Жолдаулары мен еліміздің білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұдайы назарда ұстап келеді. Осы Жолдауды ескере отырып, қорыта айтатыным, еліміз өркениетке бет бұрып, болашаққа алшаң басып келе жатқан шақта, мамандарды заман талабына сай, қай салада болмасын ел тізгінін ұстауға лайық, кәсіби білікті маман етіп даярлауға міндеттіміз.

Өндірістік оқыту шеберінің негізгі мақсаты: оқушылардың теориялық білімін өндірістік оқумен ұштастыру болып табылатындығына  аса  мән  беріп,    бәсекеге  қабілетті,  әлемнің  жоғары  дамыған  елу  елінің  қатарына  қосылу  үшін  ең  алдымен   қолдағы  бар  мүмкіндіктерді  толық  пайдалана  отырып,   білім сапасын   арттыратын   мәселелерді   үнемі  дамытып, теория мен  практиканы    ұштастырғанда  ғана,   біз  кәсіби  маман   даярлай  аламыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *