Күз келді

 «Күз келді»

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

 

 

 

 

 

 

«Күншуақ» ортаңғы  тобы

Тәрбиеші:  Мыханова  Г

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 ж

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Күз келді.

Мақсаты:Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жамістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.

Cөздік жұмыс: Бұтақтар,жеміс,жидек,тұқымдар,табиғат құбылыстары.

Керекті құрал: Суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, жыл ағашы.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, түсіндіру.

Балалар топқа музикамен  кіреді.

Ән ұран

— Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті.Оқу қызметін бастамас бұрын қонақтармен сәлемдесіп алайық.

-Cаламатсыздарма!

-Здраствуйте!

-Good morning!

Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып:

 Армысыз, көк аспан!                                                                                                        — Армысыз, алтын күн

-Армысыз,достарым!

-Сендерді көргеніме қуаныштымын!

-Здраствуй небо голубое!

-Здрастуй сольнце золотое!

-Здраствуйте мой друзя!

-Очень  рад вас видет я!

Ал,балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?                                                                                                                                                                                                                                               -Олай болса  балалар бүгінгі   көңілді  сәтін  көңілді отырып бастайық. Бүгінгі тақырыбымыз  «Күз келді» деп аталады.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің неше айы бар?

-Балалар аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

— Жарайсыңдар балалар! Қазір жылдың күз мезгілі.Күз мезгілін біз күз жомарт деп атаймыз.Өйткені  күз мезгілінде қамбалар астыққа толып жемістер,көкөністер піседі.Бізге күздің берер сыйы мол.Міне сондықтан «жомарт күз» деп  атаймыз.Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқым  себіледі.Жемістер мен көкөністерге қарайтын адамды бағбан ,диханшы дейміз. Жаз мезгілінде диханшылар  осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды.Күз мезгілі үш кезеңнен тұрады: «Ерте күз,Алтын күз,Қоңыр күз.»

1-ші кезең  Қыркүйек айын «Ерте күз»деп айтамыз.Жемістер ,көкөністер піседі.

2-ші кезең  Қазан айы «Алтын күз» деп айтамыз.Жапырақтар сарғайып жерге түседі.Айнала сары түске бөленеді.

3-ші кезең Қараша айын «Қоңыр күз» деп айтамыз.Себебі қараша айында күн суытып,жел болып,су бетіне мұз қатады.

«Табиғат сыйы» дегеніміз — бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар  мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.

-Ал балалар сендермен ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Жыл ағашы»

Шарты: Ағаштың әр мезгілдерге сай ерекшіліктерін атай отырып,бұтағын салыстыра отырып, дұрыс ауыстыру.

 

Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты. Қане қарайықшы.

Бізге қонаққа Бағбан ата келе жатыр екен.

Сәлеметсіз бе Бағбан ата! Қош келдіңіз!

Бағбан ата: — Салеметсіңдер ме! Сендердің бүгінгі өтіп отырған тақырыптарыңды естіп, бақшадан келе жатырмын. Сендерге көп жемістерім мен  көкөністерімді алып келемін. (қолында жеміс пен көкөніс салнған корзина болады) Бұл көкөністер мен жемістер күздің бізге берген сыйы. Күз молшылық пен берекенің бастауы. Біз осы сыйды қыс бойы тамаққа пайдаланып, азық етеміз.

Бағбан ата рахмет сізге! Біздің балалардың күз мезгіліне арнап жаттаған тақпақтары бар.

Ә.Айзере                                                                                                              Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз

Тоғжан.                                                                                                                                 Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен ,                                                     Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

Алихан.                                                                                                                     Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.

М.Айзере.                                                                                                                                         Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

Гүлназым.                                                                                                                                   Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,

Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

Асылжан.                                                                                                                   Алып келді мереке, астық жеміс береке,
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша,
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ.

Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.

 

Ұлықпан.                                                                                                                                 Күздің қазан айында

Алма ,алмұрт піседі.

Жапрақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

 

-Бағбан ата біздің балалар ойынды да жақсы ойнай алады. Қазір сізбен «Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойынын ойнайық.                                                          Шарты: Бір ойыншы шығады көзін жұмып тұрады, кесілген көкөністерді  жеп көріп қандай көкөніс  екенін табу керек.

Бағбан ата: — Енді балалар сендердің зерек екендеріңді тексерейін. Жұмбақтар шешейік.

  1. Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары Ол не? (жапырақ)

 

2.Көк лағым көгенде жатып семіреді. (қарбыз)

3.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

4.Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (капуста)

5.Аласа талда алуан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма (қызанақ)

 

Жеке жұмыс:

-Жарайсыңдар балалар олай болса бағбан атаға  жемістерді жинауға көмектесейік. Алдарыңда тұрған  жартылай салынған алма суреттерін  аяқтап берулеріңді  сұраймын.

-Бағбан ата сізге қонақ кәде ретінде балаларымыз өз салған суреттерін сиға тартпақшы.

Бағбан ата: — Жарайсыңдар балалар!Суретті  әдемі салады екенсіңдер . Күз туралы біраз мағлұмат біледі екенсіңдер. Менің кететін уақытым болды. Бау — бақшада жасайтын жұмыстарым көп.  Сендер тәрбиеші апайларыңмен бірге әрі қарай сабақтарыңды жалғастыра беріңдер. Сау болыңдар!

Сергіту сәті:

 

 Ән «Тук-тук»

 

-Балалар күз мезгілінде ауа райы ерекше күйге енеді,құбылмалы болады. Бірде жаңбыр жауса, бірде ұйытқыған қара суық жел тұрады. Қазір мен сендермен қимылдық ойын ойнаймын.

 

Қимылдық ойын: «Күн мен жаңбыр»

Шарты: Көңілді әуен жүрген кезде күн шығады, жаңбыр жауғанда қолшатырдың астына тығылады.

 

 

Қортынды:-Балалар біз жылдың қай мезгілімен таныстық?

-Күз мезгілімен.

-Күз мезгілі қанша кезеңнен тұрады екен?

-Үш кезеңнен тұрады.

-Неге күз мезгілін жомарт күз деп айтамыз?

-Күз мезгілінде қамбалар астыққа толып, жемістер мен көкөністер піседі.

-Өте жақсы.

Балалар, бүгінгі көңілді  сәт  ұнады ма?

-Ия.

— Бүгін біз күз мезгілінің ерекшелігі туралы, оның бізге беретін сыйы туралы таныстық.

-Балаларды марапаттау.

-Осымен бүгінгі көңілді  сәтіміз  аяқталды көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет.

— Енді орнымыздан тұрып, келген қонақтарға «Қош сау болыңыз» деп қоштасайық.

-Сау болыңыздар.

-Досвидания.

-Good  bay.

 

 

Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі. Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.

Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.

Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, жұмбақтар шешеді.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *