«Тәуелсіздік – мақтанышым»

«Тәуелсіздік – мақтанышым»
(Шығарма)
Бүкіл әлем тіршілігінде тәуелсіздікті аңсап жүрген қаншама елдер бар.
Еліміздің тәуелсіздіктің бесігінде 28 жыл болды. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың аңсаған арманы еді. Жиырма бірінші ғасырда орнын ойып алар 28жыл бойы өркендеп келуде. Қазақ елінің дархан жерінде қаншама игі істер атқарылды. Әрине ,бұл оңай жеңіс емес. Көк аспанымызда , көк туымызда желбірегеннен бері, еліміздің экономикасы, саяси әлеуметтік жағдайымыз жақсарды. Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында тұңғыш ел басымыз Н.А.Назарбаевтың орны ерекше. Біздің бүгінгі барлық жетістіктеріміз – Тәуелсіздіктің арқасы. 1991 жылы еліміздің Қазақстан деген бүкіл әлемге алғаш қадам басты. Қазіргі уақытта әлем сахнасында мақтанарлық беделге ие. Қазақстан шет мемлекеттер арасында жас мемлекет болсада , 28 жыл ішінде нық аяғын басты. Қазақстан өз аймағында ғана емес , бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешім шешуде ықпалды рөл атқарады. Елбасымыз айтқандай Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Бізді бүкіл әлем мойындады. Біздің спортшылар, әншілер үлкен үлес қосты. Өз валютасымен, өз рәміздері , өз дінімізге иеміз. Қазақстан жастары білімді. Олар өз білімдердін шет елдерде шындауда . Қазақстан жастары өз Отанына еңбектерін сіңіруде. «Елінің ұлы болсаң ,еліне жанын ашыса, азаматтық намысың болса ,қазақ ұлтың жалғыз» Мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып, жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзін екенінді ұмытпа!- деген мемлекет басшысы. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет. Барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әрбір халықта бар. Бірақ қазақстан мемлекетінде ерекше. Бұл қазақ жерінің жомарттылығы, құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – деген ұлы жеңіске қол жеткізуде , әліде жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қаншама ел болса, соншама арман болады. Өткен ата-бабаларымыздың арман- тілегі орындалды. Қазақстан мемлекетті – жас мемлекет. Еліміздің гүлденуі жолында жастарымыз толыққанды дамып, жетілді. Қазіргі уақытта жастар ұйымы жұмыс жасап, жастар жан- жақтама жетілді. Тәуелсіздік туын желбірететін жастар Қазақстанды өркендетуде. Қазіргі уақытта Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.
Бірліктің, татулықтың , ынтымақтастықтың күні ! Мемлекетіміздің тәуелсіздігі халқымыздың бақыты. Тәуелсіздіктің қалай келгенін естен шығармай желтоқсан боздақтарының азаттық үшін ерліктерін ұмытпау керек. Жастарды отансүйгіштікке, ұлтына деген махаббатын жоғалтпау керек екенін түсіну. Қазақстан –қазақ халқының ата- баба мекені. Бүгінгі бейбітті, шуақты күндерді ба , алай отырып, биікке ұмтылуға жастарға бағыт береді. Менің тәрбиешілік міндетім-болашақ өскін тәрбиеленуші ұрпақты тәуелсіздік туын берік ұстап,Отанды қорғауға,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
ЖШС «ALATAU Балабақшасы »
Екінші жоғары деңгейдегі санаты
«Құлыншақ »тобының тәрбиешісі Ешжанова М.Қ

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *