«Кішкентай аспаз-2017» байқауының сценарийі

Шакимова Гульжан Женисовна

Зал іші әсем безендірілген. Қабырғада «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы-нан» деген жазулар ілінеді. Интерактивті тақтада сайыстың өтілу барысы, мақсаты, тағамдардың суреті көрсетіліп тұрады.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылар арасында «Аспаз» мамандығын таныту
  • Оқушылардың «Аспаз» мамандығына деген қызығушылығын арттыру
  • Үздік оқушыларды анықтау

Жүргізуші:  Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, кеш қонақтары!

Аспаз жолы қиынырақ басқадан

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,

Шаршасада аспаздықтың жолында

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам,- дей келе бүгінгі «Кішкентай  аспаз-2017» сайысын бастаймыз.

Аспаз-қоғам сұранысына ие мамандық. Себебі ас-адамның арқауы демей ме. Ал асты әрі дәмді етіп дайындай білу үшін білім мен еп керек.

«Жақсы аспаз дәрігермен тең» деген сөз бар халық аузында. Аспаз мамандығы адам өмірінде жайлы жағдай тудырудың ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің  денсаулығын  нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рахаттануға көмектеседі. Аспаз-өнері бұрынғы ғасырдан келе жатқан өнер және ең таңдаулы мамандықтардың бірі. Аспаз маманын-тек дәмді тағам дайындау үшін емес, өмірімізге ең қажетті маман ретінде қабылдауымыз керек.

Аспаздың  қауырт жұмыстарына өте төзімділік, қайсарлық керек. Аспаз             қыз-жігіттер қазіргі кезе көптеп саналады. Біз мамандығымызды мақтанышпен айта аламыз.

-Ендеше, сайысқа қатысушы болашақ аспаздарды, қол соғып қарсы алайық.

  1. Жиеналиева Айнара
  2. Қабдығали Айым
  3. Қайрат Анар
  4. Нурғали Нурай
  5. Тілепберген Оксана
  6. Махмет Інкәр

7.Утеуғалиева Ақерке

Оқушыларды бағалап, жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасын таныстырып өтейік.

Байқаудың шарттары:

  1. Таныстыру
  2. Аспаздық жекпе-жек (оқушылардың қаншалықты сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқау үшін әр түрлі тағамдар ұсынылады.)

А.Ұстап көру арқылы

Ә.Иісі арқылы

Г.Ішу арқылы

  1. Үй жұмысы(оқушылар шығармашылығы)
  2. Білім сайысы (тест тапсырмалары)
  3. Кім шебер (Шеберліктерін көрсетіп дайын тағамдардан салат түрлерін әзірлеу
  4. Өнерлі өрге жүзер- өнер сайысы
  5. Бәйге ойыны . Жеті құпия

Жүргізуші:      Көңіліне жетсін әрбір сөздерің

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін

Дәстүрімен бүгінгі үлкен сайыстың

Әрбір аспаз таныстырсын өздерін

Келесі тур «Аспаздық жекпе-жек» деп аталады, яғни болашақ аспаздар қандай жағдайда болсада астың дәмін, сапасын, түрін айыра білу керек.Қазір  сайыскерлеріміздің көзін байлап алдарына түрлі тағам ұсынамыз. Дұрыс ажырата білген оқушы ұпай санын толықтырады.

Іске сәт!

 

3 Тур.    Қасиеттің бәрі керек адамға

Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда,

Әрі тапқыр, әрі жылдам аспаздар

Қане шықсын таңғажайып алаңға,- дегендей ендігі кезекті үй тапсырмасына берейік. Сайыскерлер дайындаған тағамның атын, құрамын, дайындалу жолын айтуы шарт.

 

4.Тур       Бұл мектеп білімнің ақ ордасындай

Болмасын әрбір күннің болмасын жай

Жүреміз әр күн сайын сабақ оқып,

Келер-ау деп, қиын сұрақ дәл осындай

Кезекті білім сайысына берейік

 

  1. Тур Көрсетті өнер әр салада сайысып

Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып,

Көкөністен ас мәзірін жасайды.

Қыздарымыз дем арада, майысып. Келесі тур шеберліктерін көрсетіп дайын тағамдардан салат түрлерін әзірлеу. Берілетін уақыт 10 минут.

6 Тур.      Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты

Сайыс түрі «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, бағалайық.

7 Тур. Соңғы турымыз сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерге мамандық түрлерінен  жеті сұрақ қойылады.

1.Биология «Шипалы бұта» деп аталатын жемісі бар бұталы өсімдік.Құрамында С витамині бар. Ол қандай өсімдік (Итмұрын)

  1. Медицина А витоминоз қандай ауру? (Бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру)
  2. Әдебиет

4.Бейнелеу өнері

  1. Музыка Дастарханға байланысты қандай әндер білесің (Қазақы дастархан, Дастархан-ау дастархан, Елім менің)
  2. География

7.Математика

Жүргізуші:      Біз таңдаған мамандық

Нәтижесін береді

Өмірге деген адалдық

Болашаққа бастап келеді,- дегендей бүгінгі өткізіліп отырған жоспарлы «Кішкентай  аспаз-2017» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысын шығару барысында төмендегі ережелер қаперлеріңізге алынуы тиіс.

  1. Таныстыру барысында жұмыс киімі, таныстыру мәтіні, дауыс ырғағы, аспапта ойнай білуі есепке алынады.
  2. Теориялық сұрақтарға қауіпсіздік, санитарлық ережелері, қолданылатын құрал-жабдықтар, калькуляциялау, тауартану, тағам даярлау технологиясы енгізіледі.
  3. Үй тапсырмасын бағалаудығ ерекшелігі, жарнамалануы, сыртқы әсемделуі есепке алынады.
  4. Практикалық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталынуы, санитарлық-гигеналық жағдайы, тағамның дәмділігі есепке алынады.
  5. Сайыс қорытындысын шығару.
  6. Жүлдегерлерді марапаттау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *