Кітап – шынайы дос

Жаппарова Гульнур Кенжеевна

Мен кітап оқығанды өте жақсы көремін, және әр түрлі жанрда жазылған шығармалар мені қызықтырады.Кітаптың  атын естіген бойда, мен жақын досымның атын естігендей боламын. Кітап-білімнің көзі болса, онда біз әлі естіп, оқымаған сыр көп әрине.Адам өзін рухани байыту үшін кітап оқу керек, себебі ол жан азығы.Сабырлы, бірақ тілсіз ұстаз —  бұл кітап. Кітапсыз үй –терезесіз бөлме секілді. Қазіргі таңда кітап оқу тіпті жеңілдеді, әрине оқыған адамға. Ғаламтор желісінен кез-келген арнайы кітапты оқуға не болмаса тыңдауға болатындай етіп оқырманға арналған әр түрлі бағдарламалар жасалған.Сол арқылы кітапханаға бармай-ақ,  кез-келген жерде, кез-келген уақытта қажетті кітапты тауып оқуға барлық жолдар ашылған. Компьютер, планшет,  телефон арқылы кітапты оқуды жүзеге асыруға болады. Француз жазушысы, ақын, драматург Виктор Мари Гюгоның  «Кітап жансыз, бірақ шынайы дос» деп айтқанына толық келісемін.Кітаппен шынайы дос болсаң, ой-өрісің, дүниетанымың кеңейіп,сөйлеу мәдениетің жоғарылап,  көкірек көзің ашылады. Сондай-ақ, рухани жан дүниең баиды, оның құпиясын ашасың, ғажабын танисың. Кітап-рухани құндылық. Ендеше, кітаппен дос бол!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *