Куб(текше және оның көлемі)

Абилова  Гульжан Султановна

Текше және оның көлемімен танысу

Міндеттері:

Білімділік: текшемен және оның көлемімен оқушыларды таныстыру және түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау,есте сақтау қабілетін, ауызша есептеу дағдыларын, логикалық ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік: өзін және сыныптастарын бағалай білуге, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері:  түсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау,талдау

Көрнекілігі: текше макеті, кубиктер, үлестірмелі карточкалар, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Психологиялық дайындық

«1» дегенім жаман баға «3» дегенім орта баға

Алады оны жаман бала.   Сапасы оның орта ғана

«2» деген  нашар баға                               «4» дегенім жақсы баға

Інішегім   нашарлама.                                     Алады оны жақсы бала.

«5» дегенім үздік баға

Оқимыз тек үздік қана  .

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі(слайд – Универсиаданың логотипі)

— Балалар, тақтада көріп тұрған сурет туралы не айта аласыңдар?

( Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиаданыңлоготипі)

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру № 6,22 бет

(Оқушылар теңдеудің шешу жолын және шешуін жариялайды) (слайд –Универсиаданың бойтұмары )

  1. Жедел сұрақтарға жауап беру)

1.Шаршының неше өлшемі бар 2 (ұзындығы,ені.)

2.23 —  қанша? (8)                                                                                    .

3.32—    қанша? (9)

  1. 1 м неше см бар?
  2. ұзындығы 4 см, ені 6 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? (24 см2)
  3. Көлемнің қандай өлшем бірліктерін білесіңдер? (1 л, 1 см3) (слайд –Универсиаданың алауы)

 

ІІІ. Математикалық диктант (Деректерді мұғалім оқиды)

Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарысқа қатысуға 17-28  жастағы аспиранттар, студенттер және Универсиада алдында бітіретін түлектер жіберіледі.

Қазақстан Унивесиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды.

2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді.

Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 55-тен астам елінен 2000 спортшы қатысады. Универсиада өтетін кезеңде 3000 ерікті, соның ішінде шет елден және ел өңірлерінен келген еріктілер жұмылдырылады. Шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристтер келеді деп күтілуде.

(Оқушылар өзін -өзі тексереді слайдтағы жазудан

17, 28, 1993, 700, 125, 2011, 29, 2017, 55, 2000, 3000, 30000)

ІҮ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау

  • Балалар, диктанттың жауаптары қандай фигураның ішінде жазылған?Кім біледі? (куб)

Сабақтың тақырыбы:  Куб (текше) және оның көлемі(слайд-Универсиаданың марапат медальдары)

Ү.Жаңа мағынаны таныту

  1. Оқушыларды текшемен таныстыру.Оқушылар текшенің элементтерімен,яғни өзге фигуралардан айырмашылығымен танысады.Содан кейін мұғалім текшені (макетін) көрсетіп түсіндіреді.

Бұл текше –куб. Оның 8 төбесі бар. Кубтың төбелері – нүктелер. Көршілес екі төбесін қосатын кесіндіні оның қыры деп атайды.Текшенің барлық қырларының ұзындықтары бірдей.Текшенің  6 жағы бар (алдыңғы,артқы,астыңғы,үстіңгі,сол жақтағы,оң жақтағы).

Тапсырма: текшенің жақтарын,төбелерін, қырларын  көрсет.( слайд –Универсиададағы шанғы спорт түрлері)

2.Ой толғаныс кезеңі. Практикалық жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы № 2,3,4 тапсырмаларды орындайды.

Мұғалім  көрнекі құралды пайдаланып,бір текше көлемнің өлшем бірлігі болып есептелетінін ,оның көлемі 1 куб сантиметрге тең екенін түсіндіреді.Оқушылар білеушенің көлемі неге тең екенін анықтайды.( 12 куб .см) .Бұл фигураны неге текше деп атауға болмайтыны жайлы қорытынды жасайды.

№ 2.Суреттегі білеуше неше текшеден құрастырылған?( 12).Оның көлемі туралы не айтуға болады? Алдыңғы қатарда неше текше бар? (6).Артқы қатарда ше? (6).Барлығы неше қатар бар? (2).Білеуше текше болып табылады деуге бола ма?(жоқ).Неліктен?

№3.Суреттегі  білеуше барлығы неше текшеден құрастырылған? (36).Білеуше неше қабатқа бөлінген? (3).Әр қабатта неше қатар бар?( 2).Әр қатарда неше куб смбар?(18).Бұл білеуше текше болып табыла ма?       (Жоқ, себебі қырларының ұзындықтары бірдей емес).

№ 4. Суреттегі білеуше текше болып табыла ма?Неліктен?Оның ұзындығы неше см?(3см)

Ені ше? (3 см).Биіктігі ше? (3см).Текше неше қабатқа бөлінген?(3).Әр қабатта неше қатар бар?(2).Әр қатарда неше куб см бар?(3куб см).Бір қатарда неше куб см бар екенін қалай есептеп табуға болады?(9).(3х 3х1).Екі қабаттағыны ше?(18) (3х3х2).Үш қабаттағыны ше?

(27) (3х3х3). ( слайд – Универсиададағы коньки спорт түрлері)

ҮІ. Сергіту сәті

ҮІІ. Өткен білімді пысықтау

  1. Тақтамен жұмыс: № 6 (Ә)

Амалдарды орында:

128-7*4+22                                     335-9*5+67

192+36:9-14                                    25+88-7*5

(слайд – Универсиадана өтетін жаңа спорт алаңдары.Халық арена мен Алматы арена)

2.Сыныппен жұмыс

№ 5 Есептер  құрастыр және шығар.       (1 есеп)

Сатылды – 70 кг –нан 3 қап

Қалды —      70 кг –нан 3 қап

Болды — ?, кг.

70 х 3 + 70х3 = 420 ( кг)

Жауабы: Болды  420 кг

(слайд – Ақтөбе облысының Универсиада алаушылары)

ҮІІІ. Ө зіндік жұмыс.

№ 6 (а) теңдеулерді шешу

( слайд – Ақтөбе облысының намысын қорғайтын спортшының суреті)

 

ІХ.Жаңа сабақты бекіту.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

  1. Суреттен кубты тап. Оны көк қарындашпен боя.
  2. Кубтың төбелерінің, жақтарының, қырларының санын тап.

3.Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең? (27)

4.Текшенің неше жағы бар?(6)

 

5.Текшенің жақтары қандай фигура? (шаршы)

6.Текшенің неше қыры бар? (12)

( слайд –Комсомол ауылында  өткен шаңғы марафонынансуреттер)

Х. Рефлексия

— -Сабақтағы жетістіктерім…….

-Сеніңше не орындалды?

-Нені орындай алмай қалдың? Неге?

ХІ. Үйге тапсырма: № 6 ә, № .7  24 бет

ХІІ. Бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *