Конституция — Қазақстан Республикасының негізгі заңы

Кенжебекова Мейрамгуль Жолдыгалиевна

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Конституция Қазақстан Республикасының негізгі заңы, халық – билік қайнары, адамзаттардың құқықтық міндеттері, Конституцияның негізгі бөлімдері туралы айту,өмірде қолдана білуге үйрету, түсіндіру, құқықтық білімдерін толықтыру.

ә) тәрбиелігі: Оқушыларды еліміздің негізгі заңын білуге және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылығы:Оқушыларды адамгершілікке, оқушы бойына жауапкершілік принциптерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, ән ұран, ту, елтаңба суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

  1. Оқушылармен амандасу
  2. Оқушыларды журнал бойынша түгендеу
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 5 мин.

Үйге берілген тапсырма. Адам және мәдениет түсінік айту, «Адам мәдениеті, қызметі, мақсаты» туралы эссе

ІІІ.Үй тапсырмасын қортындылау:  Сұрақ – жауап  3 мин

  1. Тіршілік жасап жатырмыз деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

(«еңбек етіп жатырмыз, бір пайдалы іспен шұғылданудамыз»)

  1. Мақсат дегеніміз не?

(қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады)

  1. Қызмет деп нені айтамыз?

(қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз)

  1. Мотив франц. тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

(себеп, себепке итермелеу)

ІV.Видио ролик көрсетуарқылы жаңа сабаққа кіру 3 мин.

Не ұғындыңдар оқушылардан сұрау.  Оқушыларға сұрақ қою.

1991 жылы егемендік ел болғанан кейін өз еліміздің мемлекеттік Ту, Елтаңба,Ән ұраны пайда болды. Еліміздің негізгі заңы Конституция қабылданып бәріміз оған бағынамыз, тіпті президенттің өзі де заңға бағынады.(слайт арқылы көрсетіп айту).

V.Жаңа сабақты түсіндіру. ( мұғалімнің слайд арқылы баяндауы) 10 мин.

Ән ұран ойнату 2 мин.

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі.

Конституция (лат. Constitutio-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңнын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституция қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.  Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері баян етілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. «Жалпы ережелер» деп аталған I бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жарияланған.

Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер «Адам және азамат» деп аталған II бөлімде жинақталып берілген.

III бөлімде Президент, IV бөлімде Парламент, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалу мерзімдері мен заңдары, өкілеттіліктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі сыртқы саясатты айқындап жүргізуі, т.б. баяндалған.

VI бөлімде Конституциялық Кеңест, VII бөлімде Соттар мен сот төрелігі жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде Жергілікті Мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару,соңғы IX бөлімде Қорытынды және өтпелі ережелер берілген.

Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады.

Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.

Қосымша мәлімет 2 мин.

1998 жылы және 2007 жылы 21 мамырда  Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізілді.

Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.).

VІ. Сөздікпен жұмыс 3 мин.

Референдум – жалпыхалықтық дауыс беру

Кодекс – заңдар жинағы

 

VІІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

 

Оқулықпен жұмыс 5 мин.

Оқушыларды екі топқа бөлу

«Заңгер»      І – топ 1,2 бөлімді

«Болашақ» ІІ – топ 3,4 бөлімді

  1. Жеке
  2. Жұппен
  3. Топпен жұмыс

постерге түсіріп қорғау

 

Кестемен жұмыс 3 мин.

 

Конституцияның құрылымы мен мазмұнын кестеге түсіру

 

Бөлімдер Баптар Тұжырымдамалар Ерекшелігі
       
       

 

VІІІ. Сабақты бекіту:   

  1. Конституция сөзін топтастыру 2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тестпен жұмыс 3 мин.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлім, неше баптан тұрады? а) 10 бөлім, 100 баптан ә) 9 бөлім, 98 баптан
  3. Конституцияға өзгертулер мен түзетулер қай жылы енгізілді?

а)1998 жылы және 2007 жылы 21 мамырда   ә) 2000 жылы және 2005 жылы

  1. ҚР- ның 1 – ші Конституциясы қай жылы қабылданды?

а)1998 жылы ә) 1993жылы 28 қаңтарда

Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды тиісті бағамен бағалау 1 мин

Үйге тапсырма: «Конституция —  Қазақстан Республикасының негізгі заңы» оқуға.

«Менің елімнің Ата Заңы» тақырыбына Реферат жазу 1 мин

Рефлексия

Қорытынды: Сабақ аяқталды, сау болыңдар! 1 мин

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *