Кері есеп

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.1.3 Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау. Кері есептер құрастырып, оларды шығару.
Сабақтың мақсаттары ·  Барлық оқушылар: Есептерді шешуге қажетті тірек сызбаларын таңдай алады.

·  Оқушылардың басым бөлігі:Қалдықты табуға арналған есептерді шығарып,талдай алады.

·  Кейбір оқушылар: Кері есептер құрастырып шығара алады.

Бағалау критерийлері Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептерді шығарады. Қосындымен қалдықты табуға арналған есептерді талқылайды.Кері есептер құрастырып оны шығарады.
Тілдік мақсаттар   Негізгі сөздермен тіркестер: кері есептерТалқылауға арналған сұрақтар: есептің шешуін тексеру үшін қандай есептер құрастырамыз?-есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын тап?- кері есеп құрастыруға болады?
Құндылықтарды дарыту  Қарым қатынас және ынтымақтық құндылықтарды қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар  Дүниетану,
АКТ қолдану дағдылары Маноблок
Бастапқы білім Мысалдарды, есептерді шығара алады.

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы оқушылардың қызметі  Ресурстар
Сабақтың басы 

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар мен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу. Көңіл- күйлерін бағдаршам арқылы көрсету.Топқа бірігу. «Жемістер» арқылы топқа бөлу. 1 топ «Алма»2 топ «Алмұрт»3 топ «Өрік»Себетке салынған жемістерді алу арқылы топқа бөлеміз.Кім қай жемісті алса, сол жемістің суреті бар топқа жайғасады. ТЖ: Ширату жаттығуымен сабақты бастау.1-топ. Әмиянда 10 теңгелік және 20 теңгелік екі монета бар. Әмиянда барлығы қанша ақша бар?2-топ. Әмиянда екі монета жатыр. Олардың қосындысы 30 теңге. Біреуі-20 теңгелік монета. Әмияндағы екінші монета қандай?3-топ: Әмиянда екі монета бар. Олардың қосындысы 30 теңге. Біреуі-10 теңгелік монета.Әмияндағы екінші монета қандай?Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мына сұрақтар қойылады.

·  Бірінші есеп нені табуға бағытталған? (белгісіз бүтінді табуға.)

·  Есепті қандай амалмен шешуге болады? (қосу амалымен.)

·  Екінші есеп нені табуға бағытталған? (белгісіз бөлікті табуға.)

·  Есепті қандай амалмен шешуге болады? (азайту амалымен.)

·  Осы есептің ұқсастығы қандай? (мәтіні мен сандық мәләметтері бірдей.)

Қолдау көрсетуКөңіл- күй

Суреттер

Сабақтың ортасы ·  ТЖ: Белсенді оқу.Есептерді салыстыр

Дескриптор: Білім алушыЕкі есептің өзара байланысын анықтай аладыТура және кері есеп екенін ажырата алады . Сызба бойынша кері есеп құрастыра алады.Кері байланыс:Жарайсыңдар!

Сергіту сәті.

2- тапсырма Саралау әдісіЖЖШығарып көр. Оқулықпен жұмысСызбалар ішінен есепті шығар.Сәйкес келетінін анықта. Тура есепке кері есеп құрастыр.Дескриптор: Білім алушыСызбалар арқылы есеп шығара алады-есептің жауабын сызбамен сәйкестендіреді-Тура есепке кері есеп құрастырып, шығара алады Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

3- тапсырма ҚБ. Жеке жұмысЕсепті шығарыңыз. Берілген есепке кері есеп құрастырыңыз және шығарыңыз.Наурыз мерекесінде 50 бала ән айтты және одан 20-сы артық бала би биледі.Наурызмерекесінде неше бала би биледі?

Дескриптор: Білім алушы— есептің шешімін табу үшін амалды дұрыс таңдайды;- өрнектің мәнін табады және сәйкес атауларын жазады;- есептің жауабын толық жазады;- берілген есепке кері есеп құрастырып, шығарады.Кері байланыс: жазбаша кері байланыс жасау

Оқулық,түрлі-түсті қағаз,қайшыжелім

Суреттер

Сабақтың соңы Рефлексия. БББ кестесі.

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін-бірі қолдайды. Егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырмалар беріледі. Оқушыларды олардың бірлескен жұмыстары немесе жеке жұмыстары кезінде қадағалау.«Бас бармақ», «жарайсың» тәсілі арқылы кері байланыс орнаттым. Сергіту жаттығуларын орындау.
Өткізілген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы
1) Оқу мақсатына жеткен және жетпеген оқушылар саны? 2) Егер жетпесе, неліктен? 3) Сабақтың жсопарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *