Келешекке кемел біліммен!

Маликова Мақпал

Мен кеше қандай едім, бүгін содан асып түсуім керек!

Мен кеше қанша біліп едім, бүгін одан да көп үйренуім қажет.

Асхат Әлімов

 

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта құру қажеттілігі белгілі болды. Екі мың он екінші жылдан бері мұғалімдер үш деңгейлі бағдарлама бойынша болашақта жас ұрпаққа» нені оқыту керек »деген мәселені шешу жолында біліктілігін арттырып келеді. Осы орайда жан-жақтан жиналған біздерді бір жерге тоғыстырып, білім беру  біліктілігін арттыру курстарының бағдарлама идеясында бірлесе жұмыс істеп, кемел нәтижеге қол жеткізу оқуымыздың негізгі мақсаты. Жас ерекшелігіміздің қаншада екені, оқудың қанша уақытқа созылуы бұл жерде маңызды болып саналмайды. Негізгісі оқу курстарынан шыққан қорытынды.

Бірінші  кезеңінде бағдарламаның мақсаты мен міндеттерімен таныса отырып, «мектепке тәжірибе» кезеңіне жоспар құрдық. Осы жерде үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жалпы білім беру ұйымдарын кәсіби дамыту мақсатына сүйене отырып, заманауи мұғалімнің рөлі мен миссиясы, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзіреттіліктер қалыптастыру, тағы да біршама міндетттері бірінші «мектептегі тәжірибе» кезінде жүзеге асуы керек.  Мектепте  іске асырылатын « Диалогтық оқыту арқылы «мұғалім-оқушы» қарым қатынасын жақсарту» тақырыбында даму жоспарын құрдым. Осы жоспарда белгіленген мақсаттар:

  • Мұғалімдерге деңгейлік бағдарламаның идеаларымен таныстыру
  • Деңгейлік бағдарламаның 7 модульмен таныстыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен таныстыру
  • Мұғалімдерді диалогтық оқыту арқылы оқу тапсырмаларын және сұрақ қою техникасын үйрету
  • Қалыптастырушы және жинақтаушы бағалау идеасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргіздім.

Атап айтар болсам, Коучингтер: «Білім түрлері. Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері», «Диологтық оқытуда топтық жұмысты пайдалану», «Диалог түрінде оқыту — оқушыларды ынталандыру дың және дамытудың негізі», сонымен қатар ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, бағдарламаның мақсаты мен міндеттері туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен қоса тәлім алушы ұстаздармен бірлесе отырып, оқушылар арасында, нысаналы сыныптарда  «Тарих пәнінен «Бейбітшілік болса» 5 сынып» ашық сабақтар жүргізіліп, оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауы мен диологтық оқыту арқылы сөздік қорын дамытуына үлестерін қостым.

Бағдарлама мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында жүргізілген жұмыстардың нәтиже беруі — осы курста бізді жаңа идеялармен сусындатып, біліктілігімізді арттырған тренерлердің  ерен еңбегі.

Мектепте өткізілген жұмыстар сараланып, жеткен жетістіктермен бірге кемшіліктер де талданды. Кеткен кемшіліктер бойынша іс-шаралар жоспары жасалынып, курс тыңдаушылары арасында іске асырылып жатыр. Осы кезеңде бағдарлама идеялар мен мақсаттары терең зерттеліп, екінші мектептегі тәжіри бе кезеңіне жоспар құрылып жатыр

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *