Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю әрпі

САБАҚ:  Сауат  ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Кейіпкерлерді сипаттаймын.

Ю әрпі

МЕКТЕП:

№45 мектеп-гимназия

КҮНІ: МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Б.Аяпова
СЫНЫП: 1 «Ә» ҚАТЫСҚАНДАР

САНЫ: ____

ҚАТЫСПАҒАНДАР

САНЫ:____

ОҚУ МАҚСАТЫ: 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

1.1.8.1 Берілген сюжет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп эементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

С

САБАҚТЫҢ

МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар білуге тиісті: Ю  әрпімен танысады, Ю дыбысы  байланысты сбуындар мен сөздерді біледі.

байланысты сөздерді біледі;

 

 

 

 

 

байланысты буындар мен сөздерді біледі.

тіліктерді анықтау;

кездесетін сөздерді біледі;
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды;
Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімді өмірде қолдана алады;
Жоспар
Жоспарлан-ған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер

 

 

 

Сабақтың басы

2 минут

 

—         Амансың ба, Алтын күн,

—         Амансың ба, Көк аспан,

—         Амансың ба, достарым,

—         Амансыздар, ұстаздар,

Сабағымызды бастайық,

Жамандықты тастайық

 

Көңілді әуен қосып қою

 

Сабақтың ортасы

35 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(МКТЖ)

«Үйшік» ертегісі желісімен.

1.-Ерте, ерте, ертеде бір үйшік болыпты. Ол жәй үйшік емес, сиқырлы үйшік екен. Орманды кезіп жүрген тышқан үйшікті байқап қалады. Тық-тық-тық кім бар?- деп сұрайды. Ешкім жауап қатпайды.Бірақ балалар сиқырлы үйшіктің есігі ашылмайды. Ол үшін тышқанның тапсырмасын орындап, көмектесу керек. Көмектесеміз бе?

Өткен сабақты қорыту сұрақтары:

1-топ: Алдар көсе кім?

2-топ: Ұры не істеді?

3-топ: Алдардың ұрыны алдауы.

ҚБ: смайликтер

Тышқанды үйшікке орналастыру.

1.      Орманда серуендеп жүрген бақа сиқырлы үйшікті көреді. Үйшіктің қасына келіп, есігін қағады. –Мұнда кім тұрады?- деп сұрайды. Шиқылдауық тышқан –мен дейді. Бірақ үйшіктің есігі ашылмайды. Бақаға да көмектесеміз бе?

«Қане құрастырайық» ойыны. Қималардан ою құрастыру. ҚБ: смайликтер

Бақаны үйшікке орналастыру.

Не құрастырдық? Ою сөзіндегі соңғы дыбысты бөліп атайық –Ю-Ю-Ю.

Ю дыбысы кездесетін сөздерді атау.

(Электронды оқулықпен жұмыс)

2.      Секіріп ұзын құлақ қоян да келеді. Ол да үйшікте тұрғысы келеді. Ол үшін қоянның тапсырмасын орындауға көмектесейік.

Оқулықпен жұмыс. Оқу. ҚБ: Смайликтер.

Қоянды үйшікке орналастыру.

3.      Құйрығын бұлаңдатып қу түлкі де келіп жетті. Ол да осы үйшікті ұнатты. Түлкіге де сиқырлы үйшіктің есігін ашуға көмектесеміз бе?

Түлкі өте қу. Ол сендердің жазу ажарларыңды  көргісі келеді екен.

Дәптермен жұмыс. Ю әрпін жазу. Үлгілі дәптерлерді бағалау.

ҚБ: Смайликтер. Түлкіні де үйшікке орналастыру.

Сергіту сәті.

4.      Тістері ақсиған қасқыр келе жатып, ол да үйшікте тұрғысы келді. Көмектесеміз бе балалар?

ЖК: Топтамамен жұмыс

1)      Ю дыбысы кездесетін сөздердің астын сыз.

2)      Ю дыбысы кездесетін суреттерді қоршап сыз.

ҚБ: смайликтер. Қасқырды үйшікке орналастыру.

Аңдардың барлығы сендерге рахметін айтып жатыр. Себебі сендер барлық аңдардың достасып, үйшікте бірге тұруларына көмектестіңдер.

 

ҰЖ: Жеңімпаз аю мәтінін оқу. Мәтін мағынасын ұғыну.

ТЖ: Сұрақтар бойынша аюды сипаттау.

1-топ: Аю қандай аң және түсі қандай?

2-топ: Аюдың аяғы қандай?

3-топ: Ол қайда тіршілік етеді?

ҚБ: смайликтер

Мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттау:

1-топ: Аю

2-топ: Түлкі

3-топ: Қасқыр

ҚБ: Смайликтер

«Қызықты мәлімет»

Аю баяу, ебедейсіз болғанымен, өте тез жүгіреді. Аю сүтінің құнарлылығы  сиыр сүтіне қарағанда 4 есе жоғары.

Түлкі ең ажарлы жыртқыш аң. Ол өте байқампаз, саққұлақ және зерек. Иісті қатты сезетін қабілетке ие.

Қасқыр аш кезінде 10 кг етті бірден жей алады. Салыстырып айтсақ, балалардың 100 гамбургерімен пара-пар.

 

 

Ертегі суреттері

 

 

 

смайликтер

 

Оюлар құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

Қорытын

ды бөлім

3 минут

 

Тапсырма:

1.      Құрамында  Ю дыбысы бар сөздердің астын сыз.

2.      Ю дыбысы кездесетін суретті қоршала.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

-Ю дыбысы бар сөздерді табады;

-Ю дыбысы кездесетін суреттерді қоршалайды;

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайт ексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар берілген тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындайды, сұрақтарға толық жауап береді. Оқушылар өздерінің белсенділігін, тапсырмаларды дұрыс орындағандығын кері байланыс арқылы біле алады. Электр құрылғыларынан сақтану, партада түзу отыру, дәптер мен көздің арақашықтығын сақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *