Интербелсенді сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Жазылар естеліктер, мен туралы!» (Мұқағали мен Фариза естеліктері)

Сабақтың тақырыбы:  «Жазылар естеліктер, мен туралы!»

                                       (Мұқағали мен Фариза естеліктері)

 

Сабақтың мақсаты:

А) Ақындар өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Ақын өлеңдерін дәріптеу, ақын жырлары арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

 

Ә) Өмірге деген көзқарастары қалыптасқан тұлға ретінде ақындар өлеңдерінен рухани құндылық алу мақсатында білімділік қабілеттерін арттыру.

 

Б) Ұлтжандылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу, ақын жырлары арқылы рухани — адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: кітаптар, интерактивті тақта, видеоматериалдар, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. (топқа бөлу)

2. Жаңа сабақты меңгерту.

 Сабақтың барысы: 1. «Мен сені көргеніме қуаныштымын» тренингі: Оқытушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әрқайсысы жанында тұрған адамға «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі…» деген тіркестен бастап рет-ретімен айтып шығу.

Мысалы: Мен сені көргеніме қуаныштымын, әрқашан жүзін жадырап, жақсы көңіл күй  сыйлап жүресін!

2. Топқа біріктіру (ақын өлендері арқылы)

І- топ: Мұқағали

ІІ-топ: Фариза

Мұқағали мен Фариза өмірінен сыр шертіп, бейнематериал көрсету.

3. «Қайғы бар қайтқан құстың қанатында…» (ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу) 

І- топ: Мұқағали Мақатаевтың

ІІ-топ: Фариза Оңғарсынованың өмір жолын, шығармашылығы туралы баяндау. Плакатқа түсіру.

Топтық жаттығу «Мен кіммін?»

І-топ жаттығуы: Айнаны алып, көзіңізге мұқият қараймыз, одан соң атымызды атап, мына сөзді айтамыз:  «Мен өзімді жақсы көремін және өзімнің бойымдағы барлық кемшіліктерді қабылдай аламын». Осы сөздерді шын жүректен  айтуға тырысыңыз.

Талқылау:

1. Өз көзіңізге қарағанда қандай сезімде болдыңыз?

2. Өміріңізде өзіңізді қабылдай алмаған сәттеріңіз болды ма?

3. Оған не кедергі болды?

ІІ-топ жаттығуы: Қолдарыңызға айнаны алып, өзіңізге: «мен өзгергім келеді», -деп айтыңыз. Осы уақытта қандай сезімде болдыңыз, соған көңіл бөліңіз. Сіз осы сөздерді айтқан кезде қорқыныш сезімі пайда болған болса, өзіңізге неліктен деген сұрақ қойыңыз. Демек, ол қорқынышты жоюыңыз керек. Содан соң айнаны алып, көзіңізге мұқият қарап, даусыңызды қатты шығарып: «Мен барлық сенімсіздік пен үрейден арылғым келеді», -деп 10 рет қайталаңыз.

Жалпы айнамен жұмыс жасау өте пайдалы. Адам өз көзіне қарап өзі жайлы көптеген мәлімет алуына болады. Сонымен қатар, бұл әдіс арқылы жақсы нәтиже шығаруға болады. Ал, енді топта өз ойларын ортаға салғысы келетіндер бар ма? 

4. « Поэзия,  менімен егізба едің?» (өлеңдер оқу)

Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
.. әр топ ақынның бір өлең шумағын  мәнерлеп оқу. 

5. «Құлақтан кіріп бойды алар…» әндер орындау.

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

(Жасырын түрде өлең жолдарының алғашқы екі шумағы баяндалады, жалғасын табу керек)

6. Тыныштық сәті (баяу әуен орындалады)

Ыңғайлана отырыңыздар, көзіңізді жұмыңыз, денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демалудасыз, сіз күш-қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал, енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

— Енді, оқытушылар, көздерімізді ашып, сыныпқа оралайық.

7. «Сөздің түбін сөз табар»

«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған» — деп жол сілтеген ақындар жырлары, сіздерге шабыт беріп, өз бойларыныздағы таланттарыңыздың шыңдауына арқау болды деген сенімдемін. Сол себепті өз бойымыздағы таланттарыңызды ортаға салып, өлең шумақтарын құрастырсаңыздар.

8. «Жазылар естеліктер мен туралы»

(өз естелітеріңізден сыр шерту)

М–Мұқағалидың

Ұ–ұрпаққа

Қ–қалдырған

А–аманатын

Ғ–ғасырлар

А–арнасына

Л–лайық деп

И–иіліп , бас иеміз. –барлығымыз бірге.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,

Ер ақын,ерен ақын,ерекше ақын

Айтып өткен ақында арман бар ма?

Мұқағали мен Фариза ақынның өлеңдерін айта берсек бір күнде тауысу мүмкін емес. Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем.

Уақыт өткен сайын ақындардың тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны көрінеді… Оның поэзиясы-ұлттық байлық,қазақ халқының рухани сауаты.

Рахмет!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *