«Интеллектуалдық ойындар — мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту құралы»

Талипова Алия Сапаровна

                                                                    

«Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама?» деп Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев    айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да балада оқу мен білімнің,тәрбиенің негізін қалыптастыратын да-ойын әрекеті болып саналады. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Интеллектуалдық ойындар – баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын, білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс-әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының бірі, сондай-ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн

Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды.

Танымдық әрекет – баланың бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде балаларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi.

Біз өз балабақшамызда  интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдалану барысында балалардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейміз.

Интеллектуалдық ойын — танымдық қызығушылығын күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына

әсер ететінін анықтайды.

Ойын- бұл еркін және өзіндік әрекет , ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,

Алға қойған мақсатың, ісің барда! –дегендей, интеллектуалдық ойын – бұл тек білім бұлағы ғана емес, ептілік танытып, қиындықтан жол тауып, өз біліміңді көрсетіп, жеткен жеңісіңе қуану.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *