Заттың қимылын білдіретін сөздерге саяхат

Көкейхан Риза

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздерді терең меңгеріп, алған білімдерін жетілдіру, толықтыру.Заттың қимылын білдіретін сөздердің мағынысын түсіндіру, оларға сұрақ қойып үйрету.
  2.  Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығынын,              қызығушылығын, зейінін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту,эстетикалық талғамын қалыптастыру..
  3. Тәрбиелігі: Оқушыларды көркем,сауатты,таза жазуға, жылдам ойлауға баулу.

Сабақ түрі: ашық  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, ойландыру, талдау, сипаттау.

Көрнекілігі:плакат, диктатикалық материал, қима қағаздар, суреттер.

 

     Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

3.Үй жұмысының қалай орындалғанын тексеру.

  «Үй тапсырмасын тексеру». Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше, қазір біз Каспий теңізіне саяхат жасаймыз. Біз саяхатымызды үй тапсырмасын тексеруден бастаймыз.

-Оқушыдан сабақ сұраймын. Зат есімнің жекеше ж\е көпше түрлерінен ереже сұраймын. Үйге берілген 4-жаттығудағы көптік жалғаулы зат есімдерді тауып құрамына талдау жасатамын.

ІІ. Қызығушылығын ояту.

Өтірік өлең.

Ағаштан астау жасап отқа қойдым,

Ұстап алып шегірткені соғым сойдым.

Көршілерге тараттым оның етін,

Қалғанын мұздатқышқа салып қойдым.

ІІI.Ой толғаныс

           Топтағы оқушыларға әр түрлі бейне жапыстырылған кемелер таратамын. Оқушыларға қандай бейне тарыса соны сипаттап, іс-қимылын көрсетіп, дыбысытарын келтіріп беруі керек.

-Оқушылар біз енді оқулықпен жұмыс жасаймыз. 1-жаттығу (ауызша). Сурет бойынша әңгіме құрастырымыз. Әр бір топтан бір-бір оқушы шығады.

Ал енді оқушылар: «Айлаққа келіп тоқтап,

Біраз демалып алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көрсетілген үлгіге,

Әдемілеп жазайық».

 

Енді дәптермен жұмыс. 3-жаттығу.

Суреттегі жануарлар мен құстардың атын жазу. Олардың қасына

не істейді? қайтеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазу.

Арыстан ……….                               Жылан ……….

Шымшық ……..                             Бақа …………

Қасқыр  ……….                              Қарға …………

Торғай ………….                            Аққу………..

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып алайық.

 

  4-жаттығу.Сөдерді баған бойынша көшіріп жаз.Мағанасы жақын    сөздерді сызық арқылы қос.

Жүгірді                                            шаттанды

Секірді                                           зытты

Күлді                                              ырғыды

қашты                                             қозғалды

 

5-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Балықтар туралы не айтылады? Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

Жүгіреді,ұшады,жорғалайды,жүзеді,секіреді,жүреді.

    

 ІV.Мағынаны тану.

Суретпен жұмыс айлағына саяхат.

Біз кеме арқылы Каспий теңізін аралап шықтық. Балалар   айтындаршы осы «теңіз» сөзі қандай сөз табына жатады?

-Дұрыс айтасыңдар.Зат есім.

-Ал зат есім қандай сұраққа жауап береді?

-Дұрыс айтасыңдар.Зат есім Кім? Кімдер?  Не? Нелер? деген сұраққа жауап береді. Енді теңіз сөзін пайдаланып сөйлем құрайық.

  Теңіз толқиды. Саяхатшылар көк теңізге саяхатқа шықты. Теңізде көптеген су жәндіктері мекендейді.

 

V.Қорытынды:  Балалар біз теңізді аралап, ондағы әр түрлі айлақтаға аялдап, олар мен танысып шықтық.

— Балалар біздің Каспий теңізіне жасаған саяхатымыз кімге ұнады?

— Жарайсыңдар. Біздің теңізді аралап шығуымызға не көмектесті?              — Білім.Тапқырлық.

VІ.Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма:    2-жаттығу   146-бет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *