Замануи әлемдегі педагог

Әбілдина Перизат Азатқызы

Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руханиятының көшбасшысы А.Байтұрсынұлы «Мектептің жаны-мұғалімі.  Мұғалім қандай болса, мектебім һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса,  ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім ауадай қажет», депті. Арада бір ғасыр өтсе де алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртібімен түскен жоқ.

Педагогика ең қиын да күрделі жол екенін бала кезімнен білгенмін. Өйткені өзімнің шашы ағарған, шаршаған ұстазымды көріп, біртүрлі аяушылық сезім бойымды жаулап алатын. Дегенмен  өзімнің жеке тұлға болып қалыптасуыма алғашқы мұғалімнің еңбегі орасан зор. Менің алғашқы ұстазымның келбеті әлі көз алдымда. Біз ол мұғалімнен орынсыз сөз, асығыс сынға алу, адам абыройын түсіретін сөздерді ешқашан естігін емеспін. Оның сабақтарында айтқанын жіберіп алмау үшін біз қозғалмастан сиқырланғандай отырушы едік. Болашақ мамандық таңдау мен үшін қиындық туғызбады. Мен алғашқы мұғалімімнің ізін басып, мұғалім болуды таңдадым.

«Бала жаны ақ ұлпа  ұқсаң, ұмытылмайсың» деп бір данышпан ойшыл айтқан екен. Арманы орындалған адам нағыз ең бақытты адамдай  сезінемін. Оқушылармен күнделікті қарым-қатынас, сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие беру мұғалімнің басты міндеті.

Менің педагогикалық ұстанымым: өзге ұлт өкілдеріне білім, білік дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байытып, шығармашыл және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу еді.

Өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйретуде бірқатар жұмыс жүргіздім. Қазақ халқының жомарттығын, дарқандығын, ұлттық құндылықтарын оқушылардың  сан-сезіміне ұялатамын. Салт-дәстүрлерді мектепішілік әдеби-сазды бағдарламалар, түрлі кештерде таныстырып, үйретуге әрекет жасаймын.

Көне грек философы Ксенофонның «Ұнамайтын адамнан ешкім ештеңе үйрене алмайды» деген сөзі көпшілікке мәлім. Осы қарапайым шындықты есте ұстаған мұғалімдер анағұрлым табысты болады. Нағыз мұғалімді оның алған дипломы емес, жоғары адамгершілік қасиеттерімен бағаланады.

Ертеде үлкен ақсақалдар бата бергенде «Еңбегің жансын» деген сөздің түп мағынасын толық түсінбеуші едім. Енді өмірімнің 20 жылдай уақытында ұстаздық  етіп, осы сөздің мән-мағынасын толық түсініп, өн бойымнан өткіздім.

Осы барыста нағыз мұғалім-ол үнемі ізденіс үстінде, шығармашыл, жаңа форматтағы мұғалім екені қазіргі кезде барлығына белгілі.

Иә, ол қазіргі таңда жаңа ақпарат көздерін меңгерген, өз ісінің хас шебері, компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білетін маман болуы шарт.

Ізгілік, жан тазалығы тұрғысынан алғанда басқа мамандарға қарағанда, мұғалімдерге қойылатын талап өте жоғары. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мұғалімнің рөлі жоғары.

Ұстаз балаларға үлгі-өнеге болатын жан, сондықтан ол тау суындай таза болуға тиіс. Жас мұғалім мектепке келіп, сонда мәңгілікке қалса, ол-нағыз мұғалім!

Педагогика ғылымының қалыптасу тарихына сүйенсек, өмірінің соңына дейін ағартушылықпен айналысып, бар өмірін құрбан еткен көрнекті ұстаздар тізімін көруге болады. Олар: М.Монтень, Ж.Ж.Руссо, Л.Н.Толстой, К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, В.А. Сухомлинскиий т.б.

Менің оқушыларым алған білімдерін өмірінде қолдана алса, ол-өзінің мұғалімін ешқашан ұмытпайды. Пән сабақтарда ең алдымен, оқушының адамгершілік қасиеттері, мейірімділік пен аяушылық, жомарттық пен дарқандық қасеттерін қалыптастыру барысында жұмыс жүргіземін. Өйткені қазіргі жастар қатыгез, өз басын ғана ойлап, үлкендердің айтқан сөзіне құлақ аспайды. Осыдан әртүрлі жаман істер туындайды. Мұғалім оқушының жанын түсініп, ойын дамыта білсе, кемел болашағына сенсе, сонда  ғана оқушы табысты болатыны мәлім.

Мүмкін менің оқушыларым арасынан Александр Македонскиге ұқсап: «Әкем маған-өмір, ал ұстазым мәңгілік өлмес өмір сыйлады» деп айтар. Осы үшін мұғалім болуға, нағыз мұғалім болуға болады!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *