Ж.Жабаев «Балама хат»

Қазақ поэзиясынығ алыбы Ж.Жабаевтың өмірімен таныстыра отырып, Ұлы Отан соғысы жылдары жайлы түсінік беру, Отанға деген патриоттық сезімге баулу, батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелеу

Апта-1 Күн: 6.04.18 Сынып:  4 Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Менің өмірім. Ж. Жабаев
Сілтеме Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау, интернет.
Жалпы мақсат Ж. Жабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Сыни ойлау арқылы сөздік қорларын арттыру.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері Ж. Жабаевтың шығармашылығын білу.
Сабақта қаралған негізгі идеялар Ж.Жабаевтың өмірі жайында білу.
Тапсырмалар 1-әрекет:

Топтық, жұптық жұмыс

— Жамбыл кім?

— Жамбыл атында нелер бар?

Жамбылдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

2-әрекет:

Мәтінмен жұмыс. Кубизм стратегиясын қолдану.

 

 

3-әрекет:

АҚТ-ны қолдану.

Ақын атамыз артына не қалдырған?

(СД диск арқылы тыңдату).

4-әрекет:

Ж. Жабаевқа хат жазу

 

 

Ақпарат көздері мен құрал — жабдықтар Ватман, түрлі түсті маркер, презентация, бейнеролик
Мұғалім жазбалары І. Ұйымдастыру кезеңі.

Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Кең құшағын ашады,
Көлеңкесін тосады.
Көп қарағай, қарағай
Мейірбанды анадай.

Топқа бөлу. (Төрт жыл мезгіліне байланысты бөлу).

1 топ: Қыс
2 топ: Көктем
3 топ: Күз
4 топ: Жаз

ІІ. Жаңа сабақ

Балалар, қандай күйшілерді білесіңдер?

Жамбыл деген кім?

Ассоциация құру.

ІІ. СД дисктан күй тыңдату.

Балалар, бұл күйді тыңдағанда көзеріңе не елестеді?

Күйден қандай әсер алдыңдар?

Күй мен күйшінің айырмашылығы неде?

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

Өзара оқыту стратегиясы.

1. Мұғалім мәтінді бөлікке бөледі.

2. Адам орнын белгілейді.

3. 1-адам мұғалім рөлін орындайды.

Осылай мәтінді талқылайды.

Ақын атамыз артына не қалдырған?

(СД диск тыңдату арқылы Ж. Жабаевтың артына қалдырған естеліктерімен таныстыру).

ІҮ. Сергіту сәті

Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.

Сабақты қорыту.

Оқушылар Ж. Жабаевқа хат жазады. Хаттарын оқыту.

Рефлексия.

— Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?
— Бәрінен де неге риза болдың?
— Сіздерге ең оңайы не болды?
— Сіздерге не ерекше қиын болды?

Бағалау. Жұппен бағалау. Топтық бағалау.

Үй тапсырмасы Мәтінді оқу.Ж.Жабаевтың өмірі жайлы альбом жасау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *