Жұрнақ

Қаңтарбаева Жанар Болысбекқызы

Пәні Қазақ тілі

2 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:Жұрнақ.

Мақсаты:1.Оқушылардың қосымшаның бір түрі-жұрнақ туралы алған білімдерін кеңейту,пысықтау.

2.Қисынды ойлау алған білім, білік дағдыны қолдану қабілеттерін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа.бірін-бірін сыйлау мен тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктер;сылайдтар,үлестірмелі парақшалар,кеме макеті,т.б

Барысы;

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды отырғызып дәптер,кітап,қаламсаптарын дайындату.

Алдарына 3 түрлі сөз жазылған қима қағаздар тастаймын.(Өздерің қалаған түстегі қағаздарды алып орындарыңнан тұрыңдар.)

Психологиялық дайындық.

Бір ауыз сөзбен жақсы тілектеріңді айтып құмыраға гүлдеріңді салыңдар.Алдыларыңда жатқан қағазға қараңдар.Не деп жазылыпты?

(Қызыл түсті гүлдер)-түбір сөз тобы (қорғайды)

(Сары түсті гүлдер)-жұрнақ тобы

(Ал қызыл түсті гүлдер)-туынды сөздер тобы

Сабағымыздың ұраны;

Бәріміз біріміз үшін

Біріміз бәріміз үшін

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

5-жаттығу.Көп нүктенің орнына жұрнақтардың тиістісін қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Заңгер

2.Шаңғышы

3.Үлгім

4.Білімді

5.Жүлдегер

3.Сылайдты көрсету.

Мына жұмбақты шеше аласыңдар ма?

Ақ шатырлы бір қала

Суда жүзіп жүр дара   (кеме)

-Кемеге мініп көргендерің бар ма?

-Менде мініп көрмеппін.

-Кемемен саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Олай болса орталарыңнан капитандарыңды сайлап алыңдар.

1-топ.Жәнібек

2-топ.Асылжан           Капитандар

3-топ.Бақтияр

-Жақсы капитандарымыз бар,теңізіміз бар,ал кемеміз жоқ қой.Оны өз қолымызбен жасап алсақ қайтер.

-Олай болса алдыларыңызда жатқан конвертті ашыңдар.Ішінде тапсырма бар,дұрыс жазып берсеңдер кемеміз де дұрыс құралады.

 

 

3.1-топ.Түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөздер жаса.

2-топ.Түбірі мен жұрнағын ажыратып таудай,тазалық,ойыншық,астық,балалық,әдепті,жүлдегер.

3-топ.Шы,ші,лы,дық,ды,ді,гер жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.

Кемеміз шықты ма?

Олай болса кеттік!

Көк теңізде еркін жүзіп,жолымыз болуы үшін берілген тапсырмаларымызды дұрыс орындап,әдемі жазып,біркісідей жұмыс жасауымыз керек.

Олай болса дәптерлеріңді ашыңдар.(Көркем жазу сәті).Әдемі көркем етіп жазып шығайық

Бүгінгі күн санын жазайық.Оқулығымызды ашып 2-жаттығуға қарайық.

1-топ оқиды.1-сөйлемді тақтаға жазады.Мен-астаналықпын,Айбар-атыраулық,Сержан- шымкенттік,Елнұр-тараздық,Арман-өскемендік,(Мен жуалылық-өзімізді қосып қоямыз.) (сендер де спортпен шұғылданып,сондай жарыстарда жеңімпаз атаныңдар дегім келді.)

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық-экранға назар аударайық ,не көріп тұрмыз шыршы! Олай болса осы шыршамен бірге жаттығу жасайық.

Орнымызға отырамыз.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.Ауылдан шыққанымызға да біраз уақыт болды.Ауылды сағындыңдарма ?Ауылда жақсы көретін үй жануарларың барма? (ит, бұзау,құлын,мысық)

Ендеше экранға қараңдар.

 

«Құлыншақ» өлеңін мәнерлеп оқып,танысып алайық.(Жаттып алу ушін 2-минут уақыт беремін. )

(Жатқа айтқызамын)

-Туынды сөзді тап.(Туынды сөз тобы айтады.)

-Түбірі мен жұрнағын ажыратады.(Жұрнақ тобы)

-Осы сөздермен сөйлем құрастыр.(Түбір сөз тобы)

-Өте жақсы.

Саяхатымыз ары қарай жалғасады.

Кітаптарыңдағы 4-жаттығуға қараңдар.

1-топ 1-ші сөйлемді

2-топ 2-ші сөйлемді

3-топ 3-ші сойлемді көшіріп жазыңдар.

(оқып қарамен жазылған сөздердің қандай жұрнақ арқылы жасалғанын айтады.)

1-топ Әдепсіз деп кімді айтамыз?

2-топ Бақытты адам деп кімді айтамыз?

3-топ Инабатты деп кімді айтамыз?

5.Өте жақсы.Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

-Балалар біз бір қиындыққа тап болған сияқтымыз.Алдымыздан үлкен-үлкен 3 акула шықты.Олардың бізге қойып отырған бір шарты бар екен,сонда жолымызды ашамыз дейді.Орындаймыз ба? Онда экранға қараңдар.Мына сөздердің ішінен туынды сөздерді ішіне,жай сөзднрді сыртына теріп жазайық.

Ішіне       Сыртына    (плакатқа жазады.)

-Балалар біз бір аралға келіп жеткен сияқтымыз.Қараңдаршы бізді не қарсы алып тұрғанын . (маймыл)

-Биыл қандай жыл балалар?Мешін жылы.

 

-Маймылдың да бізге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.Орындап шықсақ осы аралға тоқтаймыз.Ол үшін капитандарымызды ортаға шақырайық.

Жәнібек-Түбір сөз дегеніміз не? (топтары да) Мысал келтір.(топтары да.)

Асылжан-Жұрнақ дегеніміз не, мысал келтір?

Бақтияр-Туынды сөз дегеніміз не? Мысал келтір (топтары да.)

«Сөз,оның құрамы» деген аралға келіппіз.

Сөздің құрамын атап жіберейік; түбір мен қосымша-жұрнақ пен жалғау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *