Жүректерді жылытқан жан жылуы

Кадирбаева Перизат Серикбаевна

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2016 жылғы 12 – тамыз күнгі №912 «Балалар мен жасөспірімдерді оқуға қамту шаралары туралы» бұйрығын негізге ала отырып, әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж оқушыларға көмек көрсету мақсатында мектебімізде 10.01. және 10.02. күндері аралығында Республикалық «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен  отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.

Акцияның алғашқы он күндігінде 4 балаға көмек көрсетілген болатын. Олар: Каховский Савелий және Каховский Александр, Бадырова Айдана, Усуалиев Джахангир. Жалпы сомасы 6000 теңгені құрады. Екінші онкүндікте 10 оқушыға материалдық көмек берілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 15000 теңгені құрады. Көрсетілген көмек түрлері: дәптер, қалам, қаламсап, акварель, түрлі түсті қалам, 1 қыстық сырт киім, 2 костюм шалбар ер балаларға, қыз балаларға көйлек, жылы кофталар. Қазіргі таңда акция аясында мектеп ұжымының атсалысуымен 21000 теңге көлемінде тұрмысы төмен отбасы балаларға көмек берілді. Ақпан айында Омаров Нұрлан, Умарова Динара, Рзағали Алтынай,  Умирбек Шыңғысхан, Ураимов Мирлан, Салиева Бихруза, Сағынбек Айдана, Салиева Тахмина есімді оқушыларға материалдық және кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді.

Акция аясында мектеп психологы «Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларынатренинг өткізді. Мақсаты:

1.Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру;

2.Кешіре білу қасиеттерін дамыту;

3.Мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Мектеп әлеуметтік-педагогы: Кадирбаева Перизат Серікбайқызы баяндама оқыды. Баяндама тақырыбы: «Қайырымдылық асыл қасиет!»

Оқушыларға кешілімділік, қайырымдылық тулары видеороликтер көрсетілді. Оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізіп, ат салысып отырды.

Сонымен қатар, 8 – 9 сыныптарға «Қайырымдылық – адам жанының нұры тақырыбында әңгіме, сынып сағаттары өткізілді. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілген «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына мектеп оқушыларының, ата-аналардың және мектеп ұжымының белсенді атсалысуымен аз қамтылған көмекке мұқтаж оқушыларға көрсетілген көмектің жалпы сомасы 28000 теңгені құрады.

Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты

Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: бақыт деген- барлық байлық емес пе?

Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»

Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.

Бірі айтады: «Бақыт деген- жүйрік мініп той тойлау»

Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.

Бірі айтады: «Бақыт деген- адал жар мен перзент қой!»

Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым

Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда

Үміт  үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,

Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!-

деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *