Жиындарды салыстыру. Тең жиындар

 

Сабақ тақырыбы: Жиындарды салыстыру. Тең жиындар Мектеп: №7
Күні : Мұғалімнің есімі: ЖулаеваА.А.
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды, бос жиындарды анықтайды, тең жиындар, бос жиын туралы түсінеді.
Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: Әр партаға:

қағаз;

геометриялық фигуралар топтамасы;

“тең жиындар”, “тең емес жиындар” деп жазылған­ парақтар;

 

жиындар тақырыбына слайд.

Тірек сөздер тең жиындар.
Сабақтың мақсаты: Жиындарды салыстыра білу дағдысын қалып­ тастыру,­ “тең жиындарға” түсінік беру, жиындарды теңестіру тәсілдеріне үйрету.

 

Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір жүру,

Қандай жақсы дос болу!

Сабаққа байланысты деректі материалдар  

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру мақсатында тренинг өткізіледі.

Төрт сурет бір сөз ойынының желісі бойынша топқа бөлінеді әрі,жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың мақсатын оқушылар өздігімен табады.

Көктем айларын тауып,ерекшелігін әңгімелей отырып, жиындарды салыстырады.  Көктемгі ауа райыв туралы айтылған кезде оқушылар көктем мезгілінде кемпірқосақтың шығатындығын айтады.

Сабақ желісі кемпірқосақтың түстерімен байланысты болмақ.

 

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Қызыл түстің тапсырмасы жиындарды құрастырады.Салыстырады.Сарғыш түстің тапсырмасы Сөйлейтін текшелер.Оқушылар ойланып сәйкес топтағы жиын элементтерін табады.

 

 

Сиқырлы үйшік тапсырмасы сары түсте.Бұл тапсырмада оқушылар сәйкестендіру арқылы жиынға байланысты санды табады.

Жасыл түсте сергіту сәті орындалады.

Бесінші көкшіл түсте Эйлер дөңгелегі арқылы  балықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын атап салыстырады.

Көк түсте жиынды теңестіреді.Көрнекі құралдар арқылы.

Қорытынды сұрақтар.Қалыптастырушы бағалау алынады.

Жиындарды салыстыр. Оқушыларға тапсыр­ маны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Тапсыр­ маны орындап болған соң өзара тексеруді ұйым­ дастырыңыз. Оқушылар жиындарды салыстырып, тең жиындардың арасына “=” белгісін, ал тең емес

жиындардың арасына “≠” белгісін қоюлары тиіс.

Артық элементтерді сызып, жиындарды теңестір. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауға­ уақыт беріңіз. Олар тапсырманы орындап болған соң тексеру үшін кері байланысты қолданыңыз­. (Мысалы: бір оқушы сызған затты атайды, ал басқа оқушылар келіссе, қолдарын жоғары көтереді, егер келіспесе, онда қолдарын көтермейді.)

Элементтерді қосып, жиындарды теңестір.

Тапсырма элементтер саны аз жиынға элементтерді толықтырып­ қосу тәсілі арқылы жиындарды теңестіру­ дағдыларын қалыптастыру үшін өз беттерінше­ жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар сабақ барысында­ жұппен және топпен жұмыс жасау кезіндегі алған

дағдыларын бекіте алады.

Тең жиындарды сызықпен қос. Оқушылар жиындарды­ салыстырып, олардың арасынан тең жиындарды­ тауып, сызықпен қосады. Өз бетінше жұмыс кезінде оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша алған білім, дағдыларын бекітеді. Орындау нәтижесі бойынша тақырыпты меңгеру деңгейлерін­ бағалаңыз.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

жиындарды салыстыруға болатынын;

жиындардың тең болатынын және тең бол­ майтынын;

егер олардың барлық элементтері мен саны бірдей болса, онда жиындардың тең екенін біледі.

Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау­ мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз:

— Екі жиынды салыстыруға бола ма?

— Жиындар қашан тең болады?

Сыныптан, мектептен немесе өздерін қоршаған­ ортадан­ тең жиындарға мысал келтіруді сұраңыз. Өз партасындағы­ тең емес жиындарға мысал келтіруді­ ұсыныңыз.

 

Бағдаршам арқылы кері байланыс ұйымдастырылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *