Желілік қоғамдастық

Бүгінгі күндегі педагог қызметкерлердің алдында тұрған күрделі және маңызды нәрсе – жаңартылған білім мазмұнын жүйелі енгізу барысында мектептің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал.

Білім беру саласы мектептердің жеке ұйымдастырушылық оқшаулау саясаты дамуға кедергі келтіретінін бүгінгі тәжірибеде көрсетіп берді.  Сол себепті мектептер арасындағы ынтымақтастық орнату, педагог қызметкерлердің мүддесі үшін Желілік қоғамдастық жұмысы ұйымдастыру маңызды болып отыр.

Деңгейлік бағдарламалар  курсының І деңгейінің мұғалімдеріне арналған нұсқаулықта «Мектептердің желілік қоғамдастығы – оқушылардың жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасындағы оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлау, жүзеге асыру және оның мониторингісін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы» деп атап көрсетілген. Желілік қоғамдастық – педагогтердің қарым-қатынас, оқу, біліктілікті арттыру құралы және тәжірибе алмасу алаңы. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді.

Мектептің негізгі ұстанымы: Сапалы білім, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру, өз елінің патриотын тәрбиелеу. Осы мақсатта Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының  2014 жылғы 30 маусым №313 бұйрығы негізінде кәсіби желілік қоғамдастық жұмысын жетілдіру мақсатында «Жетекші мектеп» жұмысы өз жұмысын бастады.

«Жетекші мектепті» құрудағы негізгі мақсат:

  • Жаңартылған білім мазмұны үрдісін және деңгейлік бағдарламалар бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сапасын мониторингілеу;
  • Деңгейлік бағдарламалар бойынша арнайы курстан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсетуге бағдар беру;
  • Жаңартылған білім мазмұнын енгізуде мұғалімдерге қолдау көрсету болып табылады.

Осы бұйрық негізінде қала бойынша магниттік мектептер бекітілді:

  • №2 ЖББОМ, Қ.Шыңғысов атындағы №5 ЖББОМ, №6, №9 Тірек (ресурстық) ЖББОМ, №14, №21 ЖББОМ, №133 НББМ.

Жетекші мектептердің Ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкес Магниттік мектептермен біріге отырып, бірнеше жұмыстар жүргізілді:

  • «Жарқын белес» кәсіби қауымдастық электрондық почтасы ашылды;
  • Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жұмысымен әдіс алмасу мақсатында «Әдістемелік десант» жұмысы жүргізілді;
  • Қала деңгейіндегі ашық іс-шара: «Тәжірибедегі рефлексия» көшбасшылар форумы және «Сәуір кездесулері» іс-шарасын атап өтуге болады;
  • Былтырғы оқу жылында мектебімізде «Тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша 2 мұғалім тренерлік курс сертификатын алып, мектеп бойынша сындарлы оқыту теориясының негіздерін  36 ұстаздың жұмыстан қол үзбей тәжірибелік курстан өтуіне жағдай жасалды.

Желілік қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті өызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылануына арналған форум, үздік педагогикалық тәжірибені тартуға арналған мәтіндік, видео материалдармен бөлісу бөлімі жұмыс істейді.

Желілік қоғамдастықтағы барлық мәселелерді шешуде құрамдағы барлық мектептер ең бастысы сенімділікпен, бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Мұндағы негізгі мақсат жеке дара оқшауланып қалып қоймай, білім ресурстарын ортақ пайдалану болып табылады. Тиімді ұйымдастырылған желілік қауымдастық мұғалімдерді өзара оқытуда жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Кәсіби ынтымақтастықта дамыту балардың өмірі мен білімен түрлендіруші өзгеріс енгізудің дара жолы болып табылады.

Магнитті мектептеріміз шалғайда болғандықтан құрылған «Жарқын белес» атты электронды байланыс жүйесі арқылы, іс-тәжірибемізді алмасып отыруға шешілген мүмкіндіктің дәлелі мына слайда көрініс табады. Онда мектеп тәлімгері мен тәлімалушыларының іс-әрекеті  және оқыту процессі кезіндегі оқушылармен  қарым-қатынасы бейнеленген.

Бізде — мектеп ішінде деңгейлік мұғалімдерден шығармашылық (фокус) — тобы құрылып,  Әрбір деңгейлік мұғалім шығармашылық тақырыппен жұмыс жасайды. Шығармашылық топ мұғалімдері өз тәжірибелерімен алмасу мақсатында тәлімалушыларға «ҚМЖ» құру, критериалды бағалау, дарынды балалармен жұмыс тақырыптарында ықшам сабақтарын көрсетті.

 

Мақсатымыз:  «Үйрете отырып өзара үйрену» кәсіби қауымдастығымен әдіс-тәсілдер алмастырудамыз. Нәтижесі барлық мұғалімдермен тепе-теңдік ұжымын құрып, білімді де, алған білімдерін кез-келген ортада пайдалана алатын тұлға дайындап шығару.

Енді «Біздің мүмкіндіктеріміз»:

«Нәтиже құны — өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі» екенін біле отырып: 

  • Жетекші мектеп аясындағы жұмыстарды жетілдіру;
  • Өзара тәжірибе алмасу;
  • Мүмкіндіктер мен проблемалардың ортақ шешімін табуға әрекет жасау;
  • Ресурстар, өнімдер т.б. жинақтау.

 

Оқытудың сапасын жақсартып, істеп жүрген жұмысымызды өзгертуде негізгі міндеттерді мұғалімдердің атқаратындығы белгілі. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі ғана оқыту мен оқуды өзгерте алады. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бағдарламаның мазмұны мен міндеттерін білетіндіктен, мұғалімдерге үйретіп, сабақтарына көмектесе алады. Сондықтан алдағы уақытта тәлімгерлік жұмысты жалғастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіруде, олардың тәжірибесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен жұмыс істеу дағдыларын енгізіп, «Іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісін дамыту керек.

Жалпы алғанда, ағылшындық педагогтардың ең бір жақсы ұстанатын қағидасы бар. Ол «бәрі қарапайым болу керек».

Кембридж университеті әзірлеген және құрастырған Бағдарламада көптеген терминдер бар. Егер ол терминдерді жете түсінбесек, онда Бағдарламаны да жете түсінбейтініміз аян. Осыған сәйкес тыңдаушылармен теориялық жұмыстар жүргізу барысында жиі кері байланыс жүргізілуі тиіс.

Қорыта келгенде, «Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деген М.Жұмабаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, «Басқаларды үйретуден, біздің өзіміз де үйренуге жалықпайық» деп ұлы философ Сенека айтқандай, үйретуге, үйренуге жалықпай еңбек ете беру керек деп түйдім.

Ендеше, білім берудегі бәсекелестікке мен де өз үлесімді осы деңгейлік курста жетілдіріп, әріптестерміе сенім арта және сендіре отырып, өз педагогикалық тәжірибелерін уәждеп, бірлесе әрекетесіп өз мектебімнің аз да болса өзгеруіне көшбасшылық қасиетімді көрсете отырып үн қосамын деген ойдамын.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *