Желтоқсанға тағзым

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.
Желтоқсанды қастерлеу турасында  қазақтың Мұхтары осылай жырлады. Желтоқсан қазақ үшін қадір мен қасиетке, қуаныш пен мұңға толы ай. Қуаныш пен қадірі тәуелсіздік күні осы айға белгіленіп, дәл осы айда қазақ елі еркіндігін алып. ел болды. Бізді мұңайтатын дүние қыршын жастарымызды Желтоқсанның ызғары шарпып өтті.
1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. «Қазақ» деген қаным бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?! Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өтті. Саяси қуғын-сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты. 70 жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын шығарды. Қазақ хандарының, билерінің, батырларының рухы халқына кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты. Иә, өткенге салауат… Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа батыл қараймыз.
Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.
«Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», — деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов.
Желтоқсан бізге тәуелсіздікке жақындатқан қастерлі ай. 16-желтоқсан біз үшін, қазақ елі үшін қастерлі күн. Желтоқсандықтардың ерлігін есте тұтып, тәуелсіздігіміздің әрбір күні үшін, желтоқсан батырларына , желтоқсан жастарына тағзым ете жүрсек, бұл біздің ұрпақтың тектілігі боп қалары сөзсіз. Желтоқсан-біздің жадымызда арымыз болып, бағымыз болып, егемендігіміздің бір белгісі болып сақталады.

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Жалпақтал балалар өнер мектебінің оқытушысы

Қажкенов Нүркен Амангелдіұлы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *