Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Акдаулетова Сауле

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдаулары жаһандық өзгерістерді есепке ала отырып, алдағы болашағы бұлынғыр жолдарымызды айқындап, қажетті бағыттарды беріп отырады. Елбасымыз «Болашққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында халыққа еліміздің Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруды міндеттеді. Ол бірнеше бағыттардан құралды.Жаңа Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне  біз «Қазақстан -2050 стратегиясы», «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары арқылы жетуіміз керек. Жолдауда  бес негізгі басымдық, осыған сай бірнеше бағыт айқын анықталды. Олар; 1.Бәсекелік қабілет,2.Прагматизм,3.Ұлттық бірегейлікті сақтау,4.Білімнің салтанат құруы, 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.6.Сананың ашықтығы.

Білімнің салтанат құруы бағытында айтып өткендей «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген.Сонымен қатар Елбасымыз атап өткендей әр адам баласы «Үздіксіз білім алуы керек».Бұл білім беру саласында қызмет ететін әр буын өкіліне арналып айтылған сөздің бірі.                               Мамандықтар ішінде ең қасиеттісі,баға жетпес жаһұты-ол ұстаз.Ұстаздық жол-ұлы қасиет. Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан». Әр жас ұрпаққа білім беріп,оларға  өмірлік бағыт беріп, мына өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосатын ол-мұғалім.                                                                                                                         Жас ұрпақ бойына адамгершіліктің дәнін еккен,айналасына жарқын жүзімен қуат беретін,әр шәкіртіне нұрын төгетін,қиындығы мен қызығы қатар келетін ұстаздық жолды менде таңдадым. Алға қойған мақсатым-үнемі іздене отырып еңбектеніп, білікті ұстаздар қатарына қосылу.Өзім қатарлас жастарды алға тарта отырып, өркениетті елдің болашағына көмек қолын ұсыну. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық» десе, сол күйсандықтың кілтін тауып, ашу ұстаз міндеті. М.Шаханов атамыз айтқандай әр баланың жүрегіне жол таба алсақ ұстаздық еңбектің зая кетпегендігі деп ойлаймын. Данышпан бабаларымыз айтқандай, «Мұғалім-мектеп жүрегі» болса, мектеп мемлекет тірегі. Сондықтан да білім беру ордасында еңбек ете жүріп, дарынды бала көзін ашуда менің міндеттерімнің бірі.Қазір жас маман болсам да, болашақта ұлағатты ұстаз болу арманым. Ұлағатты ұстаз болу үшін, талмай еңбек етіп,ойым ұшқыр, білім-білік деңгейім жоғары дамыған, өз пәнімді жетік меңгерген,кез-келген жағдаятқа бейім, қабілетті болуым керек. Мұғалім,өз білімін үздіксіз жетілдіріп отырса ғана тәжірибелі мұғалім.Біздің әр күні өткізер  сабағымыз елімізге өз үлесін қосар пайдалы ,әрі қажетті дүние болу керек секілді. Біз күнделікті білім беру арқылы , оқушыларға елбасымыздың идеяларын жүзеге асыру жолдарын ұсынуымыз қажет. Айтар болсақ, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ,«Бір кітап-бір аймақ» акциясы арқылы оқушыларды кітап оқуға баулысақ.Кітап оқу арқылы оқушылар дүниетанымы да толығып,өзгерері анық.Мен өз музыка пәні сабағымда бұл акцияны қолға алғанмын. Елбасымыздың «Туған жерге туынды тік» идеясы бойынша оқушыларды туған жерді көркейтуге  жұмыс жасатсақ. Осы бағдарлама аясында мен  5–сынып оқушыларымен сабақ өттім. Ол сабақта оқушылар өз туған жерлері жайында әңгіме өрбітіп, нәтижесінде болашақта өз туған жерлерін қалай елестете алатындары жөнінде   ойларын суреттеп берді.                                                                                                                                  Еліміздің ертеңі жас ұрпақ қолында болса,жас ұрпақтың тағдыры,болашағы мұғалім қолында. Сол себепті де осы жауапгершілікті әр мұғалім сезінсе,мемлекетіміздің қорғаны мықты болары сөзсіз.

Константин Дмитриевич Ушинский «Мұғалім-өзінің  білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген болатын. Мен өмірлік жолымда екі қасиетті жаныма серік етемін.Ол қажымас қайрат пен батылдық.

«Білімді болуға-оқу керек, бай болуға- кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек» деген екен Ахмет Байтұрсынов атамыз. Ендеше, бабалар салған сара жолмен жүретін болсақ, өрісіміз кеңейіп, қанат жайып өркендеп,ұлан-ғайыр дүниеге айналары сөзсіз.

«Бір тіл білсен – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні анық. Мәселен, ғұлама Әбу Насыр Әл- Фараби жетпіске жуық тіл білгені тарихтан белгілі. Өйткені, ғылым мен білімнің дамуы да тілді үйренумен тікелей байланысты. Өз тіліңді сыйламау, түп – тамырыңды білмей, басқаны бағындырам деу- бекершілік. Ана тілі, қазақ тілін осы елдің жерін басып жүрген тұрғындардың бәріне білу міндетті. Үштұғырлы тілдің негізгі тұғырында туған тіл тұруы тиіс.

Үштұғырлы тілді менгеру – заман талабы. Бүгінгі күні өмірдің барлық салаларында ағылшын тілін меңгерту қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан мектептерде қазақ, орыс және ағылшын тілін оқыту тәжірибесінің енгізілуін өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдаймын.

«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы-сол істі жан-тәнімен сүю» деген екен. Әр азамат бақытты ғұмыр сүрсем,арманыма қол жеткізсем деп тілейді.Мақсатының орындалуын асыға күтеді. Соның жолында еңбек етіп,тер төгеді. Сол сияқты шәкірттерінің әр жетістігіне қуану, өз жемісінің жеңісін көру –ұстаз үшін ең үлкен бақытты сәттің бірі. Мен де осы бақытты сәтке қол жеткізсембе деген арманым бар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *