«Жаңа бағыт, жаңа білім»

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — ұстаз. Ізденімпаз ұстаздың шығармашылығындағы ерекше тұсы — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Және заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады. Оқушылардың ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту басты проблеманың бірі. Күнделікті сaбақтағы бір сарындылық оқушының ынтасын, қызығушылығын жоғaлтатыны айдан анық. Л. Н. Толстой «Ұлы мүмкіндіктердің баршасы — балалардың бойында» деп айтқандай дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушылардың бойындағы жaқсы дәрежедегі қасиеттерді қaлыптастыруға , пәнге деген қызығушылығының артуына, адaмдар мен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді, зейінін арта түседі және есте сақтау қабілетін дамытады. Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту, дамыту өте маңызды. Ол үшін оқытушыда дарынды бақылаушы болуы қажет. Талантты және дарынды тұлғаларды оқытуды дамыту үшін топтық жұмыстарда ашылмаған сыры көп, талантты және дарынды оқушыларды да анықтау оңайға түсе қоймасы анық. Елбасымыздың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» -деген сөзінде үлкен мән жатыр. Яғни болашақ ұрпақты жан жақты етіп тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Осыған орай қазіргі заман талабына сай замануи білім беруде ақпараттық комуникациялық технологияның алар орны ерекше. АКТ-ны қолдану арқылы болашақ ұрпаққа білімді жаңаша түрде беру мүмкіндігіне, өздігінен іздене отырып білім алуға,білім беру саласында оқушыларды жан жақты қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында қолданыста АКТ-ның түрлері бұл әлеуметтік желісінде, комьютер мен интербелсенді тақта екені баршамызға мәлім. Компьютерді пайдаланa отырып әлеуметтік желісінде түрлі олимпиадаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады және кез келген ақпаратты іздей отырып өзінің ой өрісін дамыта алады.Осы бағдарламаны қолдана отырып оқушылардың ізденіс шеңбері кеңейеді деген ойға келдім.АКТ оқушыларға пән бойынша ғылыми ұғымдарды түсіндіру,осы ұғымдарды қолдануын және түсінуін жеңілдетуге мүмкіндіктер беріп,ұстаздарға да көмекші құрал болып табылады. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала–ертенгі жаңа әлем.Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші – адам.Осы бағдарламаны тиімді пайдалану оқушы үшін де, мұғалім үшінде аса маңызды.Мұғалім сабақты жоспарлап, білім беруде жан жақты ізденіп, оқушыларды түрлі ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. Мысалы сабақта интернеттен алынған ақпараттарды,видеороликтерді,электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқушыларға қосымша түрлі ақпараттар бере отырып сабақты түрлендіре өте аламыз.Тағы оқушылардың өз беттерінше ізденіп жұмыс жасауына да мүмкіндік туғыза аламыз.Оқушыға бір тақырып бойынша тапсырма берсек олар осы тапсырманы орындауға қызығады.Себебі тапсырманы оларға мұғалім айта салғаннан гөрі өз беттерінше ізденген қызықтырақ, олардың пәнге деген қызығушылығы артады.

Қорыта айтқанда, сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әлеуметтік ғаламтор желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер аша аламыз. Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық-компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *