Жаңашыл сабақ, жаңашыл ұстаз. (Эссе)

Музапарова Дидар Баяхметовна

Мен, Дидар Баяхметқызы 19 жыл ұстаз болып еңбек етіп келемін. Соның ішінде әдіскер болғаныма төрт жылдай болды.Ұстаздық мамандықты жүрек қалауыммен таңдадым. 1994 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы институтқа түсіп, 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған жанмын. Қазіргі уақытта тарихы терең, еліміздің шығысындағы кәсіби білімнің қара шаңырағы –М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде еңбек жолымды жалғастырудамын.  Студенттерді  білімге, шы­ғармашылыққа, еңбек­сүйгіш­тікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа тех­но­ло­гияларды қолдану арқылы шығар­ма­шылықпен жұмыс іс­тейтін ұстаз екенімді көрсету үстіндемін. Әдіскер болғандықтан ерекше ұнайтыны машықкерлермен жұмыс.Оларға қазіргі жаңа заман талабына сай әдіс-тәсілдерді үйрете отырып, білімділікке шыңдап жүрмін. Дәстүрлі сабақтардан көрі заманауи сабақты дамыту керекпіз. Ол үшін жаңа ресурстарды қолдана білу қажет. Заманауи сабақ –қазіргі сабақ :(оқушы өзі),бәрін үйренуге болады,белсенді қызмет орталығын құрушы,қадағалаушы,тер төгіп жұмыс істеуші,менеджер-ұйымдастырушы болулары керек. Жаңашыл мұғалім – нұсқаушы. Біздің студенттер сабақтарын үнемі түрлендіріп, оқушы назарын тек өзіне аударта біледі.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Ұстаз әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Абайдың осы  өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда жастарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізетініміз сөзсіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *