Жаңашыл мектеп, жаңашыл мұғалім

Пірімбетова Салиха

Баланың ынтасын арттыру үшін,
оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек.

Ж.Аймауытов.

Мен осы уақытқа дейін елімізде білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын  көп байқамаппын.Педагогикалық шеберлік орталығында мұғалімдердің  біліктілігін арттыру курсында оқып ,мектепке яғни білім беру саласындағы болатын өзгерістерді оқып танысқаннан кейін болашақта үлкен жетістіктерге жететінімізге көзім жеткендей болды. Себебі мектептегі тәжірибе кезеңінде мектепті дамыту жоспарын жасап жүзеге асыру барысында біршама жұмыстар атқардық. Шеберлік орталығында бізді оқытып, тәжірибе жинақтауымызға көп енбек сіңірген тренеріміздің   арқасындамектебімізде енгзілген өзгерістерді қиналмай жүзеге асырдық десем болады. Әрине бірден білім беруде өзгеріс енгізе салу оңай шаруа емес ,олүшін алда көп жұмыстар атқаруымыз керек. Мен мектебімде шығармашылық топ құрып оған шебер мұғалімдермен ,1-2 денгейлі бағдарламаны аяқтаған мұғалімдерді қостым. Мектеп мұғалімдері толықтай оқыта отырып ,сындарлы оқытуға білім беруге көшіруіміз қажет деп ойлаймын. Мұғалімдергесыныпта топтық жұмысты жүргізуді,сыни тұрғыдан ойлануды, диалогтік оқытуды, АКТ ны сабақта пайдалануды, толықтай меңгертуіміз қажет.Міне осындай әдістер арқылы берілген білім       ғана ,сыни ойлай алатын, проблеманы өздігінен шеше алатын, шығармашылық ойлауы қалыптасқаноқушыны қалыптастырары хақ.Оған менің мектептегі тәжірибие кезенінде көзім толық жетті.Өзім сабақ  беретін 4-ші сыныпқа топтық жұмыс жүргізе отырып ,БЛУМ таксономиясы арқылы сабақ өткенде,қойылған сұрақтарға жауап беруде сыныптың ең жақсы оқушыларының өзі қиналып қалды.Дегенмен оқушылардың топта жұмыс істеуге қызығушылығы артып, сыни ойлау қабілеті, шығармашылық қабілеті арта түскенін байқадым.Барлық мұғалімдер сындарлы білім беруге көше отырып,диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс жүргізу және сабақта оқытудың интер белсенді әдістерді пайдалансақ оқушы білім сапасы артып,мұғалім беделі артады деп ойлаймын.Әрине білім берудің басты мақсаты адам өмірде үздіксіз оқып үйренуі керек, сол үшінмектепте өздері оқып, өздері ізденіп, өмірде пайдалануға тәрбиелеуіміз қажет. Білім беру бағдарламасының жаңаруы әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауатты тұлға қалыптастыру жаңашыл мектептің басты міндеті  екенін түсіне отырып, алда талай шығармашылық  жұмыстардың тұрғанын  сезіне бастадым .Дегенмен, алдағы өмір талабы осылай екенін біліп ,сезіну мен үшін  алда асулардың  қиындығы мен қызы мол болады деп ойлар мазалайды …

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *