Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы

Төлегенов Сухраб

Бүгінгі күнде қоғамның дамуы, оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал – білім. Сондықтан білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, оның қоғамдық пікірлерді ескере келе жасалғандығын түйсіну, сондықтан оны қолдау әрбір басшының міндеті. Соған сәйкес мақсат қойылып, іс-қимыл жоспарларын үйлестіру тәжірибеден белгілі.

Бала тәрбиесі – өте күрделі, нәзік те жауапты іс екені баршаға аян. Сол себепті де мұғалімнің алдында жасөспірімдерді қалай оқыту, олардың әрқайсысының бойына Отанға сүйіспеншілік, қоғам игілігіне еңбек ету қажеттігін қалай қалыптастыруға болады деген сұрақтар тұруы заңды. Ендеше кәсіби орта білім беретін орында  мұғалім басты тұлға. Болашақ кәсіби білім алған азаматтың қандай болып шығуы оған білім мен тәрбие беруші бүгінгі мұғалімнің сапасына, білімділігі мен іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты.

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі — білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз — белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі — жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы кәсіби орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Кәсіби орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

  1. Пәннің маңыздылығы;
    2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
    3.   Шетелдік саясатты іске асыру;
    4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
    5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
    6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
    7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
    8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
    9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
    10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
    2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
    3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
    4. Мұғалімдердің бойында кәсіби орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

— Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
— Мұғалімдердің кәсіби орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан жаппай өтуіне ықпал ету қажет. Себебі ондағы жүргізілетін тиімді әдіс-тәсілдер — педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауы жолға қойылған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы — озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында әрбір білім беруші бар күш жігерін салып, еліне пайдасын  тигізіп жатса, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *