Жақсылық жасай білеміз

Өзін-өзі тану Тәрбиеші:Кокышева Балжан Турарбековна
Сабақтың тақырыбы Жақсылық жасай білеміз
Сілтеме Өзін-өзі тану оқулығы,ғаламтор,әдістемелік құрал.
Жалпы мақсаты Сабақтың мақсаты: «Достық» , «Үйлесімдік» құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту, шынайы дос болуға баулу.

Сабақтың міндеті: Балаларды бір-бірін құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, үлестірмелер.

Оқу нәтижелері Балалар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін  айтып, қорытуға үйренеді.  Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады.
Көрнекілігі Ақ қағаз, оқулық,үлестірме материалдар, жеке суреттер.
Тапсырмалар АКТ. «Жұбын тап» ойыны.  Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. Венн диаграммасы.
Сабақ кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың

 әрекеті

Ресурстар
Ұйымдастыру

 

 

Топқа бөлу

Бейнеролик көрсету арқылы сергіту сәтін орындату.

Тыныштық сәті.

Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

 Топ ережесін қайталап, еске түсіру.

Балалар

қимыл- қозғалыстарды қайталайды.

АКТ

 

 

 

Топ ережесі жазылған постер

Білу Жақсылық жасай білеміз Балалар берілген тапсырмаларды орындайды Тақта

Жеке  сөздер жазылған  қағаздар

Түсіну Мәнерлеп оқу

Мазмұнымен танысу

Балалар  іштей, дауыстап, тізбектеп оқиды. «Өзін-өзі» оқулығы.

 

 Қолдану Жаңа тақырып  бойынша тапсырма

1 топ: сурет салу

2 топ: өлең жазу

3 топ: коллаж

Өлеңге сүйеніп  сурет салады. «Өзін-өзі тану» оқулығы

Ақ қағаз, қарындаштар

 

Талдау Кестемен жұмыс Балалар топпен сол сөздерді тауып жазады. оқулық
Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

 

 

Енді , балалар, «Мақалдар жарысы» өткізейік. Балаларға мақалдың басы бар,ал аяғын өздері табу керек.

1.Досың жоқ болса, ізде, … …  … ( тапсаң оны жоғалтып алма)

2.Жүз теңгең болғанша ,… … … ( жүз досың болсын)

3. Бірі бәрі үшін … … …  (бәрі бірі үшін)

4. Адам доссыз болмайды … … … (ағаш жапырақсыз болмайды)

5. Достық —  шыны сияқты, сындырсаң … … … (оны құрай алмайсың)

6.Өзің жақсы жолдас болсаң, … … … ( досыңда көп болады)

Балалар сергіту жаттығуларын жасайды
Жинақтау «Жүрдек пойыз» топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады. Тақтаға шығып тапсырманы орындайды Тақта
Рефлексия Тыныштықта отыру.

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Балалар пікір-

лерін жазады.

Стикерлер
Келесі тапсырма Дәйексөзді жаттап алу Мазмұнын талдайды «Өзін-өзі» оқулығы.
Бағалау. Жиынтық бағалау: балалрды  мадақтап, бағалау. Смайликтерді санайды. смайликтер

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *