Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі.

Сабақтың тақырыбы:   Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі.

Сабақтың мақсаты: Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістерін білу

 

Білімділік: Оқушыларға жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы, жапырақтың қызметі, түрлері, жапырақтың жүйкеленуі және түрөзгерісі туралы білім беру.

Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденпаздығын, жауапкершілігін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Зерттеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұтымды ойлауға, белсенді қимылдауға, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  таратпа материалдар, тірек сызбалар, кеппешөп, бөлме өсімдігі

Сабақ өткізу әдісі:  тірек-сызба, топтық жұмыс, сызықтық тест, графикалық диктант, кесте.

Сабақтың жоспары:

.

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, түгендеу;

Ә) Жаңа сабаққа зейіндерін тұрақтандыру

II.Үй тапсырмасын сұрау ( сұрақ-жауап, кесте)

  1. Өркен дегеніміз не?
  2. Буын және буын аралығы деп нені айтамыз?
  3. Бүршіктің орналасқан жеріне байланысты неше түрі бар?
  4. Бүршіктің ішкі құрылысы?
  5. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің қандай айырмашылығы бар?

 

Миға шабуыл : Жұмбақтың жауабын табу арқылы.

Көктемде тұрады бұтаққа асылып

Күзде жерде жатады шашылып         

                                             (жапырақ)

Улы газ да, су да оның қорегі,

Тіршілкке қоректік зат бөледі

                                             (жапырақ)

III.Жаңа тақырып:   Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.Жапырақтың мөлшері әртүрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3-10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1-5 м, ені 40-50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10-20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әртүрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әртүрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның жасушаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.  

Жапырақтың түрөзгерісі. Түрін өзгерткен жапырақтар: тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақтар əртүрлі қосымша қызметтер атқарады. Мысалы, түйетікен мен шағыртікеннің жапырақ тақтасының жиегіне жеткен жүйелерінің ұшы тікенге айналады. Кей жағдайда өсімдіктердің бүршіктері мен жапырақтары да түрін өзгертіп тікенге айналуы мүмкін. Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналғандарға: сарыағаш, кактус, кəріқыз жатады. Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік — итмұрын. Тікенекті жапырақтар малға жем болудан қорғана алады жəне суды аз буландырады.

 

IV.Бекіту: 3 топқа жеке-жеке тапсырма беру                                 

1-тапсырма:  берілген өсімдіктерді жапырақ пішіндеріне қарай ажыратып, тиісті тобына реттік нөмірін жазу

  1. Қарабидай
  2. Гүлшетен
  3. Қарағай
  4. Шырша
  5. Шырмауық
  6. Жөке
  7. Жүгері  

 

Таспа тәрізді

 

Жебе тәрізді

 

Қылқанды немесе ине тәрізді

Жүрек пішінді

 

 

 

 

 

2-тапсырма :  Графикалық диктант  «V»   дұрыс,  « — » қате.

1.Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.

2.Жапырақта органикалық заттар жиналмайды.

3. Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады.

4. Егер бір сағақта екі немесе одан да көп тақтасы болса бұл жай жапырақ.

5. Сағақсыз жапыраққа терек, қайың, емен жапырақтары жатады.

6. Көбеюге қатысады.

7. Жапырақ қор затын жинамайды.

3-тапсырма:  Сәйкестедіру тесті.

1. Үш құлақты күрделі                        итмұрын

2. Тақ қауырсынды күрделі                шырмауық

3. Жұп қауырсынды күрделі              қарағай

4. Ине тәрізді                                       беде

5. Бүрек тәрізді                                   асбұршақ

6. Жебе тәрізді                                    бегония

 

V. Үйге тапсырма: § 16,17    (40- суретті салып келу.)

VI. Бағалау

VII. Қорытындылау:  Жапырақ туралы түсініктерін баяндау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *