Жапырақтардың жерге түсуін бақылау  

 

  Жапырақтардың жерге түсуін бақылау

 

Мақсаты: Балаларға күзгі табиғат ерекшеліктерін түсіндіріп, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. Жапырақтар жерге неге түседі? Бұл туралы балаларға мағлұмат беру.

Тапсырма: «Күзгі кілем» атты тақырыпқа опликация жасау.

Сұрақтар:

Ағаштар мен бұталардың жапырақтары қандай?

Жапырақтары ең көп түскен ағаштардың атын атаңдар?

Ал қандай ағаштар мен бұталардың жапырақтары әлі жасыл?

Ағаштардың жапырақтары неге күзде түседі?

Бұл құбылысты не деп атаймыз?

 

Көркем сөз:

Жапырақтар саулайды

Ағаштың басынан.

Ұшып жатыр жан – жаққа

Шегетіндей тау қайғы

Бұлақтарда тасыған.

 

Қимылды ойын: «Ормандағы аю»

Мақсаты: Ойынның шартын бұзбай, бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайтып ойнау.

Еңбек: Жерге түскен жапырақтардан әсемді күзгі гүл шоғын жасау.

Мақсаты: Балалардың әсемдікке деген талғамын қалыптастыру.

Қимылды жаттығулар: Баскетбол ойынындағы жаттығуларды жасап үйрену.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *