Ашық сабақ Пәні:Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны мен оқу-әдістемелік қамтылуы Тақырыбы:Өзін-өзі тану сабақтарындағы рухани тану әдістері Дайындаған:Орынбасарқызы Жанбала

Пәні:Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны мен оқу-әдістемелік қамтылуы

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарындағы рухани тану әдістері

Сабақтың мақсаты:

а      Білімділік: Білім алушыларға өзін-өзі тану пәнінде қолданылатын рухани тану әдістеріне шолу жасау арқылы жеке тұлғасын таныту, пәнге деген  қызығушылықты ояту;

б     Дамытушылық: Студенттердің талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту; 

в     Тәрбиелік: Білім алып есейгендігін, адамзатқа қызмет ету жолында өздерінің кім екендігін, қандай нәрсеге талпыну қажеттігін ұғындыра отырып, өзін-өзі жан-жақты қалыптастыруға тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Аралас  

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, топтастыру әдісі, сұрақ-жауап, ой қозғау, проблемалы оқыту, сөзжұмбақ, ойын, кері байланыс

Сабақ көрнекілігі: презентация, плакат, үлестірмелі қағаздар, өзін-өзі тану кітап-журналдарынан көрме.

Пәнаралық байланыс: Педагогика, психология, өзін-өзі тану, рухани адамгершілік білім беру негіздері

 

Сабақ барысы:

I.            Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

1.     Топ студенттерімен амандасу;

2.     Топ студенттерін түгендеу;

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері (топқа бөлу)

II.            Үй тапсырмасын сұрау (8 мин.).

Топтан үйге берілген тапсырма бойынша постер қорғау

         1-топ. Аудиториядан тыс жұмыстың ерекшелігі

         2-топ. Аудиториядан тыс жұмыстар қандай формаларда жүзеге асады?

         3-топ. Аудиториядан тыс сабақты ұйымдастырушы қызметінің негізгі бағыттары қандай?

         4-топ. Өзін-өзі тану пәнімен байланыстырып Аудиториядан тыс сабақтар өткізу формалары

 

 

III.            Қызығушылығын ояту 2 мин.).

Өсиет әңгіме «Жақсы адам тәрбиелегің келсе, оны жақсы көр… »          

IV.            Жаңа сабақ  (12мин)

«Өзін-өзі тану» пәнінде көзделетін басты мақсат — әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу. «Өзін-өзі тану» пәні баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.

Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, дәптермен жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай үстелдерді алуан түрлі етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) орналастыру қажет.

Сондай-ақ, міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал етеді. Пәннің мазмұны төмендегідей оқытудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».

 

V.            Жаңа сабақты бекіту  

Топтық тапсырма әр топ өздеріне түскен әдісті топ болып дайындала отырып, сол әдісті жүргізу (10 мин.).

 

VI.            Қорытынды.

Бүгінгі өткен тақырыпта түсінгендері бойынша сәйкестендіру кестесін толтыру (3 мин.).

VII.            Үйге тапсырма (1 мин.).

 Тақырып мазмұнын баяндау, жаңа әдіс дайындау.

VIII.            Бағалау (1 мин.).

IX.            Кері байланыс (1 мин.).

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *